Қайшы мен үлкен сызғыш. Сіз үлкен көлемдегі маталармен жұмыс жасайсыз, сондықтан жақсы қайшы мен ұзын сызғыш алу қажет. Оған қоса үлкен үстел керек. Алайда еденде де жұмыс жасауға болады.
4. Технология.Төсек жабдығын тігуден бұрын алдын-ала өлшеп, есептеп алу керек. Алдымен сызба жасап алыңыз. Матаны ысырапсыз пайдаланып, нақты өлшеммен кескен жөн. Көбінесе маталардың ені – 1,5 м, 2,2 м. Төсек жабдығын тігу барысында белгіленген стандарттарды сақтау керек.
Мысалы, балаларға арналған төсек жабдығының стандарттары мынадай: сейсеп – 100 х 150, ақ жайма – 120 х 180, жастық тысы – 35 х 45. Жастықтың тысы екеу болу керек.