Есенова қалбике өмірбайқызы қазіргі қазақ медиа-мәтінінің прагматикасы


«Газет мәтініндегі адресат факторы»



бет14/39
Дата06.02.2022
өлшемі0,86 Mb.
#32408
түріДиссертация
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   39
2.3 «Газет мәтініндегі адресат факторы» деп аталатын тармақта адресат факторы бұқаралық коммуникацияда маңызды рөл атқаратын күрделі ұғым ретінде танылады. Ғылыми еңбектерде түрліше аталуының өзі (реципиент, рецептор, интерпретатор, тыңдаушы, аудитория, кодты ашушы, әңгімелесуші, сөйлеушінің серіктесі, екінші коммуникант, тыңдаушы коммуникант т.б.) бұл ұғымның сан қырлылығын көрсетеді.
Газет материалын прагмалингвистикалық тұрғыдан қарастырғанда мәтіннің адресатқа бағытталу дәрежесі, яғни автордың өз мақаласын арнаған аудиториясының әлеуметтік ерекшеліктерін (жасы, жынысы, мамандығы, кәсібі, саяси ұстанымы т.б.) ескеруі үнемі зерттеуші назарында болуы тиіс.
Адресат факторын газет мәтініне қатысты алғанда негізінен оқырман термині пайдаланылады. Публицистикалық шығарманы қабылдағанда оқырман біріншіден, өзінің әлеуметтік тәжірибесіне сүйенеді; екіншіден, мәтіндегі ойды өзінің идеологиялық және этикалық көзқарасымен салыстырады; үшіншіден, өз халқының мәдени-тарихи дәстүрлерін ескереді.
Яғни публицистикалық мәтінге баға бергенде біріншіден, журналист шешімін табуды мақсат еткен нақты проблемалар мен мақала жарияланғаннан кейін қол жеткізілуі тиіс нәтижелер ескерілуі тиіс; екіншіден, мәтінде көрініс тапқан идеологиялық ұстанымдар мен этикалық нормалардың рөлі дұрыс түсінілуі қажет; үшіншіден, материал аудиторияға тән мәдени дәстүрмен байланыста алынуы керек.
Қазіргі қазақ баспасөзінде жарияланған оқырмандар хаттарына, әртүрлі сауалнамалар нәтижелеріне шолу жасай отырып және жеке тәжірибе нәтижесіне сүйене отырып, бүгінгі қазақ оқырманын шартты түрде мынадай топтарға бөлуге болады деп ойлаймыз:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет