Жалпы ақпарат. Саудада жақсы жетістікке жету үшін жаңашыл болу керек. Нарық көптеген тауарларға лық толы: ыдыс, киім, жөндеуге арналған материалдар, түрлі керекті құрал-саймандар. Дүкендерден кез келген затты тауып ала алатын сияқтысың.
Егер сіз фантазияға бай, қолынан бал тамған адам болсаңыз, онда hand-made («hand made» – қолмен жасалған) сөмкелерін жасаумен айналысып көріңіз! Батыстың бұл жаңалығы елімізге енді ғана келуде, сондықтан алғашқылардың бірі болып жақсы табыстарға қол жеткізуге әбден болады.
Хэнд-мэйд – өз хоббиіңізді табыс әкелетін бизнеске айналдырудың тамаша мүмкіндігі. Егер тіге алсаңыз, жаңа нәрселер ойлап табуға құштар болсаңыз, онда бұл сала сізге арналған.
2. Ғимарат.Бастапқы кезде сіз бұл іспен үйде де айналыса аласыз. Уақыт өте келе тұрақты клиенттеріңіз пайда болған кезде, жергілікті дүкендер мен бутиктермен әріптестік қарым-қатынас орнатқан кезде сіз өндірісіңізді кеңейтіп, арнайы орын-жайды жалға алатын боласыз.