«Қатарды жалғастыр» ойыны
Жүргізуші оқушыларға бір топтағы заттардың қатарын атайды (4-5түрін).
Балалар бұл заттардың жалпы атауларын атап, қатарды жалғастырулары қажет. Мысалы, жүргізуші мынадай қатарды ұсынады: қаз, үйрек, торғай, қарға,.. немесе Астана, Москва, Лондон,...
«Күн-түн» ойыны
Балалар көзін жұмып, шынтақтарын үстел үстіне қояды. Жүргізуші он саны аясындағы сандарды алу және қосуға байланысты есептер айтады. Балалар көздерін ашпай саусақтарымен жауаптарын көрсету керек. Жүргізуші сыныпта жүріп балалардың қолдарын түртіп, жауаптың дұрыс не бұрыстығын айтады.
Ойынның мақсаты - балалардың көру аппаратын қоспай, есепті ауызша шығара білуге үйрету. Тәжірибе көрсеткендей, кейбір үлкен адамдар да саусақпен жауапты көрсетуге қиналады.
Ойын – еркін және өзіндік әрекет, ол баланың жеке қызуғушылығынан туады, белсенділігімен ерекшеленіп, шығармашылығын, жоғары сезімділігін көрсетеді. Ойында ғана баланың жеке қажеттілігі мен шектеулі мүмкіндіктері ашылады. «Ойын, сондықтан ойын, ол баланың дердестігі...»
Ойын пән әрекетін күшейтіп, логикалық ойлауына, басқа адамдармен іскерлік қатынастарына әсер ететінін анықтайды.
Мазмұны бойынша барлық дидактикалық ойындар оқушылардың ақыл-ой белсенділігін қалыптастырудың маңызды құралы бола отырып, олардың бағдарлама матералының негізгі тақырыптары бойынша алған білімдерін тереңдете түсуді, әрі пысықтауды көздейді. Бұл ойындар балалардың сабақ үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі, олардың пәнге қызығушылығын оятып, ынта-ықылас қоюына баулиды және оқушылардың зейінін, ойлау, зерде процестерін дамытады.
Мысалы: 1 – ші сыныпта қарапайым ғана ойын түрлерін ойнатсақ, сынып жоғарылаған сайын, ойынның мазмұнын да баланың жас ерекшелігіне сай пайдаланған дұрыс.
Осының нәтижесінде:
Оқушының бойында
ойлау тапқырлық шыдамдылық
ұйымдастырушылық белсенділік
қасиеттер қалыптасады.
Оойындарды пайдаланудың маңызы зор. Ойындарды математикалық сабақтарында қолдана отырып, балаларды саналы ойлатуға үйретеміз.Нәтижесінде балалардың қаншалықты білім меңгергенін анықтауға болады. Мұндай ойынның көптеген түрлері бар. Сондықтан ойынды балалардың жас ерекшеліктеріне және өтілетін сабақтардың тақырыбына, мазмұнына сай етіп таңдап алған дұрыс.
Бала ойын іс-әрекеті үстінде қандай да білімді ойынды балалардың жас ерекшеліктеріне және ойынға ұласып кеткенін аңғармай қалуы тиіс. Сонда ғана ойын және іс-әрекеттері табиғи бірлікте болып, пәндік білім, білік және дағдыны игеруге толық ықпал жасайды.
Мысалы: 1 – ші сынып заттарды санауға және олардың екі тобын салыстыруға, өлшеміне, пішініне және түстеріне қарай ажыратуға үйрету мақсатында «Жеміс жинау» ойынын ойнатуға болады.
Сабақ материалына лайықталған ойынды алып, тек қана оқушының орындай алатын іс – әрекетімен шектелу жеткіліксіз. Мұнда ойынды ұйымдастырудың және басқарудың сипаты мен жолдары да жан – жақты ойластырылуы керек.
Халық ойындарын математика сабағында пайдалану оқушының алған білімін күнделікті өмірмен берік ұштастыруға қолайлы. Математика сабағында халық ойындарын қолданудың түрлі жолдары бар.
Мысалы: Балалардың ой - өрісін дамытатын “ Санамақ ” ойыны. Оның басты ерекшелігі баланың ойлау қабілетін жетілдіру. Атау ұйқастарын санау арқылы бала сан үйренеді, санға аты ұйқас заттарды танып біледі.
Бір дегенім – білеу,
Екі дегенім – егеу,
Үш дегенім – үкі,
Төрт дегенім – төсек т.б.
Жаңа буын оқулықтарында қосымша дидактикалық материалдар жинағы бар болғанымен, баланың қызығушылығына әсер ететін ойын түріндегі тапсырмалар қажет екенін бастауыш сынып мұғалімдері мойындап отыр. Сол себепті 1 сыныптан бастап 1 – 4 сыныптарға арналған математика сабақтарындағы дидактикалық ойындар мен тапсырмалар жинақтауды бір жүйеге келтіру мақсатымен осы еңбегімді 1 – сынып мұғалімдеріне бастама ретінде ұсынамын.
“ Таңба дұрыс па? ” ойыны
Достарыңызбен бөлісу: |