Дидактикалық ойындар — әрбір команда мен оның мүшелері ортақ басты міндеттерді шешуде және ұтысқа өзінің тәртібін бағыттайтын ұжымдық, мақсатты оқыту іс-әрекеті. Дидактикалық ойындар — оқылатын жүйе, құбылыс, үдерістерді имитациялық моделдеу арқылы жүзеге асатын белсенді оқыту іс-әрекеті.
Оқу-білім беру мен тәрбиелеу мақсаттарына бағытталған мұғалім ұйымдастыратын оқушылар іс-әрекетінің түрі.
Педагогикалық шеберлік-үнемі жетіліп отыруды қажет ететін балаларды оқыту мен тәрбиелеу өнері.
Ашық сабақ-мұғалімнің жұмыс тәжірибесін зерттеу және тарту түрі.
Оқыту-бұл оқушы мен мұғалімнің мақсатты түрде өзара әрекет жасау процесі.
Әдіс-білім беру, тәрбиелеу және дамыту барысында белгіленген мақсатқа жетуді қамтамасыз етуге, ғылыми зерттеуді жүзеге асыруға көмектесетін тәсіл.
Ойын - бұл адамның мінез-құлқын өзі басқарумен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізіндегі іс-әрекеттің бір түрі.
Даму-ескі қалыптан жаңа сапалы қалыпқа өту және қозғалыстармен өзгерістер процесі.
Дағды-еңбек және басқа да іс-әрекет құралдарымен белгіленген дәлдікпен және шапшаңдықпен оқу немесе ойын міндеттерін орындауда оқыту мен қайталаунәтижесіндегі білік негізінде жақсы қалыптасқан әрекет.