4. Қызметкерлер. Жұмысшылардан (тақташылар, сылақшы-бояушы, сантехник, электрик және т.б) бөлек, жасалған жұмыстарды қадағалайтын, тапсырыс берушілермен келісетін бір адам болу керек. Тексеруші жұмысын өзіңіз де атқара аласыз.
5. Өткізу.Біздің елімізде ең жақсы жарнама – ол жеке нұсқаулар. Интернет-сайты мен жергілікті газеттерге жарнама беруге болады.
6. Болжамды есептеулер. 6.1.Шығыстар: Құрылысқа қажет құрал-жабдықтар алуыңыз керек, ол шамамен 15 000 - 20 000 теңге тұрады.
Тапсырыс берушілердің өздерінің материалдар болатындықтан Сізге ол жағынан шығындалудың қажеті жоқ.
Жұмысшыларға жалақы ретінде жалпы сомадан түскен белгілі бір пайызды төлеп тұруға болады.
6.2. Табыс: Жөндеу көлемі мен күрделілігіне байланысты бағаланады:
Косметикалық жөндеу 60 000 – 80 000 теңге, 5 – 7 күн ішінде жасауға болады.
Күрделі жөндеу 100 000 – 180 000 теңге, 1 не 1,5 айда жасауға болады.
Еурожөндеу 200 000 – 300 000 теңге, 2 - 2,5 ай ішінде жасауға болады.
7. Пайдалы сілтемелер: http://www.decoplus.ru/repair/techno/ http://www.ecostroyservis.ru/articles/9 http://www.remontstroyka.ru/start.php Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «құрылыс бригадасы» және т.б. кілт сөздерді теру керек.