Жалпы ақпарат.Аяқ киім – көп уақытқа шыдамайтын, жөндеуді үнемі қажет ететін зат. Біріміз үшін ол мәселе болса, енді біріміз үшін табыс көзі. Аяқ киім жөндеу – табысты бизнес, көбіміз аяқ киімді бір мезгіл ғана киіп, лақтырмаймыз, керісінше бірнеше рет жөндетеміз. Егер сіз аяқ киім жөндей алсаңыз, не оны үйренуге және өзіңіз үшін жұмыс істеуге ниетті болсаңыз (үйрену үшін етікшінің шеберханасына жұмысқа тұруыңызға болады) ең бастысы, табысты бизнеспен айналысамын десеңіз, онда осы салаға бағытталғаныңыз дұрыс.
Ғимарат. Тұрғын үйдің бірінші қабатынан орын алуыңызға болады. Қала орталығында шеберхана ашудың қажеті жоқ, алайда мүмкіндік болып жатса, олай істеуге де болады. Бизнесін жаңадан бастап келе жатқан етікші кез келген шағын ауданда жұмыс істеп ақша таба алады. Жақын маңда орналасқан үйлердің тұрғындары міндетті түрде сізге келетін болады. Қосымша жұмысқа отбасы мүшелерін тартқан жөн.