Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Күшті ұлт болу үшін алдымен ішкі бірлік, ұйымшылдық пен татулық қажет. Ал сондай ұлтты алға жетелейтін білімді, патриот, еңбекшіл, өз салт-дәстүрін, мәдениетін, тілін, дінін құрметтейтін азамат нағыз көшбасшысы болуға лайық» дегендей «Мұғалім мансабы: кәсібилік және көшбасшлық» тақырыбында колледж оқытушылары арасында коучинг өткізілді. Мақсаты: Оқуға бағытталған көшбасшылық пен басқару идеясы туралы мұғалімдердің көзқарастарын қалыптастырып, түсініктерін кеңейту, мұғалімдердің тәжірибесіндегі мұғалім көшбасшылығы ұғымының маңыздылығын ашу; көшбасшылық қызметіндегі кедергілерді жою жолдарын анықтау; кәсіби ақпаратпен алмасуларды жүзеге асыру.