Есебі Мен Аманғали Мәди Ертайұлы



Дата15.12.2021
өлшемі15,23 Kb.
#101613
Байланысты:
Есебі


Ақтөбе көпсалалы АГУ Тарлан Колледжінің 011100“Негізгі орта білім

беру” (0111073 “физика пәнінің мұғалімі”)

УФДК-201 тобының студенті

Аманғали Мәди Ертайұлы

«Білім алушының таңдау пәні»оқу тәжірибесі»

Есебі

Мен Аманғали Мәди Ертайұлы мамыр айының 4-і мен 10-ы аралығынд «Білім алушының таңдау пәні» оқу тәжірибесінен өттім.Тәжірибеден Ақтөбе көпсалалы АГУ Тарлан колледжінде өттік. Тәжірибе жетекшісі Өтеген Жазира Әбдікәрімқызы болды.

Іс-тәжірибе кезінде Жазира апай 7-сыныптың сабақ жоспарларымен таныстырып, оны жаңартылған білім бағдарламасымен құруды үйретті. Сонымен қатар мұғалімдердің сабақ үйрету әдіс-тәсілдерін, оқушылармен қалай тіл табыса жұмыс жасай білу керектігін қадағалап қана қоймай оқушыларды да бақылау керек екенін түсіндірді.

Маған берілген тапсырма «Денеге бір түзу бойымен әрекет ететін күштерді қосу» тақырыбында тәжірибе ретінде УФДК-201 тобына сабақты жүргізу. Сабақты бастамас бұрын студенттерді түгендеп, сабаққа дайындықтарын қарадым. Сабақтың барысында студенттермен тығыз араласып оларға берілген тапсырмаларды, өз деңгейлерінде орындап шықты. Сабақ беру барысында, студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, уақытымды үнемді пайдаланып, қойылған мақсатыма жете білдім. Әрине сабақ барысында өзімде шамалы қобалжу болды, оны студенттерге байқатпауға тырыстым. Сабақ біткеннен соң апай маған бірнеше ескертулер берді. Осы сабақта студенттердің ойлау қабілетін байқадым және студенттер түгел қатысып белсенді қатысты. Берілген сұрақтарға топтасып ақылдасып жауап бере алды, осы жерде оқушылардың ауыз біршіліктері өздерін тыңдау қабілеттері білінді. Өзімнің ойымша сабағым жоғары деңгейде өтті деп айта аламын. Физика пәнінің мұғалімі Жазира апайдың берген ескертулерін келесі сабақта қайталамауға тырысамын. Болашақта педагогикалық тәжірибесін мектеп оқушыларымен өткізгенде қателіктерім қайталанбайды деп ойлаймын. Апайыма сабағым ұнады.



Есеп беруші: Аманғали Мәди Ертайұлы

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет