Әртүрлі күрделілік деңгейдегі тапсырмалар Ертегі, аңыз әңгіме тәрбиелік мәні



Дата29.12.2021
өлшемі17,76 Kb.
#106449
Байланысты:
4 Әртүрлі күрделілік деңгейдегі тапсырмалар
чесотка пиодермия дерматомикоз, 4 Әртүрлі күрделілік деңгейдегі тапсырмалар, 6 бжб, 4-сын ТЖБ, 4-сын ТЖБ, 6-сынып ашық сабақ әдебиет, Classroom Language, әлеуметтану, Инструктивное письмо, Акаунт сотрудников Педколледжа (1) (копия) copy

Әртүрлі күрделілік деңгейдегі тапсырмалар

1. Ертегі, аңыз әңгіме тәрбиелік мәні

Ерте замандағы көшпелі қоғамының көркем ой тарихында ауыз әдебиетінің алатын орны ерекше. Халық өзін қоршаған табиғат құбылыстарын, тұрмыс-тіршілігіне байланысты көңіл-күйін, мұң-мұқтажын, өлең, қара сөз арқылы көрсеткен. Ондай шығармаларды ауызша шығарып, халық арасына кеңінен таралып, біздің заманымызға жеткені бәрімізге мәлім. Сол кездегі халықтың есте сақтау қабілеті күшті болғаны соншалықты ықылым заманнан бері сол шығармалар әр түрлі өзгерістерге ұшырап, сан алуан нұсқалары, түрлері пайда болып, халқымыздың ақыл-ойының інжу-маржаны, алтын бай қазынасы толықтырып, жасақталды.

«Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» – демекші, ата-бабамыз ұл-қыздарына жақсы тәлім-тәрбие беруге тырысқан. Ұл баланы тәрбиелеуде мынандай талаптар қойылатын: көшпелі мал шаруашылығын жете игеру, еңбексүйгіштік, ата-тегін жадында сақтау, отбасы, ауыл-аймақ, ел намысын қорғай білу, сөз асылын қастерлеу, ата салтын бұзбау, жаудан беті қайтпау. Қыз баланы жақсы жар, әдепті келін, ұқыпты әйел, аяулы ана болуға тәрбиелеген. Отбасында әкелер мен аталар өзінің өнерін балаларына үйретіп, жан-жақты тәрбиелеуге көңіл бөлген. Өз өнерін баласына мирас етуі ата дәстүрі болған. Осындай әке мұрасын жалғастыруда жастарды дәріптеу халық ауыз әдебиетінде ерекше орын алған.

Аталары балалары мен немерелерiне ертегi, аңыз-әңгiме, мақал-мәтелдер айтып берiп, шешендiкке, тапқырлыққа тәрбиелеген. Мысалы, Абай, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, М.Әуезов сияқты ұлы ақын-жазушылардың немесе Төле би, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке сияқты ел билеушi шешендердiң жастайынан елдiң салт-дәстүрлерi мен заңдарын, аңыз-әңгiме мен өлең-жыр, мақал-мәтелдерiн жаттап, жадында сақтап, көп бiлуi әкелерi мен аталарының әсерi екенi сөзсiз. Көптi көрген қариялар отбасының, ауыл-аймақтың үлгi тұтар тұлғасы, тәлiм-тәрбие мектебi сияқты.



2. Мақалдар мен мәтелдер

Мақал-мәтел – әрі қысқа, әрі нұсқа айтылған сөз мәйегі, ой маржаны. Мақал-мәтел бір ғасырдың ғана жемісі емес. Олардың алғашқы үлгілері есте қалмаған, өзінің қалыптасу, даму, өсу процесінде әр түрлі қоғамдық, таптық тілектерге сәйкес өзгеріп, жаңарып отырған. Мақалдар мен мәтелдерде айтылмайтын, сөз болмайтын өмір саласы жоқ десе де болады. Мақал-мәтелдерден халықтың ой-санасы, дүниеге көзқарасы, ақыл- өнегесі мол көрініс тапқан. Мақал-мәтелдер ой дәлдігімен, мазмұн тереңдігімен, түр жағынан ықшамдылығымен ерекшеленеді. Онда өмірдің сан алуан салалы құбылыстарына баға беріліп, ой түйінделіп, халықтың ғасырлар бойғы тәжірибесі негізінде пікір айтылады. Халық терең ойды аядай қалыпқа сыйғызып, шебер беруге тырысқан. Сөйтіп, «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін» жинақтап, қорытып береді. Онда халық тарихы, әлеуметтік тіршілігі, ақыл-өнегесі кең көрініс тапқан. Мақал менен мәтелдерде халқымыз жақсылық пен жауыздықты, адамдық пен арамдықты, еңбеккерлік пен еріншектікті, жомарттық пен сараңдықты салыстыра сөз етеді, жамандық пен жауыздық қылықтардың барлығын батыл сынап, жұртшылыққа адамгершілікке тән мінез, қылықтардың барлығын ұсынады. «Мақал – сөз атасы». Олар сөз дәлдігімен, ықшамдылығымен ерекшеленеді.



