1 кг киіз – 400 теңге (ені 2 м, қалыңдығы 0,5 - 2,5 см).
3.2. Табыс:
бір киіз шұлық құны – 1 000 теңге.
бір жұп ұлтарақ құны – 100 теңге.
Пайдалы сілтемелер:
http://www.gold-fox.ru/04-01-03-01.php http://www.rusher.ru/cat/rukavic.htm http://www.gold-fox.ru/04-01-03-01.php http://bankreferatov.kz/history/319-odejda-kazahov.html Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «киіз өнімдері» және т.б. кілт сөздерді теру керек.
76. Қолдан тоқылған бұйымдар
Жалпы ақпарат. Қолдан бұйымдар тоқу бизнесімен айналысу ләззат сыйлаумен қатар, аздап пайда да әкеледі. Ал онымен үйде отырып айлалысу өндіріс шығыстарын біршама қысқартып, көбірек ақша табуға мүмкіндік береді.
Ғимарат. Қолмен тоқыма бұйымдарын жасайтын фирмалар үшін ғимарат кішігірім болса да болады. Мәселен, 10 м² алаңды жалға алу жеткілікті. Кеңістікті жалға алмаса да болады, бірақ клиенттермен қалай және қай жерде кездесуді, модельдердің қай жерде көрсетілетіндігін алдын ала шешіп алу керек. Ескеретін жайт, кішігірім әдемі безендірілген ателье бизнеске деген қызығушылықты жоғарылатып қана қоймай, алдын ала тапсырыссыз заттарды сатуға да мүмкіндік береді.
Жіп және ши. Қазіргі уақытта нарықта түрлі өндірушілердің, сан алуан түрлі жіптері бар. Бірақ жүн жіптердің түрлерінің өздеріне тән қасиеттері бар екенін кәсіпорын басшылары да, қатардағы тігіншілер де білуі қажет. Мысалы, Ресейлік өндірушілердің альпаха және мохер деген тоқыма жіптерінің айтарлықтай айырмашылығы бар және олар өнімге әр түрлі нәтиже береді. Тігін моделдерін батыс журналдарынан көптеп кездестіруге болады, бірақ қазіргі таңда олардың қолданатын жіптері біздің нарықта әзірге жоқ. Сондықтан да жіптің ерекшелігін зерттеу және оны білу бұл бизнеспен айналысатын адамдарға міндетті шаруа.
Ал шиға тоқталатын болсақ, оның әр түрлі түрлері әр тігіншінің қолында болу керек. Тігіншілер тапсырысты бастан аяқ жеке өздері немесе технологиялық шынжыр принципі бойынша істесе болады. Мәселен, бір тігіншіге толық бұйымды емес, оның белгілі бір бөліктерін ғана тоқытса болады, ал бұйымды құрастыру мәселесін тәжірибесі мол маманға тапсырған дұрыс.
Технология. Нарыққа шығу үшін өзіңіздің эксклюзивті модельдеріңіз болуы тиіс. Тауарыңызға деген сұраныс тігістің сапасына, декоративті қосымша заттар мен аксессуарлардың қаншалықты дәрежеде қолданылуына байланысты. Мәселен, екі бірдей модельдің ортасында теріден жасалған элементі бары тезірек сатылып кетуі мүмкін, себебі бұл екіншісіне қарағанда әсерлі көрінеді. Сондықтан да бұл бизнесте затты ерекшелеу өте маңызды.
Қызметкерлер. Бұл бизнестің дамуы үшін бұйымдарға деген сұраныспен қатар, үйлерінде отырып жақсы жұмыс істейтін және де бұл іске ерекше қызығушылықпен қарайтын адамдар керек. Әріптестерді газетке жарнама беру немесе кадрлық агенттік арқылы табуға болады. Сондықтан бұл істің бір артықшылығы - тауар өндіру үшін жұмыс орнының қажет еместігі. Фирмамен әріптестік жасайтын жұмысшылар заттарды үйлерінде отырып жасап, ательеге дайын болған кезде келіп өткізеді. Бұл жұмысты істейтін негізгі адамдар тобы – жас балалары бар аналар мен зейнеткерлер. Бір күнде 3 сағат жұмыс істеу өзінше бір еңбек терапиясы болып табылады. Мұндай іспен айналысу үшін ең бастысы жұмысты тиянақты орындау, тәртіп пен еңбексүйгіштік керек. Жасалған заттың бағасын клиенттің қанша төлей алатындығына байланысты белгілеуге болады. Бұйым бағасына жүн жіптің немесе басқа жіптердің бағасы және жұмыстың өзіндік құны кіреді. Тігіншілердің орташа жалақысы айына шамамен - 8000-10000теңге. Көптеген тоқымашылар үшін бұл негізгі жұмысынан бөлек, қосымша табыс көзі бола алады.
Өткізу. Бұл бизнесте жеке немесе шағын кәсіпкерлік ретінде тіркелуден бұрын әріптестер, потенциалды клиенттер, тым болмағанда фирманың әрі қарай даму жоспары болуы керек. Сондықтан да нарықты зерттеу – тіркелуден бұрын жасалынатын нәрсе.