3. Жемнің негізгі түрлері. Жыл бойы түйелер өрісте, жердегі шөппен азықтанады, түйе тікенектер мен жантақтардан басқа да түрлі өсімдіктерді жейді, ал қыста оларды пішенмен қоректендіреді. Қатты жемді қорыту түйе үшін сөз емес. Түйені қыста тәулігіне бір рет, жазда екі рет суарады. Олар 10 минут ішінде 13 шелек су ішеді.
4. Көбейту.Түйені көбейту – мал шаруашылығында экономикалық ең тиімді сала. Түйелерде екі жылда бір рет бір бота туады.
Екі өркешті түйенің буаздығы (бактриана), ал боталарды сүтпен емізу ұзақтығы 6 ай, көбею кезеңінің басталуы 3-5 жас.
Бірөркешті түйе (дромедар), оның буаздық уақыты 12-14 айды құрайды, ботасын емізу ұзақтығы 5-6 ай, аталығының көбеюге жетілуі – 4-6 жас, ұрғашыларынікі – 3 жас.
Түйенің 100 аналығынан орта есеппен 34-37 бас төл алуға болады. Түйе өсуді 7 жаста тоқтатады. Түйе күніне 3-4 литр сүт береді. Салқын күндері боталарды аналықтарынан бөлек жылы қораларда ұстайды және қоректендіру үшін оларға тәулігіне 6–7 рет жібереді.