4. Құндыз жемі. Жемді тәулігіне 2 рет береді. Негізгі жем ретінде жаздың күндері көк шөп, ал қыста сабан, құнды астық түріндегі концентраттар, тамыржемістілер, көкөністер, нан өнімдерінің қалдықтары, құрама жемдер пайдаланылады. Алдымен концентраттар, сосын сулы және қатты жемдер беріледі. Көгерген, шіріген немесе топырақпен араласқан жемді қоспа түрінде де, жеке де беруге болмайды. Енесін еметін және жаңа туған кезде күніне үш рет жем беру керек.
5. Көбейту.Құндыздар көбейетін белгілі бір маусымды күтпейді. Олар жем беру мен бағудың жақсы жағдайында жыл бойы шағылыса алады. Еркектері мен ұрғашыларының шағылысу жасы әдетте 4-5 айлығында басталады. Шағылысуға жетілген ұрғашылары үнемі белсенді. Құндыздардың буаздығы орта есеппен алғанда 5-7 күндік құбылуымен 132 күнге созылады. Туулары көбінесе түнде болады және ол 20 минуттан 3-4 сағатқа созылады.
Аналықтары күшіктерін екі айға жуық емізеді. Күшіктердің барлығын бірге жеке торға немесе сол жастағы, шамамен бірдей дамыған басқа енелердің күшіктерімен бірге орналастырады.
6. Сату. Құндызды бірден бірнеше бағытта өткізуге болады. Бұл оның етін, терісін, сондай‑ақ өсіп келе жатқан күшіктерін сату дегенді білдіреді. Құндыздың еті қоянның етінен кем емес, ал терісі әлдеқайда құндырақ, әртүрлі түске ие, сапасы жағынан да қаракүзенге (норкаға) ұқсайды, төзімділігі жағынан тіпті олардан артық.
Құндызды өсіруге қатысты бизнесті бастау үшін әлеуетті сатып алушыларды іздеу мақсатында Сіздің қалаңыздағы барлық мейрамханаларға қоңырау шалып шығу қажет. Егер жоспарланған сұраныс байқалмаса, сіздің өніміңізді базарға ет сататын саудагерлерге өткізуге болады. Бағалы теріні тігін фабрикаларының жеткізушілеріне сатуға болады. Құндыздың жас төлі мен тауарға арналған ересек құндызды тұрақты өткізу нарығы кезінде өсіру және сату айтарлықтай табыс әкелуі мүмкін.