4. Қызметкерлер. Қызметкерлерсіз жұмыс істеу мүмкін емес, сізге кем дегенде ауысып жұмыс істейтін екі сатушы қажет. Алғашқы уақытта сатушының бірі ретінде өзіңіз бола аласыз, ал екіншісін отбасы мүшелері арасынан таңдауға болады.
5. Өнімді өткізу.Бизнес маркетинг пен өткізу нарығының дұрыс жұмыс істеуі кезінде ғана пайда әкелетін болады. Алғашқы кезде жарнаманың маңызы, әрине, өте зор. Бірақ басты жарнама және табыс кепілі сіздің көрсететін қызметіңіз бен тауарларыңыздың сапасы болып табылады. Ассортимент дайындау кезінде тауар сапасына назар аударыңыз.