II.Дидактикалық ойындарды бастауыш сыныпта пайдалану
2.1 Оқушыларға оқу әрекетін меңгерту үшін пайдаланылатын дидактикалық ойындардың рөлі
КӨҢІЛДІ АДАМДАР
( КОРРЕКЦИЯЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАР)
1 – сынып оқушыларының оқудағы мәселелері Г.Вицлак, Н.Семаго, С.Семаго “Мектептегі оқу қабілетті зерттеу” кітабында қолданылады. Тексеріс көптеген факторларды: ортаға бейімделмеу мәселесін, балалардың сөйлеу қабілетінің, оның түсінік қабілеті әлсіз екендігін және балалар ереже бойынша жұмыс істейтінін көрсетті. Г.Вицлак әдістемесі тек қана балалардың дамуына ғана көмектеспей, сонымен бірге коррекциялық жұмыс құруға қолайлы.
“Даусымнан таны” жаттығуы.
Жүргізуші: Орманда адасып қалмауымыз үшін, сендердің бір – бірлеріңнің дауыстарыңды қаншалықты жақсы білетіндіктеріңді тексерейік.
Балалар айналып тұрады, басқарушы артына қарап тұрады. Бәрі әндетіп: “Айдана, біз ормандамыз, саған “Ау” деп айғайлаймыз. Көзіңді жақсылап жауып, сені кім шақырғанын тап”. Ойыншылардың біреуі басқарушының атын айтып шақырады, басқарушы оның атын тауып айтады. Ойын 2-3 рет қайталанады.
“Досыңды тап” жаттығуы.
Жүргізуші: Енді орманда адаспау үшін бір –біріңнің сыртқы көріністеріңді айтып, қалай танитындарыңды көреміз.
Екі оқушы бір – біріне арқасымен тұрады. Психолог оларға бір – бірлеп сыртқы көріністеріне байланысты сұрақтар береді.
Санжардың көздері көк пе немесе қой көз бе?
Әйгерім етікте ме немесе красовкада ма ?
Санжарда жасыл немесе көк жейде ме ?
“Бақылаушы және командир” жаттығуы.
Жүргізуші: Жолда адаспауларың үшін, алдында бақылаушы жүреду (парталардың, орындықтардың арасымен) ал командир жолды ойында сақтап қалып, басқа балаларды сол жолмен жүргізеді.
Алдыңғы командир ролін үлкен кісі атқарады.
Ал, біз енді ормандамыз. Бізді орман жануарлары қарсы алды.
Психолог балалардың алдына жануарлардың суреттерін береді.
“Тығылмаш” жаттығуы.
Жүргізуші: Жануарлар өте абайлағыш, сол себепті олар адамдарды көріп тығылады. Психолог балалардың көзінше аңдарды геометриялық фигуралардың артына тығады.
Достарыңызбен бөлісу: |