3. Ғимарат. Сүт, қышқыл сүт өнімдерін дайындау және сатумен айналысу үшін ғимарат қажет. Жұмыс істейтін орын қажетті жарық, микроклимат, шу деңгейімен қамтамасыз етілуі тиіс. Ауадағы зиянды заттар құрамы санитарлық және гигиеналық нормативтерде бекітілген мөлшерден асып кетпеуі керек.
4. Технология.Қышқыл сүт өнімдерін дайындаудағы басты технологиялық ерекшелік оған сүт қышқылы бактериялары немесе ашытқыларының дақылдарын (қолдан жасалған ашытқы немесе дайын ашытқы) енгізу жолымен ашыту болып табылады.
Қышқыл сүт өнемдерін дайындау технологиясы төмендегі тізбек бойынша жүзеге асады: сүтті қайнатады, содан кейін қажетті температураға дейін суытады (30-45° С) және көлеміне қарай 3-5% ашытқы салады. Сүтті қажетті ыдысқа құяды (стақанға, банкіге, шөлмекке және т.б.) және ұйығанға дейін термостатқа салады. Өнімді қатты ұйытып жібергеннен көрі ұю біршама іркілдек болып тұрған кезде ертерек термостаттан алу керек; одан кейін 10°С-ден жоғары емес температурада суытады және сондай жағдайда сақтайды. Ашыту аяқталғаннан кейін қышқыл сүт өнімін тоңазытқыш камерада 6±2° С-ден жоғары болмайтын температурада сақтау қажет, бұл уақыт аралығында өнім біркелкі консистенцияға келуі керек. Қышқыл сүт өнімдерін суытқаннан кейін белгілі бір уақытқа тоңазытқыш камераларда жетілуі үшін сақтайды.
Қажетті сақталуды қамтамасыз ету үшін атқарылуы тиіс негізгі шарттар мыналар болып табылады: белгілі бір температура және соған сәйкес ауаның ылғалдылығы, жарықтың және ауа алмасуының сәйкес болуы. Қышқыл сүт өнімдерін 80°С-ден жоғары болмайтын температурада сақтау қажет. Қышқыл сүт өнімдерін аса жоғары температурада сақтау олардың қышқылдығының артуына, іріткінің бөлінуіне, сапасының төмендеуіне және бұзылуына әкеп соқтырады. Қышқыл сүт өнімдерін міндетті түрде жабық ыдыста сақтау қажет. Біріншіден, бұл ұзақ уақыт сақтауға септігін тигізеді, екіншіден, жабық ыдыстағы өнім тоңазытқыштағы басқа да заттардың түрлі иістерін өзіне сіңірмейтін болады.
5. Сату. Қышқыл сүт өнімдерін жаңа дайындалған түрінде сатуға немесе оны өңдеуге беруге болады. Бұл үшін БАҚ арқылы хабарландыру беру, дүкендермен келісу және т.б. қажет.