Ерубаева Жансая 1-4 сынып оқушыларына оқУ Үрдісінде дидактикалық ойындарды пайдаланудың жолдары


I.Ойынжәне дидактикалық ойындарға түсініктеме



бет5/27
Дата05.05.2020
өлшемі1,55 Mb.
#65888
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
Ерубаева Жансая

I.Ойынжәне дидактикалық ойындарға түсініктеме
1.1 «Дидактикалық ойын» ұғымының мәні және жіктелуі
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалық қағидасы бекітілген. Бұл білім мекемелерінің мұғалімдеріне, педагогтарына өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға мүмкіндік береді.

Бастауыш мектепте оқыту процесінде дидактикалық ойындар әрі оқу, әрі ойын қызметін қатар атқарумен ерекше орын алады. Ойын – балалар әрекетінің бір түрі. Оқушыларды оқыту және сөйлету мақсатындағы қарым-қатынастың әдісі мен құралы.Ойын әрекеті естің, ойлау мен қиялға, барлық таным процесіне әсерін тигізеді.

Н.К.Крупская «Қандай ойын болмасын баланы бір нәрсеге үйретеді. Ең бастысы, баланы мұқияттылыққа, еңбекке, жолдасымен ынтымақты болуға үйретеді» - дейді.

Н.К.Крупская өз еңбектерінде бала өмірінде ойынның маңызының зор екенін көрсеткен.

Балалар бір-бірімен ойнау арқылы қарым-қатынас жасауға, ұйымшылдыққа, еңбекке, мұқиятшылдық жағдайы ойын мазмұнына қарай шамалы уақытта ғана көрінетін дәлелдер.

Қазіргі таңда оқыту процесінде бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекетін белсендірудің тиімді жолдары мынандай:



  1. Танымдық дидактикалық ойындар.

  2. Сұрақ-жауап, тапқырлар клубы, викторина, қызықты математика.

  3. Пәндік олимпиада апталығы.

  4. Көрнекіліктер.

  5. Ғылымның, өнердің, мәдениеттің жаңалықтары өтетін сабақтар.

  6. Қызықты газет, журналдар, әдеби кітаптар оқуға жағдай туғызу.

  7. Педагогикалық технологиялар.

Оқыту әдістерінің үш міндеті бар.

  1. Дидактикалық міндет.

  2. Танымдық қабілетін арттыру.

  3. Оқудың тиімділігін арттыру.

Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыруда жүргізілетін жеке жұмыстар әр пән бойынша жүргізіледі. Домбыра үйрету арқылы музыка үйрету, әртүрлі қызықты әңгіме оқу арқылы оқуға қызығушылығын ояту. Бастауыш сынып оқушылары ғылыми зерттеулерді іс-тәжірибелерді қолдана отырып, міндеттерді шешуге сүйенеді. Әрекеттердің әртүрлілігі мен әдіс тәсілдері оқушының оқу барысында қабілетін арттуымен танымдық қызығушылықтың кеңеюіне әсерін тигізеді. Осыдан келіп оқушылардың қызығушылық, сұрақтар қою, қажеттіліктер, білімге деген құштарлық пайда болып, олардың жалпы дамуына әсерін тигізеді. Оқушы мен мұғалім қызметіндегі қызығушылық мынаған сүйенеді.

    • Сабақтың шығармашылық бастамасы.

    • Дұрыс ұйымдастырылған сабақтардың тақырыбы.

    • Сабақ түрлері, өз бетімен жасалатын жұмыстар мен мәтіндердің әртүрлілігі, маңызды жолдарды іздестіре отырып, оқушының оқуға талаптануы.

Осы жолдарды, әдістерді қолдана отырып, оқушылардың білімге қызығуына, зерттеуіне атмосфера туғызу қажет, жоғарыда айтылған қызығушылықты қалыптастыру жолдары мен әдістерін қолдану үшін төмендегідей жағдайларды ескеру керек.

  • Оқу процесіндегі сабаққа қойылатын дидактикалық міндеттер.

  • Білім мазмұнының көлемі, маңызы.

  • Білімді меңгеру деңгейі.

  • Білімді қабылдауы.

  • Білімді қолдана білуі.

Ойын үстінде оқушылар өзі үшін жаттығулар орындап, оқумен жаттығады және ойын үстінде салыстыру арқасында тапсырмаларды орындауға тырысады, ойын оқушыларды ізденуге, жеңіске жетуге ынталандырып бұдан оларды тез қимылдауға, тез ойлауға, тез шешім қабылдауға және тапсырманы нақты орындауға әкеледі. Әрине, бұл жерде ойын ережесі сақталуы керек.

Оқытудың ойындық әдісі ерте кезден бастап күні бүгінге дейін қолданылып, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді.

Біз әрбір сабақта оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіру үшін ойын технологиясының осы түрлерімен жіктеп жүргізілген жұмыс мазмұнына тоқталайық.

Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіруде мынадай жұмыстар жүргізіледі.

«Сөйлем» тақырыбын өту барысында «Сөз қуаласпақ», «Ұйқасын тап», «Жалғасын тап», «Жоғалған сөз», т.б. дидактикалық ойындар қолдану оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді.

«Сөз таптары», «Сөйлем түрлері» тақырыптарын өту барысында тірек сызбалар да балаларға ерекше әсер етіп, оқуға деген құштарлықтарын,танымдық белсенділіктерін арттыруға себепші болады.

Математиканы оқыту процесінде жұмыстың әртүрін пайдалану бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын арттырумен қатар, олардың математикалық қабілеттерін дамытуға септігін тигізеді. Осының негізінде математика сабақтарында оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру үшін төмендегідей жұмыс түрлері пайдаланылады:

Бұл дидактикалық мақсаттағы ойындар – оқушылардың жан-жақты дамуына қызмет етеді. Олар сөздік ойындар, столда ойналатын ойындар, «Жұп картинкалар», «Лот», «Домино» балалардың ойлау қабілеттерін дамытады. Тіл сабақтарда зейінін, ойлауын, байланыстыра сөйлеуін дамытуда сөздік ойындардың маңызы зор. Мысалы, «Ұйқасын тап», «Жалғасын тап», «Жалған сөз».

Математикада көп таңбалы сандардың кұрамын өткенде оқуға, жазуға үйрету үшін «Сиқырлы карта», «Аздан көпке қарай» ойындарын пайдаланған абзал.

Бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекетін белсендіруде сабақты түрлендіріп өткізудің мәні ерекше. Зерттеу барысында біз танымдық бағыттағы сабақтарды жүргізе отырып, ірі жетістіктерге жеттік.

Оқыту процесінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын қалыптастыру үшін жұмыстың әртүрлі формаларын таңдап ала отырып, оларды тиімді ұйымдастыруға көңіл бөлінуі шарт. Жүргізілетін жұмыс түрлері оқушылардың жас және дербес ерекшеліктеріне, оқу материалдарының мазмұны мен оқытудың мақсатына сай болуы қажет.

Бастауыш сынып сабақтарын қызықты да, әсерлі етіп, түрлендіріп өткізу мұғалімнен шығармашылық ізденісті, педагогикалық шеберлікті талап етері сөзсіз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет