3. Құрал-жабдықтар. Фотостудия үшін сізге керегі: фотоаппарат, жарықтар мен оларға қажетті аксессуарлар - софтбокстар, тіреулер, шағылдырғыштар, фондар, компьютер, принтер және басқа да қосымша жабдықтар.
4. Қызмет түрлері.Алдымен бизнесіңіздің мақсаты мен бағыттарын анықтап алу керек. Сондан кейін қандай қызмет түрлерін (портфолио үшін фото, имидждік жарнама, қойылымдық түсірілім, архитектуралық түсірілім және т.б.) көрсететініңізді нақтылау қажет. Және де бәсекелестерге қарағанда ерекшеліктеріңіз (жоғары сапа, көрсетілетін қызмет түрлерінің сан алуандығы, арзанырақ бағалар және т.б.) қандай болмақ?
Фотоқызмет көрсету бизнесі – бұл кәсіби фотопортреттер, паспортқа арналған суреттер, маңызды шаралардың түсірілімдері, портфолио үшін фото жасау, жарнамалық өнімдердің түр-түрі (буклеттер, каталогтар). Тағы бір пайда табудың көзі – фотоларды, күнтізбелер мен ашық хаттарды шығару қызметі. Қызметтің жаңа түріне тоқталар болсақ - коллаж және фотомонтаж (көркемсурет пен фотоны біріктіру), олар классикалық мәнерде, сонымен қатар, ретро-фото, фэнтези, пин-ап стилдерінде жасалады. Фотомонтаж бойынша сабақтарды мына сайт арқылы ала аласыз - http://foto-design.davydova-lessons.ru/ Фотожарнамалық қызметтер үлкен табыс әкеледі. Жұмыс күні барысында портфолиоға арналған суреттер мен каталогтар бойынша тапсырыстарды орындап, ал кешке және демалыс күндері – жұмыс орны мен құрал - жабдықтарды фрилансерлерге жалға беруіңізге болады.
5. Қызметкерлер. Алдымен бір фотограф пен әкімші жұмыс істейтін кішігірім студия ашуға болады, ал болашақта сіз өзіңіздің бизнесіңізді кеңейтемін десеңіз, тағы бірнеше кәсіби фотограф, стилист пен дизайнер жалдауға болады.