5. Қызметкерлер. Егер сіздің өзіңізде операторлық не бейнеинженерлік біліктілік болса, істі бір өзіңіз бастауыңызға болады. Туысқандарыңыздың бірін көмекші ретінде тартуға әбден болады. Келешекте ісіңіз жүріп кетсе, бейнеоператор және бейнеинженер ретінде келісім шартпен қызметкерлер аласыз.
6. Сату. Баспа және электронды хабарландыруларды қолдануға, студия орналасқан аумақта оларды жапсыруға және интернетте жарнама беруге болады. Сонымен бірге теледидарға жарнама беруге болады.
Той бизнесіне қатысы бар асабалармен қарым-қатынас орнатыңыз, олардың бірімен бейнеқызмет бойынша ұсыныстар табылып қалуы мүмкін. Қаладағы ресми шаралар әсіресе, баспасөз конференциялары өтетін орталықтарға өз қызметіңіз жайлы жарнама тастаңыз.
7. Болжамды есептеулер. 7.1. Шығыстар:
бейнекамеражәне монтаж үстелі = 400 000 теңге.
бейнетаспа = 10 000 теңге.
Қорытынды: 410 000 теңге (егер Сіз өзіңіз оператор және бейнеинженер болсаңыз).
7.2. Табыс: Той бизнестегі бір күндік түсірілім бағасы (аймақтарға байланысты) – 10 000 – 30 000 теңге аралығында. Ресми шараларды түсіру сағатына 5 000 -10 000 теңге аралығында. Бейнероликтер мен отбасылық деректі хабарлар жасау – 50 000-150 000 аралығында. Тынымсыз жұмыс жасаса және жарнамамен жұмыс жақсы жолға қойылса, кеткен шығында 3 ай мерзім ішінде ақтап шығуға болады.
Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «шағын бейнестудия» және т.б. кілт сөздерді теру керек.