2. Реттеудің технологиясы. Жабылған кезде терезе жармасы жақтауға тиіп тұрған нұсқаны реттеудің әдісін қарастырып көрейік. Ол үшін арнайы алты қырлы құрал қолданылады.
Бірінші кезең: үстіңгі ілгекті (кері итеру механизмі болып табылады) яғни, жарма жақтауға қосылған тұсты, жарманың асты-үстіне қарай жылжыту арқылы реттеу керек. Реттеуді жүзеге асыру үшін, терезені ашамыз, реттеу бұрандасын (ол жармада орналасқан) табамыз да, алты қырлы құралмен бұраймыз. Одан кейін терезені жауып көреміз, керек болса қайтадан реттейміз.
Екінші кезең: астыңғы ілгекті жарманың асты-үстіне қарай реттейді. Оны реттеу үшін пластик жақтауында орналасқан астыңғы бұранданы бұрайды. Ал жарманы асты-үстіне қарай реттеу үшін терезенің жармасында орналасқан алты қырды айналдырамыз.
Үшінші кезең: жарманың терезе жақтауына қалай қосылып тұрғанын анықтап алу керек. Жарманың бүйір жағындағы терезені жабатын механизмдерді (жарма бойында ондай бірнеше механизм бар) тауып аламыз, оны жапқан кезде, жақтауға кіретін басын (бұрағыш не алты қыр көмегімен) айналдырамыз. Басы эксцентрик күйінде жасалғандықтан, жарманың жақтауға қосылған тұсын реттеуге мүмкіндік береді.