4. Болжамды есептеулер. 4.1. Шығыстар: Қаржыңыз, негізінен, полимерлік сазбалшыққа жұмсалады. Бір қаптамасы орта есеппен алғанда, 520-900 теңге тұрады. (бір қаптамадан шамамен, кішірек өлшемдегі 25-35 әшекей шығады). Жарнама шығыстары – 3 000 теңге. Барлығы: орта есеппен 4 000 теңге.
4.2. Табыс: Полимерлік сазбалшықтан әшекей жасаудың еш қиындығы жоқ екендігіне көз жеткіздіңіз. Ал одан не жасау, қандай зат жасау тек қана сіздің шабытыңыз бен қиялыңызға байланысты. Мұндай шығармашылық жұмыспен айналыса жүріп айтарлықтай табыс табуға әбден болады. Мысалы: бірегей данадағы авторлық алқа шамамен, 2 500 – 4 500 теңге тұрады. Бір айда сіз 15-40 алқа, сырға, білезік жасай аласыз. Шығыстар, тіпті жоқ деп айтуға болатынын есепке ала отырып, мұндай кәсіпкерлікті табысты деп қорықпай айтуға болады.
5. Пайдалы сілтемелер: http://rabotayem-doma.ru/plastika-izdeliya-iz-polimernoj-gliny/ http://artmania.kz/node/225 http://home.passion.ru/l.php/lepka-iz-polimernoi-gliny.htm http://www.hobiz.ru/ideas/culture/fimo/ http://www.hobbyshop.com.ua/dir.php?id=248 http://club.passion.ru/viewtopic.php?t=115412 Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «сазбалшықтан бұйымдар жасау» және т.б. кілт сөздерді теру керек.