Ресейлік «Мастер1» ұстаханалық құралын алуға болады – 825 000 теңге.
«Мастер-1» станогы бір кезектік жұмыс уақытында (смена) мықты темірден 600-700 әртүрлі классикалық көркемдік соғудың элементтерін жасауға мүмкіндік береді (18х18, 16х16, 14х14, 12х12, 10х10, 8х8 квадраттары, дөңгелектер, кесінділер және кескінді құбырлар). Бұл айына күрделілігіне қарай 700 м²-ден 1200 м²-ге дейін соғылған бұйымдарды жинауға мүмкіндік береді.
Әрине, сіз станоктың басқа да түрін ала аласыз.
6.2. Табыс: Қаңылтырмен қапталған элементі бар соғылған заттардың (қаз табан, қырлы және күмбезді найза) Қазақстандық сауда нарығындағы орташа бағасы 1м² үшін 6 000 теңге. "Мастер-1" станогында жасалған 1м² тордың өзіндік құны – 2 000 тенге. Нәтиже: 6 000 теңге - 2 000 теңге = 1м² үшін таза пайда 4000 теңге; 100 м² тордан сіз 400 000 теңге пайда табасыз.
Пайдалы сілтемелер:
http://www.hombiz.ru/proizvodstvo/svoe-kuznechnoe-delo.html http://www.laab.ru/node/73 http://kovkafm.ru/ http://master-1.ru/master1.html http://kyznets.ru/ http://techno.x51.ru/index.php?mod=text&txnode=164&uitxt=-1 http://www.hlas.ru/ Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «ұстахана ісі» және т.б. кілт сөздерді теру керек.