Escherichia coli бактериясы генетикалық зерттеулердің маңызды объектісі ретінде E. coli-дегі Хромосома цитоплазмалық мембранаға бекітілген қатаң анықталған нүктеден көбейеді. "Репликация толқындары" бастапқы нүктеден екі бағытта жүреді және хромосомалық сақинаның ортасында бір-бірімен кездеседі. E. coli-де хромосоманың репликациясына шамамен 20 минут кетеді, содан кейін синтезделген хромосомалар бір-бірінен алшақтап, олардың арасында цитоплазмалық мембранадан септум пайда бола бастайды. Біраз уақыттан кейін септуммен бөлінген протопластар бір жасуша мембранасының астында қалады, содан кейін жасуша бөлінеді.
Генді карталау деп қажетті геннің қандайда бір хромосомадағы
басқа гендермен салыстырғандағы орнын анықтауды айтады.
Генді карталаудың мақсаты - жануар геномындағы жекелеген гендердің молекулалык ориентациясын дәл анықтау. Гендік карталардың:
Генетикалық және физикалық түрлерін ажыратады.
Генетикалық гендік карталар дегеніміз - гендер тіркесуінің картасы, яғни тіркескен гендердің саны мен ДНҚ тізбегін жэне тіркесу топтары мен олардыц сызықтық бағытыныц рекомбинация жиілігіне сай мәліметі. Рекомбинация дәрежесі екі локус арасындағы кроссинговер уақиғасы (события) жиілігін білдіреді.
Кроссинговер жиілігі локустар арақашықтығымен пропорционалды болуы себепті, рекомбинация дәрежесін хромосома ұзындығының бірлігі ретінде қарастыруға болады.
Тіркесу картасын құрастыру үшін, негізінен микросателлитті маркерлер қолданылады, өйткені тіркесу картасының мейлінше толық нүсқасын жасауға мүмкіндік береді. Микросателлиттер жақын туысты мал түрлерін салыстырмалы гендік карталандыруда қолдануға да пайдалы. Мысалы, ірі қарада анықталған микросателлитті маркерлер, доңыздарда да қолданыла алады және керісінше де болуы мүмкін. Осындай жолмен бір жануарлардағы ген картасы орналасуы, екінші түрге жататын жануарларда да болжанған болатын.