Жалпы ақпарат. Гравирлеу дегеніміз - механикалық әдіспен немесе қолмен шыны, ағаш, тас, металл беттеріне жазулар, өрнектер, суреттер салу. Бұндағы суреттер дөңес (рельефті) немесе ойыс болуы мүмкін.
XXI ғасырда «лазерлік гравирлеу» деп аталатын жаңа технология пайда болды.
Сізге қандай өнім қажет? Металдан ба, ағаштан ба, шыныдан ба, пластиктен әлде теріден бе? Құрал-жабдықтар көмегімен қызмет көрсетудің кең спектрін орындауға болады. Мысалы: жарнамалық немесе сувенирлік өнімдерге фирмалық белгілерді, логотиптерді салу, зергерлік бұйымдар мен неке жүзіктерін, ноутбуктер мен компьютерлердің пернетақталарын, телефондарды гравирлеу, өндірістік маркировка, жапсырмаларды жасау, теріні лазерлік гравирлеу, лазерлік кесу, ағашты лазерлік гравирлеу, кеңселік тақталарды дайындау, бейдждерді дайындау, мөр дайындау, т.б.
Ғимарат. Бұл бизнесті жүзеге асыру үшін сізге ауданы шамамен 20-30 м² бөлме қажет. Дүкеннен, сауда немесе бизнес орталығынан орын жалға алып, гравирлік шеберхана ашуға да болады.