Sql деректер құрылымын анықтау. Sql тілінің функциялары



Дата19.05.2022
өлшемі361,33 Kb.
#144099
түріПрограмма
Байланысты:
айткул дқбжИИ
Новая презентация, 3334869083var 1543

SQL деректер құрылымын анықтау. SQL тілінің функциялары.

SQL тілі

  • SQL концепцияларында операциялардың мәліметтердің кесте түрінде берілуіне бағытталуы, аз сөйлемді жинақы тілді құруға мүмкіндік берді. SQL сұранымдарды орындау үшін, және де қолданбалы программаларды құру үшін де пайдаланылуы мүмкін. Онда келесі сөйлемдер бар: Мәліметтерді анықтау тілі-МҚ анықтау, және де кестелер мен индекстерді анықтау және жою; Мәліметтерді таңдау сұранымы-SELECT сөйлемі; Мәліметтерді түрлендіру сөйлемі-мәліметтер қосу, жою және өзгерту; Мәліметтерді басқару сөйлемі-мәліметтерге кіру артықшылығн беру немесе қайтару, транзакцияларды басқару және т.б.

SQL тілі көптеген ДҚБЖ-ның негізі болып табылады, өйткені ол мәліметтердің физикалық құрылымдануына және дискіге жазылуына сондай-ақ мәліметтерді дискіден физикалық оқуға жауап береді, және басқа компоненттерінен және қолданушы қосымшаларынан SQL-сұранымдарды қабылдау мүмкіндігін береді.Олай болса, SQL қолданушыларға, программаларға реляциялы МҚ ақпараттарына кіруді қамтамасыз ететін мықты құрал. SQL тілінде өрнектерде қолданылатын бірқатар функциялар бар. Олардың жиі қолданылатындары мыналар: Статистикалық функциялар: AVG( ) –орта мән MAX ( )- максимал мән MIN ( )- минимал мән SUM ( )- мән-ң қосындысыCOUNT( )- мәндер саны COUNT ( *)- нольдік емес мәндер саны

Жолдың функциялары

    • UPPER (Str)-Str жолының символдарын жоғарғы регистр символдарына ауыстыру LOWER (Str)- жолының символдарын төменгі регистр символдарына ауыстыру TRIM (Str)-Str жолының басында және соңындағы пробелдерді жою SuBString (Str FROM n1 TO n2)- Str жолынан n1-ден бастап n2-гн дейінгі симвлодар бар болатын ішкі жолды бөліп алу CAST ( AS )- Expression өрнегін туре типіне келтіру 11- Конкатенация Дата мен уақытты декодтау функциялары EXTRACT (<элемент> FROM <өрнек>)- дата және уақытмәнінен тұратын өрнектен көрсетілген элемент таңдалады. Дата және уақытты көрсететін элемент ретінде YEAR, MONTH,DAY, HOUR, MINUTE, SECOND.

SQL тілінде кестелермен жұмыс

  • CREATE TABLE операторы.Кестені құру үшін CREATE TABLE операторы пайдаланылады. Бұл оператордың синтаксисі келесі түрде болады:CREATE TABLE имя_таблицы (Имя_поля_1 тип_данных. Имя_поля_2 тип_данных.имя_поля_N тип_данных)Құрылған кестені ALTER TABLE операторын пайдаланып түрлендіруге болады. Осы оператор көмегімен кестеге жаңа өрістерді қосуға және жоюға, өрістер мәліметтерінің типін өзгертуге, шектеулерді қосып немесе жоюға болады.
Жалпы түрде ALTER TABLE операторының синтаксисі былай болады: ALTER TABLE имя_таблицы [MODIFY][имя_поля тип_данных] [ADD][имя_поля тип_данных][DROP][имя_поля тип_данных]ALTER TABLE операторымен орындалатын әрекет кесте атынан кейін көрсетіоіп негізгі сөзбен анықталады:MODIFY- өріс анықтамасын береді;ADD- кесмтеге жаңа өріс қосады;DROP-кестеден өрісті жояды.

Сыртқы кілт шектеуі (FOREIGN KEY) не CREATE TABLE операторында, не ALTER TABLE операторының көмегімен берілуі мүмкін. Өрістердің бірінші тізімі- үтірмен бөлінген, кестенің бін немесе бірнеше өрістеріндегі тізім. Өрістердің екінші тізімі- ата-аналық кілтті құрайтын өрістер тізімі. Сыртқы және ата-аналық кілттер ретінде көрсетілген өрістері тізімі сәйкес болуы керек: Екеуінде бірдей өріс саны болуы керек;Тізімдерде өрістердің тізбектелу реті сәйкес болуы керек, және де сәйкестік әртүрлі болатын өрістердің аттарымен емес, мәліметтер типімен және өрістер мөлшерімен анықталады. Қазіргі кезде ANSI стандарты индекстарды қолдамайды. Сонда да индекстар барлық мәліметтер қорында кең қолданылады, сондықтан олармен жұмысты назардан тыс қалдыруға болмайды.Индексті құру операторының синтаксисі пайдаланылатын SQL таратуына қарай өзгешеленуі мүмкін.

  • Сыртқы кілт шектеуі (FOREIGN KEY) не CREATE TABLE операторында, не ALTER TABLE операторының көмегімен берілуі мүмкін. Өрістердің бірінші тізімі- үтірмен бөлінген, кестенің бін немесе бірнеше өрістеріндегі тізім. Өрістердің екінші тізімі- ата-аналық кілтті құрайтын өрістер тізімі. Сыртқы және ата-аналық кілттер ретінде көрсетілген өрістері тізімі сәйкес болуы керек: Екеуінде бірдей өріс саны болуы керек;Тізімдерде өрістердің тізбектелу реті сәйкес болуы керек, және де сәйкестік әртүрлі болатын өрістердің аттарымен емес, мәліметтер типімен және өрістер мөлшерімен анықталады. Қазіргі кезде ANSI стандарты индекстарды қолдамайды. Сонда да индекстар барлық мәліметтер қорында кең қолданылады, сондықтан олармен жұмысты назардан тыс қалдыруға болмайды.Индексті құру операторының синтаксисі пайдаланылатын SQL таратуына қарай өзгешеленуі мүмкін.

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАҚМЕТ



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет