Ертеѕіѕ їшін аянба, ерім


Қайың қабығын өру мен құрал-жабдықтар



бет54/351
Дата06.02.2022
өлшемі4,15 Mb.
#39125
түріБағдарламасы
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   351
Қайың қабығын өру мен құрал-жабдықтар. Қайың қабығын шырыны бөлінгенде, икемді болып тұрғанда, ағаш діңінен жеңіл алынатын кезде, өрнектер мен нақыштар салуға ыңғайлы уақытта, яғни мамыр-маусым айларында өруге дайындайды. Қайың қабығы кетіксіз түзу (бүлінген бұтақтарсыз, сызатсыз, тілімсіз), көлденең сызықтары дөңгеленбеген болуы керек.

Қайың қабығын дайындау үшін қолара, балта, сым, пышақ сияқты құрал-саймандар керек. Сым цилинр тәріздес қайың қабығын діңнен аршу үшін қолданылады. Бұл жұмысты жүзеге асыру үшін қалың болат сымды майыстырып, қолға ұстайтын ыңғайлы құрал етіп жасап алуға болады. Дайын қайың қабығын жасау барысында діңге пышақпен көлденеңінен не тігінен қажет пішінді сызып алады, мысалы қайың қабығының лентасын (жөке) алу үшін діңнің жан-жағын шиыршық түрінде кеседі.
Өру барысында ең алдымен күректі біз (коточик), костыг, арнайы жалпақ ілмекті жүзі бар біз (кочедык) секілді құрал-саймандар керек. Біз орнына жалпақ сапты, ескі, өткір асханалық пышақ (ұстарасының ұзындығы 5 - 7 см, қалыңдығы 1,5 см.) қолдануға болады. Ол өру қабатының ленталары арасын ашып, екінші қабаттың лентасын өткізу үшін қолданылады. Оған қоса мыналар қажет: ленталарды кесу және түбін өңдеуге арналған пышақ, қайың қабығын тігу барысында тесік жасауға арналған төртбұрыш кескіші бар біз және керек көлемдегі қайың қабығы ленталарын қосымша ашу үшін түзу, дөңгеленген ұшы бар етік пышақ. Ленталарды уақытша біріктіру үшін қысқыштар керек: кір жайғанда қолданылатын қысқыштар (прищепки), қалыңдығы қарындаштай, ұзындығы 7 - 10 см. қайың шыбығынан жасалған ұстағыштарды біріктіру үшін кеңсе қыстырғыштары (скрепки) керек.
Сколотень – бұл діңнен түгелдей алынған қайың қабығы. Оны алу үшін жұмсақ қабығы бар түзу діңді 40 - 50 см. болатындай бөліктерге аралайды. Содан кейін қайың қабығы қабатына сым салып, оны діңнің жан-жағына өткізеді. Қайың қабығы алынғанын байқаған соң жеңіл соққылармен діңді айырады.
Діңді араламай-ақ, тек 40 - 50 см. (сколотил ұзындығы диаметрінен 1,5 - 2 есе үлкен болу керек) аралықты сақтап, сақиналық тік тілімдер жасауға болады. Содан соң қайың қабығы қабатының астыңғы тіліміне сым өткізіп, жоғарыда айтылғандай діңнен қайың қабығын цилиндр етіп бөлу керек. Алдымен ең кіші сколотеньді, одан кейін үлкенін, матрешка іспетті біріне бірін салып алып отырады. Қайың қабықтарын құрғақ, салқын жерде сақтайды.
Қалыңдығы 3 - 4 см. лентаны пышақтың сап жағымен діңнен айырады. Одан кейін орамаға орайды да, қайың қабығы іспетті құрғақ, салқын жерде сақтайды.
Қайың қабығы қабатын дайындау үшін діңде 30 - 35 см. қашықтықта көлденең екі тілім жасалып, бір тік тіліммен біріктіреді, одан кейін сочалкамен қайың қабығы қабатын алып тастайды. Дайындалған қабаттарды екі тақта арасына қойып, ауыр нәрсемен қысады. Өру алдында қабатты кесіп, кірден тазалап алады, қабаттарға бөліп тастайды.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   351




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет