1. Жалпы ақпарат. Төсек жабдығы – төсекті жабдықтауға арналған, матадан жасалған бұйым. Төсек жабдығына матадан жасалған сейсеп, ақжайма, жастық тысынан тұратын бірегей жиынтық кіреді. Көлеміне қарай оның мынадай түрлері бар: бір кісілік, бір жарымдық, екі кісілік. Төсек жабдығы сапалы, жұмсақ, түсі ашық маталардан тігілуі керек. Көбінесе оны мына мата түрлерінен тігеді: зығыр (лен), мақта, жібек.
2. Ғимарат.Егер үйіңізде артық бос бөлме болса, онда сол бөлмеде жұмыс істеуден бастаған дұрыс. Ал бизнесіңіз біршама жүрген кезде арнайы орынды жалға алатын боласыз.