3. Дикцияны қалай жақсартуға болады?

Дикция – бұл сөзді анық әрі дұрыс айту; фонем мен морфем, сөз бен тірестерді өзгелерге түсінікті жеткізу. Жақсы дикция кекштену, әріп немесе сөзді дұрыс айтпау секілді кемшіліктерсіз болады. Дикцияның дұрыс болуы барлық адам үшін маңызды. Себебі, келіссөздер жүргізу, әңгіме-дүкен құрған кезде сіздің сөзіңіздің өтімді болуы тікелей дикцияға байланысты. Дикцияны қалыптастыру үшін не істеу керек?

Дикция жақсартудың амалдары

Қалам тістеп сөйлеңіз

Алдымен – қыздырыну. Кез келген қаламды қатты тістеп тұрып сөз немесе сөз тіркестерін 10-15 рет қайталау қажет. Сосын қаламды алып, сол сөздерді тағы қайталаңыз. Айырмашылықты бірден сезінесіз. Жақ, тіл, ерін босаған соң анығырақ сөйлей бастайсыз.

Бұдан кейін жаңа сөздермен жаттығыңыз. Бұл үшін кез келген мәтін немесе өлең жолдарын алуға болады.

Мұндай жаттығуды артикуляцияны жақсарту үшін жасайды және 2-3 минут арнасаңыз жеткілікті.

Енді негізгі кезеңге өтеміз.

Жаңылтпаштармен жаттығу

Жаңылтпаштарды дұрыс айтып үйрену керек. Алдымен жай жылдамдықпен айтып шығыңыз. Барлық дыбыстар мен әріптерді анық дыбыстаңыз. Әрі қалай жылдамдық қосыңыз. Барлығын дұрыс айтқан соң қиынырақ жаңылтпаштарға ауысыңыз. Жаттығуды ауырлатудың бір жолы – ауызға жаңғақ салып жаңылтпаш айту. «Карнавал» фильмінің әртісі дәл осы тәсілмен жаттыққан. Бұл жаттығу үшін кез келген сізге түсінікті тілдегі жаңылтпаштарды таңдауыңызға болады.



Өзіңізді тыңдаңыз

Барлық адамдар өз дауыстарын бейне немесе дыбыс жазбаларынан тыңдаған соң оны жақсартқысы келеді. Өз дыбысыңызды тексеріп, бақылауда ұстау үшін дыбыс жазу құралдарын қолданыңыз. Деміңіз ең ұзақ сөйлемді айтуға жету үшін диафрагманы жаттықтырыңыз. Бұл үшін демді алу және шығару барысында дауысты дыбысты деміңіз таусылғанша созып айтыңыз. Дауысты дыбысты 25 секундқа созып айту сізге қиындық тудырмаған кезде дауысыңызды жоғарылата түсіңіз. Тағы бір әдіс – шар үрлеу.



Татьяна Струнинаның жаттығулары

Бұл жаттығуларды асықпай, барлық әріптерді дұрыс дыбыстап орындау қажет:

Би-би-би-б; бэ-бэ-бэ-б; ба-ба-ба-б; бо-бо-бо-б; бу-бу-бу-б; бы-бы-бы-б.

Ди-ди-ди-д; дэ-дэ-дэ-д; да-да-да-д; до-до-до-д; ду-ду-ду-д; ды-ды-ды-д.

Бги-пки; бгэ-пкэ; бга-бка; бго-бко; бгу-бку; бгы-бкы;

Пки-бги; пкэ-бгэ; пка-бга; пко-бко; пку-бгу; пкы-бгы;



Фстри-вздри; фстрэ-вздрэ; фстра-вздра; фстро-взтро; фстру-вздру; фстры-вздри.

Осы тіркестердегі сөздер орынын ауыстырып бірнеше рет қайталап көріңіз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет