Субсидия алу үшін құжаттар жинау және рәсімдеу: 1. АШТӨ жұмысшы орган белгілеген мерзімде ВАК-тың жұмысшы органына Министрлік бекіткен формада субсидия алуға болатын АШТӨ тізіміне (бұдан әрі – АШТӨ тізімі) енгізу үшін өтініш ұсынады:
1) заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы немесе жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлік көшірмесі;
2) клиентті салық есебіне қою фактісін растайтын салық қызметінің органы берген құжаттың көшірмесі;
3) жер учаскесін сәйкестендіру құжатының көшірмесі;
4) ағымдағы шоттың болуы туралы банк анықтамасы;
5) түпнұсқалар: шот-фактура, тауарлар мен қызметтер сатушысы берген тауар-көліктік тауар құжаттамасы;
2. ВАК жұмысшы органы құжаттарды қабылдау күні аяқталған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде оларды өңдеуді жүзеге асырып, ВАК қарауына ұсынады. Құжаттарды қабылдап алған күні АШТӨ-ге толық көлемде қабылданған құжаттар туралы анықтама береді.
3. ВАК бес жұмыс күні ішінде ВАК жұмысшы органы ұсынған құжаттарды қарастырады және берілетін субсидия сомасын көрсете отырып АШТӨ тізімін қалыптастырады.
АШТӨ өтініште көрсетілген көлемдегі тыңайтқыштарды, жабдықтарды, техниканы немесе өзге да заттарды сатып алудан немесе қайтарудан бас тартса, ВАК осы көлемді АШТӨ тізіміне енгізілген басқа АШТӨ арасына бөліп береді.
4. ВАК үш жұмыс күні ішінде Министрлік бекіткен формада АШТӨ-нің соңғы тізімін құрастырып, аудан (облыс, қала) әкіміне бекітуге жібереді.
АШТӨ тізіміне енгізуден бас тартқан жағдайда жұмысшы орган соңғы тізім құрастырылған сәттен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей АШТӨ-ға бас тартудың себебін көрсетіп, жазбаша хабарлама таратады.
5. Аудан (облыс, қала) әкімі екі жұмыс күнінің ішінде АШТӨ тізімін бекітеді.