5. Өнімді сату. Түйелерді өсіруден алынатын өнімдерді (шұбат, жүн, ет, май, ірімшік, тері) Қазақстан нарығында сатып өткізуге болады. Түйе сүтінің майлылығы 6,5% дейін жетеді. Ол ерекше дәмге ие сүт қана емес, сонымен қатар ұзақ сақталады, бактерицидті және емдік қасиетке ие болып табылады. Оны авитаминозда, туберкулезде, қант диабетінде, қан аздықта, созылмалы гастритте, колитте және басқа да бірқатар ауруларда пайдалану ұсынылады. Түйе сүті сиырдікіне қарағанда қаралау, майлылау әрі тәттілеу, ақуыздар мен С витамині мол, емдік қасиеттерге ие.
Егер тұқымына (бактриан, дромедар және олардың тармағы), жасына, өрістің жағдайына орай алып қарайтын болсақ, олар күніне 18 литрге дейін сүт береді, яғни жылына 2 000‑нан 4 000 литрге дейін, олай болса бұл күй талғамайтын жануарды өсірудің табысты екенін естен шығаруға болмайды. Түйені асырауға арналған барлық шығыстар тек жүнді сатумен ғана ақталады. Бірақ, жүннен басқа түйе 300–400 кг ет, оның ішінде 150 кг түйе майын, үлкен тері береді, жүні (өте жылы әрі емдік қасиеті бар) және басқа жануарларға қарағанда бірнеше қатпардан тұратын ерекше терісі тағы бар. Бұл ерекше үнемді сала.
Достарыңызбен бөлісу: |