Көксөк өсіру технологиясы. Көксөк және татымды шөптер өсіру маусымдық іс емес, мұнымен жазда да, қыста да айналысса болады. Жазғы күндері көксөкті өсіру жаңа бастаған бағбан үшін де қиынға соқпас, ең бастысы уақытылы суарып, өнімді жинап алу.
Пәтерлерде қысқы кезеңде көкөніс, көксөк дақылдарын өсіруге қатысты арнайы ереже бар: бөлме биік, кең, әрі жарық болған сайын өсімдіктер де, әсіресе, қысқы кезеңде жабық тұрғынжайдағы барлық келеңсіздіктерді оңай еңсереді.
Қыста үйдегі жағдайда көксөкті таңдаулы қара топырақ толтырылған жәшікте өсіруге болады, топырақ кез келген гүл сататын дүкенде сатылады, бір қуанатыны онда шөптер пен арамшөптер болмайды. Сіздің басты міндетіңіз – жәшіктерді көбірек жасау. Көксөк жарық пен жылуды ұнатады, сондықтан да оған жылыжайлық жағдай жасау керек. Бұл үшін топырақ толтырылған жәшікті батареяға қойып, күндізгі жарық лампасын үстіне орналастыру жеткілікті.
Өнімді сату.Бизнес маркетинг пен өткізу нарығы жөнге қойылғанда ғана сұранысқа ие болып, табыс әкеле бастайды. Осылайша сіз аз шығындала отырып, жақсы пайда таба аласыз. Сізден көксөк алуға кез келген қоғамдық тамақтану мекемесі, кез келген азық‑түлік дүкені келіседі. Сондықтан да, сіздің өнімді көбірек алуға деген қызығушылығыңыз жоғары болады. Көксөк ұрығы мамандандырылған дүкендерде сатылады және олар қымбат тұрмайды. Жазғы кезеңде сіздің өнімді бірнеше рет алуға мүмкіндігіңіз болады, ал қыста көксөк қымбат тұрады.
Табыс көлемі сатуға шығарылған өнімнің мөлшеріне байланысты. Бизнестің көптеген салалары үшін дағдылы заңдылық бұл істе де өз күшінде болады– неғұрлым көп болса, соғұрлым жақсы.