Жалпы ақпарат. Сіздің балаңыздың жасы 8-ге жетті. Ол ержетіп, өз бетімен мектепке, басқа қосымша курстар мен үйірмелерге барып жүрген шығар. Бір қиындығы, курстар мен үйірмелер үйден алыс орналасқан, ал баланы өзіңіз апара алмайсыз.
Қаржылық дағдарыс кезінде бала бағушы жалдауды сіздің қалтаңыз көтермейді, оның үстіне ондай адамның қажеттілігі шамалы, себебі үй шаруасымен бала өзі айналыса алады. Осындай жағдайда не істеу керек?
Жақсы идея бар – ұлыңыз не қызыңызға такси-бала бағушы, яғни баланы керекті жеріне жеткізіп салатын машина жалдап алыңыз. Такси-бала бағушы баланы керекті курстар мен үйірмелерге немесе басқа да ата-анасы айтқан жерге жеткізіліп, қайта алып келетін болады.
Бизнес-идея көп шығындалуды қажет етпейді. Өйткені 8 жасар не одан да үлкен баланы алып жүру үшін арнайы орындықтың қажеті жоқ, сонымен қатар балаларды тасу барысында арнайы тәжірибенің болуы да міндетті емес.
Ғимарат. Аталған бизнес үшін арнайы кеңсенің қажеті жоқ. Сіз бұл бизнес түрімен үйде отырып-ақ айналыса аласыз.