Жалпы мәлімет. Ежелгі кезден-ақ темір ұсталары ең күшті және сыйлы адамдар болып саналған. Қазіргі кезде ұстахана ісі – бизнестің үйде отырып айналысатын табысты түрі. Бүгінгі күні қаңылтырмен қаптау сәнге айналып отыр, ал аса шеберлікпен жасалған торлар, үстелдер, фонарьлар мен орындықтарға деген сұраныс күннен күнге артып келеді.
Атап өтерлігі, темір ұстахана кәсібімен айналысу мен жеке ұстаханаға ие болу – машақаты мол, бірақ өте пайдалы бизнес. Сондай-ақ, өзіңіздің өміріңізді жеңілдету үшін біреудің бизнесін сатып алуға да болады.
Кәсіпкерлік қызметті бастамас бұрын санитарлық-эпидемиологиялық шешім алу керек.
Ғимарат. Ұстахана ісіндегі ең басты мәселе – оған лайықты орын табу. Мұндай жағдайда ең жақсысы қандайда бір цехтың 40-50 м² аумағын жалға алу, ал егер оның құрал-жабдықтары болса, тіптен жақсы. Өз цехыңызды салуға да болады, бірақ оған біраз уақыт кетіп, жүйкеңіз әбден тозады.