Мал шаруашылығын субсидиялау. Республикалық бюджет есебінен мал шаруашылығын қолдауға мемлекеттік қолдау бюджеттік бағдарламалар аясында 2 бағыт бойынша жүзеге асырылады.
1. Асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдау (083 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттік бағдарламасы).
Мақсаты – малдың жалпы санынан шаққанда асыл тұқымды малдың үлес салмағын арттыру.
Субсидиялар: Тауар өндірушілер отандық асыл тұқымды мал зауыттарынан және (немесе) шаруашылықтардан сатып алған асыл тұқымды төлдің, тауар өндірушілер дистрибьютерлік және (немесе) малды асылдандырушы орталықтардан сатып алған, ұрпағының сапасы бойынша бағаланған тұқымдық бұқалардың ұрығының, тауарлық құс фабрикалары етті бағыттағы құс шаруашылығы бойынша асылдандырушы шаруашылығынан және құс шаруашылығы саласындағы асыл тұқымды мал шаруашылықтарынан сатып алған асыл тұқымды тәуліктік балапандар (бұдан әрі – балапандар) және асыл тұқымды жұмыртқа құнын ішінара (50%-ға дейін) арзандатуға, сонымен қатар, Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты РМАО «Асыл түлік», «Астана құс» АШ АҚ және «Қазақ тұлпары» ЖШС шығындарын өтеуге жұмсалады.