Ертеѕіѕ їшін аянба, ерім



бет32/351
Дата06.02.2022
өлшемі4,15 Mb.
#39125
түріБағдарламасы
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   351

7. Қыш ісі





  1. Жалпы ақпарат. Қыш ісі – адамдар мыңдаған жылдар бойы айналысып келген өте көне өнердің түрі. Қыш құюшылардың өнімдері көпқырлы танымалдылығымен ерекшеленеді. Қазіргі кезде күнделікті тіршілікте әр адам табиғи ыдыс пайдаланғысы келеді. Түрлі құмыралар, сазбалшықтан жасалған кәдесыйлар ерекше көрінеді. Қыш ісімен айналысатын шеберлер бүгінгі күні көп емес, алайда өнімге деген сұраныс жыл сайын артып келеді. Сонымен қатар, сазбалшық денсаулыққа пайдалы. Осыған орай бұл өнер түріне қызығатындар жыл сайын көбейіп келеді.

Қазақстан нарығында авторлық керамика өнімдері бойынша бәсекелестік байқалмайды. Алайда болашақта бұл сала бойынша бәсекелестердің пайда болуы әбден мүмкін. Жоғары сапа, өзіндік стиль, жарнама сауданы өрге бастырады.

  1. Ғимарат. Шеберхана ретінде көбінесе үйдің жоғарғы бөлігіндегі адам тұрмайтын орнын немесе тұрғын үйдің подвалын қолданады. Гаражды да шеберхана етуге немесе цехтағы кішігірім орынды жалға алуға болады.

  2. Жабдықтау. Қышшы шеңбері – ең басты құрал. Оның пайда болғанына 7 мың жылдай уақыт болды. Сол уақыттан бері оны қолдану әдісі еш өзгермеген. Қыш шеңбері – бұл икемді материалдан (ағаш, пластик, тас, металл, т.б.) жасалған, астынан оське бекітілген кішігірім диск. Осьтің екінші жағында дискінің айналымын жүзеге асыратын арнайы құрылым бар. Алғашқы қыш шеңберлері қолмен жұмыс жасауға арналған. Одан кейін пышақты түрлері пайда болды. Олар шебердің екі қолын жұмыс үшін босататындықтан алғашқыларға қарағанда ыңғайлырақ. Қазіргі қыш шеңберлерінің көбісі электрлік болып келеді. Олар ыңғайлы әрі қолөнершінің жұмысын жеңілдетеді.

  3. Технология. Алдымен сазбалшық араластырылады. Әр өнімге түрлі сорт керек: ақ, қызыл, құм араласқан, т.б. Одан кейін оны тең бөліктерге бөліп, қыш шеңберіне, жабыстыру тақтасына немесе формаларға салады. Бұйым белгілі бір алғашқы қалпына келіп, аздап кепкеннен кейін, оны пешке салады. Пешке салар алдындағы жабыстыру сапасы мен кебуіне қарап, дайын өнімнің бүліну деңгейін анықтауға болады. Орташа есеппен ол 20-30% құрайды, алайда бастапқы кезде 60% құрай алады.

Бір құмыраны дайындау үшін 1-2 сағат кетеді: есу - 10 мин., жабыстыру - 7-10 мин., ал қалған уақыт күйдіруге жұмсалады.

  1. Сату. Стандартты өнімдерге кішігірім сатушылардың сұранысы жоғары. Кішігірім кәдесый дүкендері басшыларымен келісуге болады.

Қыш бұйымдарын тапсырыс бойынша да жасауға болады. Мысалы, жарнамалық кәдесыйлар (тоңазытқышқа арналған магниттер, кеңсе заттарын қойғыштар, т.б.), интерьерді безендіру. Кеңселерді немесе сауда орталықтарын әдемі гүлге арналған құмыралармен безендіру, қыштан жасалған картиналар ілу мен фотосуреттерді қолдан жасалған рамкаларға орналастыру бүгінде үлкен сұранысқа ие. Интерьеріңіз ерекше қайталанбас көрініске ие болады.
Сонымен қатар, мейрамханалар, дәмханалар, қонақ үйлер мен ыдыс дүкендеріне де барып көруіңізге болады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   351




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет