Есентай Ерботин, Мүбәрак Жаманбалинов



бет4/4
Дата04.11.2016
өлшемі3,5 Mb.
#289
1   2   3   4

Мұзафар Әлімбаев

Мен дәрігер боламын
Ақ халатты киемін,

Аппақ болып жүремін,

Аппақ болып жүргенді

Өзім жақсы көремін.


«Дәрігермін мен ,»- деймін,

Кәрі әжемді емдеймін.

«Көп-көп-ішіп дәріні,

Кәрілікті жең», - деймін.


Мен кішкентай баламын
Мен кішкентай баламын,

Айтқан тілді аламын.

Апам нанға кеткенде,

Үйде ойнап қаламын...

Шкафтарды ашпаймын,

Кітаптарды шашпаймын,

Текшелерден үй жасап,

Қызық ойын бастаймын.

Қарындашты аламын,

Қағазға сурет саламын.

Қарғаны салсам,қарқылдап,

Мазасын алар ананың,

Онан да мысық салайын,

Шашылып жатыр талай ұн.

Қалыпты тескен тышқанның

Мысығым берсін сазайын.


Жұмыртқадай ақ қала
Жалаң аяқ, жалаң бас,

Кілең шебер жас бала,

Қалағаны аппақ тас,

Тұрғызыпты жас қала.

Жайқалып тұр жас орман

Жас қаланы айнала.

Жас қолымен жасалған

Бұл ғажайып қай қала?!


Жұпар шашқан гүлі бар

Жұмыртқадай ақ қала!

Сауық берген бұлбұлдар

Сәнді қала , тап-таза.


Осы бір жас қалада –

Жасаған жас қиялы,

«Арналған, -деп,-балаға»,-

Балдырғандар тұрады.



«Білем!» деме, балам!
-«Білем!» деме, балам!

Білмейтінің көп шығар.

Бәрін білген адам

Дүниеде жоқ шығар.


Көп білуге ұмтылған –

Көз жұмғанша оқиды.

Көз жұмғанша оқыған –

Көп нәрсені тоқиды.


Кірпі,кірпі,кірпісің,

Темір тікен - түрпісің,

Сансыз сары найзасың,

Өзің сонда қайдасың?


Жауды көрсең, жатасың,

Садағыңмен атасың.

Тұла бойың сар садақ,

Берген саған кім қадап?



Ей,балалар,балалар!
Ей,балалар,балалар!

Бірің – шекер, бірің –бал.

Бірің – қайың, бірің –тал.

Жас кезіңде ойнап қал,

Ойнап жүріп ойлап та ал,

Ой түбінде жатар бал!

Илеуінде қайнаған,

Жазды еңбекпен жайлаған.

Ұзақтан дән тасыған,

Досына жаны ашыған,

Құмырқаға көзің сал!

Жұмысын көр! Тәлім ал!

Гүл-гүлден шымшып бал жиған,

Жесін деп сендер ол жиған.

Қанатын желге сындырған...

Сонда да жұмыс тындырған

Бал араға көзің сал!

Жұмысын көр! Тәлім ал!

Кітаптың беті гүл-лала.

Оқыған бала –бал ара.


Отпен ойнама!

Сынық сүйем сіріңке,

Абайсызда сыр- р етсе,

Қызыл қанат балапан

Жолыңнан қашып пыр-р етсе,

Ұстай алмай қаларсың.

Ұстасаң , өзің жанарсың,

Жалғыз тал жаман сіріңке

Болар бір алып жалмауыз!

Талғамай жұтар үйді де,

Оңбаған обыр, от ауыз.

Ойнауды отпен сүйерсің,

Ойнасаң бірақ күйерсің.

Кел,балалар, күлейік!
Кел,балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Қабақ түйген не керек?

Көңілді боп жүрейік.


Кел,балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Күлкі көңіл ашады,

Күліп өмір сүрейік.


Кел,балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Күлкі мізді күн қылып,

Гүл өссін деп тілейік.


Ақ күшігім
Ақ күшігім,ақ күшік!

Қырағы да, сақ күшік.

Түні бойы жатпайды,

Қоралы малды сақтайды.


Әжем оны мақтайды,

Тамағынан қақпайды.

Ақылды итке санайды,

Аппақ жүнін тарайды.


Ақ күшік те еркелеп,

Әжеме жылы қарайды.

Ақ күшігім, ақ күшік!

Қырағы да, сақ күшік.

Түні бойы жатпайды,

Қоралы малды сақтайды.


Ұршық
Анау тауға барайын,

Алысқа көз салайын.

Ақыр қарап жүргенше,

Жидек теріп қарайын.

-Тауға барсаң, тас әкел.

Маған ұршық бас әкел.


Жүрмесін ешкім қырсықтап,

Ақсақ қойша мыртықта,

Екі сүйем, алты елі

Ала кел маған ұршық сап.

Қойды, ешкіні қырқыпты,

Түбіт шықты, жүн шықты.

Шекпен керек,қап керек,

Иірейін ұршықты.


-Алып келдім ақақ тас,

Апа, саған ұршық бас.

Иірмесең ұршықты,

Біздің үйге күн шықпас.


Мен де к-пке ерейін.

Шөпшек теріп келейін.

«Бәрекелде!» - десең сен,

Көтерілсін мерейім.


Жан-жануарлардың баласын сүюі
Қарға баласын «аппағым» деп сүйеді,

Кірпі баласын «жұмсағым» деп сүйеді.

Қоян баласын «үркегім» деп сүйеді,

Тауық баласын «үрпегім» деп сүйеді.

Мысық баласын «мырылым» деп сүйеді,

Ит баласын «жұмсағым» деп сүйеді.

Қой баласын «қошақаным» деп сүйеді,

Түйе баласын «ботақаным» деп сүйеді.

Жылқы баласын «құлыншағым» деп сүйеді,

Ешкі баласын «ерке лағым» деп сүйеді.

Сиыр баласын «талпағым» деп сүйеді,

Аю баласын «балпағым» деп сүйеді.

Қасқыр баласын «қайсарым» деп сүйеді,

Шошқа баласын «май сарым» деп сүйеді.

Апамбаласын «батылым» деп сүйеді,

Ел қорғайтын «батырым» деп сүйеді.




Бал ара мен ара
Бал жеп отырды бала.

Қолына қонды ара.

Араны бала салып қалды.

Ара әлсіреп талып қалды.

Балаға налып қалды.

Шым еткізіп шағып та алды.

Бала бал араны айыптап, анасына шақты...

Анасы аялап арқасынан қақты:

-Араны қинау обал,- деді,-

Саған мына балды берген солар,- деді.




Төрт түлікті қалай шақырады?
«Кәуіс, кәуіс! » -десең, түйең келеді,

Үйге қарай жеңіл басып, желеді.

Жайлы тұрп, жақсы иіп, сауғызып,

«Шұбатың», - деп, бір шелек сүт береді.


«Моһи,моһи!» - десең, атың қарайды,

Даусың таныс дос емес пе, талайғы.

Әсем басып, алдыңа кеп тұра қап,

Жем дәметіп ат дорбасын жалайды.


«Пүшау,пүшау!» - десең,қойың келеді,

Алдамасын иесінің біледі.

«Қой дегенше,қоя ғой», - деп қазағым,

Өзге малдан қойды жақсы көреді.


«Шөрелесең» , ешкі артыңнан ереді.

(Қос мүйізді қой ішінде сері еді).

Қағып ап жеп қолыңдағы наныңды,

«Ақ шай іш» , - деп, ақ кесе сүт береді.


«Әукім!» -десең , сиыр мөңіреп тұрады,

Үйге қарап тез мойнын бұрады.

Жақсы күтсең , бабын тауып, сиырың-

Аппақ сүттің ағып тұрған бұлағы.



Бақа,бақа,балпақ!
- Бақа,бақа,балпақ!

Басың неге жалпақ?

Бұтың неге талтақ?

Танауың неге тостақ?

- Басым жалпақ болғаны –

Темір телпек кигеннен.

Бұтым талтақ болғаны –

Алшақ басып жүргеннен.

Танауым талпақ болғаны –

Иісті сезіп түйгеннен.

Көзім тостақ болғаны –

Тесіле қарап түндерде,

Төбеден жауды ұрғаннан,

Көп күзетте тұрғаннан.




Кірпі
Кірпі,кірпі,кірпісің,

Темір тікен - түрпісің,

Сансыз сары найзасың,

Өзің сонда қайдасың?


Жауды көрсең, жатасың,

Садағыңмен атасың.

Тұла бойың сар садақ,

Берген саған кім қадап?


Қасқыр
Қасқыр жортар түнменен,

Күндес болып күнменен.

Қасқыр жортар сайменен,

Араз болып Айменен.

Қасқыр жортар ойменен,

«Жолықсам, - деп, - қойменен».

Желге мұрнын тосады,

Қойшылар ит қосады.

Қасқыр байғұс қашады,

Жеті қырдан асады...

Күн шыққан соң сасады,

Сай сағалай жатады.

Сілекейін шұбыртып,

Солығын әрең басады.


Сүт ішсең...
Ыстық-ыстық сүт ішсең,

Дәмі кетпес таңдайдан,

Бой жадырап кенеттен,

Буы шығар маңдайдан.

«Ағарған»,- деп, «Ақ дәм», - деп,

Аналар төгіп- шашпайды.

Сүт төгілсе : «Обал», - деп,

Аяғымен баспайды.

Сүт ішсең үзбей жасыңнан,

Қуатыңды сақтайды.

«Сүттей жоқ, - деп,-асыл дәм!»

Бар адамзат мақтайды.

Тапсырмалар

Ерботин Есентай

1940-1992 Баянауыл ауданы

Ерботин бойынша алған білімдерін,ойларын жинақтауға арналған , постер жазып,кластер құрастыруға материал

Есентай Ерботин- балалар ақыны, Қазақстанның балалар ақыны,көптеген кітаптардың авторы.

Шығармашылығын балаларға арнады, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі,Мұзафар Әлімбаевтың шәкірті,Дихан Әбіловтың шәкірті

Жолдап тұрған –отправлял

Әскери қатарға- призыв

Топтамалары жарияланады-опубликовались



Кепілдеме - рекомендация
Деңгейлік тапсырмалар



А деңгейі:

1.Мәтінді мәнерлеп оқып,түсінуге тырыс.

2.Сұрақтар дайында.

3. “Ақша қар” өлеңінен түсінгеніңді

сурет арқылы бер.

Маңыма қонасың, Ақша қар-ақ мамық,

Жаныма қонасың, Аспаннан ақтарып,

Жолыма қонасың, Сандығын ашады,

Қолыма қонасың. Кім сені шашады?!

В деңгейі:

1.Өмірбаяны жайында постер дайындап қорға .

2.Жоспар құр

С деңгейі :

1 Берілген мақалдың мағынасын ашыңыз :

«Жақсының аты өлмейді...»

Берілген сұрақтар мен тапсырмаларды орындауға тырыс

1Есентай Ерботин қайда және қандай отбасында дүниеге келді?

....................................................................................................................

2.Еңбек жолы туралы жаз

..................................................................................................................

3Нешінші жылдары және қандай өлеңдері жарық көрді

......................................................................................................................

4.Болашығын жол ашқан және оның ақындығын танытқан кім?

..............................................................................................................................

5.Кішкентай оқырмандарға арналған қандай өлеңдер жинағы бар?.....................................................................................................................................


Өлеңдері

Шыққан жылы

Өрнек


Өнеге

Серік пен Берік

Менің досым

Балалар бала болғанда

Далаға сахат

1975жылы


1977

1981


1984

1987


1991

.


Қорытынды- рефлексия

Тапсырмаларды орындау...................................................................... болды .

Себебі.................................................................................................................................

...............................................................................................................................................

Рубрикатор бойынша жинаған ұпай саным..................................................................................

Өзіме қоятын бағам......................................................................................................................................

Мұғалім бағасы.............................

Жаманбалинов Мүбәрак 1924-2010 Ертіс ауданы

«Көрші атам» өлеңін сурет салуы арқылы бағалау






рубрикатор


критерий

Тапсырмаға балл

Атаның дене мүшелерін салу (суретін салу)

Дене мүшелерінің бейнелеуінің болуы

2 балл

Атаның немересімен болуы

Сәлемдесу бейнелеуінің болуы

2 балл

Тақияны салу

Түсі айқын бейнеленген

2 балл

Атаның қолында бір заттың болуы шарт

Домбыраның газет-журналдың болуы

4 балл

Шапанын салу

Ою- өрнек бейнелеуі

4 балл

Көзілдіріктің болуы

Пішіні, түсі бейнеленген

2 балл

Өз ауланды салу

Табиғат бейнеленген

4 балл

барлығы

20 балл

Рубрика- бұл зерделенген тақырып бойынша оқушылар білімінің бағалау критерийінің тізімдемесі. Ол қайсыбір тақырыпты зерделеудің мақсаттарымен айқындалады және осы рубриканы ашатын критерийлермен мазмұнды толтырылады.

Деңгейлік тапсырмалар



А деңгейі:

1.Көп нүктенің орнына керекті сөздерді жаз:

Үстінде антенна...

Қасында ит ......

-дің Ішінде атам......

Алдында әжем....


Керекті сөздер: жүр, отыр, тұр, жатыр.

2.«Мен-ақынмын» сөз тіркесін жекеше және көпше түрде жіктеңіз

3. Тест жүйесі арқылы білімімізді бекітіп көрейік:



  • Мүбәрак Жаманбалинов кім?

А Дәрігер; Ә Суретші Б ақын В әнші- Г композитор

Ол қайда туды?

А Алматы облысында; Ә Қарағанды облысында;

Б Көкшетау облысында; В Павлодар облысында.

В деңгейі :

1.Мәтін бойынша жоспар құрып қысқаша тобыңа,одан соң сыныбыңа мазмұндап бер .

2.Сөздерден мағынасына қарай сәйкестендір:


Мүбәрак Жаманбалинов

Балалар бағаланды

Сөйлеуге беттерінде

Құрметпен талпынтты

Газет ақыны

лайықты аталды

С деңгейі:

1.Мақалды толықтыр және мәнін түсіндір. Жаттап ал.

Туған жердей, ........

Туған елдей, ...........



Мүбәрак Жаманбалинов

Үлгі ретінде берілген сұрақтарға жауап жазып,тапсырмаларды орында

1.Ақынның балалық шағы қалай болды немен тұспа-тұс келді?

2 Нешінші жылы туған?

3Қазақ мектебінде неше жыл оқиды?

4.Әкесі кім? Ол қандай адам болған?

5.1939-1941 немен айналысады?

6.1950 жылдары кім болып істеді?

7.Балаларды қалай оқытты?

8.Өлең-ертегілерді кімнің талабымен жаттады?

9.1958-1990 ж ақын қандай қызмет атқарды?

10.Газет беттеріне қандай мәселелерді жазды.?

11Нешінші жылдары балалар поэзиясы әңгіме болды?

12.Ақынның қандай өлеңдер таңдамалары жарық көрді?

13.Ақынның өлеңдері қандай тілдерге аударылды. Өзің қанша тіл білесің?

14.»Жауқызын деп аталатын»жинағына нелерді енгізді?

15.Қандай поэмасы бар? Поэмада не жырланады?

15.Мүбәрак Жаманбалиновтің еңбегі қалай бағаланды?

Сонымен ой жинақтасақ М.Жаманбалинв кім?

Балалар ақыны

2.Қандай адам? –қарапайым,сабырлы,ақкөңіл,жеке басының кісілігі бар, жүрек жылуымен айналасын нұрға бөлеген ардақты азамат.



Кім?

Қандай адам?




Мұзафар Әлімбаев

« Мен дәрігер боламын »



А деңгейі:

1.Жұбыңмен ойланып,тобыңмен кеңесіп,әр абзацқа ат қойыңыз

2.Сол бойынша тобыңызбен жоспар құрыңыз

3. Шашылған сөздерден сөйлем құрастырыңыз: Шарбақты ауданы,Павлодар облысы,1923 жылы, Маралды аулында, Әлімбаев Мұзафар , келген, дүниеге .



В деңгейі:

1 .Сөздерді буындарға бөліп жаз. Буын түрлерін анықта. Сабақ, терезе, еңбек ,мұғалім ,еден ,тақта, оқушы ,қоңырау ,тіл ,сөйлем, сөз ,сызғыш ,өшіргіш .

2. « Мен дәрігер боламын » өлеңіне сурет бойынша 7-8 сөйлем құрастыр.Керекті сөздер: дәріхана,,дәрі,емхана, жедел жәрдем , Синоним болатын сөдерді, көптік жалғауы жалғанған сөздерді , етістіктерді тауып жазыңыз.

С деңгейі:

«Дәрігер» туралы 5 жолды өлең құрастыр.





М.Әлімбаев бойынша құрастырылған сұрақтар үлгісі.

1.Нешінші жылы және қайда дүниеге келді?

2.М.Әлімбаев кім?

3.Ұлы Отан соғысына қатысқан ба?

4.Нешінші жылы және қандай университет бітірген?

5.Қызмет істеген журнал қалай аталады?

6 Қазақ әдебиетігазетінде кім болып істеді?

7.Алғашқы өлеңдерін нешінші жылдары жазды?

8.Қандай өлеңдерін майдангерлерге арнады?

9.Лирикалық поэмалары қалай аталады және онда нені жырлайды?

10Ту тіккен атты дастан кімнің ерлігіне арналды?

11.Естай –Қорлан атты дастанына кім арқау болды.Әнді үйренгім келе ме?

12.Қанша ән жазды?

13.Неше тілге аударылды?

14.Оның қандай кітаптары танымал?

15.1982ж қандай жинағы үшін сыйлық берілді.?

16.Қанша елдің мақал-мәтелін жинастырды?

17.Кімдердің шығармалалырн қазақ тіліне аударды? Қырғыз елінің қандай эпосын қазақ тіліне аударды ?

18.Қазақстан Республикасының Әнұранының авторы кім?

19.Ақын шығармалары қандай тілдерге аударылды?

20.Ақын қандай ордендер мен медальдермен марапатталды?
Ой жинақтауға постер жасауға үлгі ретінде

Мұзафар Әлімбаев

Қазақ ақыны,публицист,әдебиет зерттеушісі,аудармашы.балалар әдебиетінің атасы,жерлес ақын,майдангерлер ерлігін жырлаған ақын,Отанын,туған елін сүйіспеншілікпен жырлаған ақын.балалардың жүрегіне жол тапқан ақын.Ол 1923 жылдың қоңыр күзінде дүниеге келген».Менің туған өңірім-Маралды атырабы- әнші күйшілер,ақын-жыраулар,термеші,хикаяшылар,думан-құрған өлке.Солардың тәтті сазын-татымды сөзін,тарымды ғибрат-тағылымын қаршадайымнан өқлағыма құйып өстім»,- деп еске алады ақын өз естеліктерінің бірінде.

Қазақ әндерінің ішіндегі жауһар дүниеге айналан «Маралдымдыестімеген қазақ жоқ-ау,сірә!Бұл ән талай жүрекке лүпіл,талай тамырға бүлкіл сыйлады .Әуенге айналған Маралды, ең әуелі қазақ әдебиетінің ақсақалы,елін өлең нәрімен сусындатқан ақын Мұзафар Әлімбаевтың туған жері.

Көкірегіміз күмбірге толы күйде үш жүзге аты мәлім Маралды көлі,Мұзафар Әлімбаевтың жұрты тұрған киелі жер.



Маралдым

Сөзі;Мұзафар Әлімбайдікі

Әні .Әсет Бейсеуовтікі

Қыз Қорлан қор қызындай тамсандырған,

Естайға әлемде жоқ ән салдырған.

Маралды! Маралды –көл! Маралды – төр !

Самалдай ән еседі қарсы алдыңнан.

Туған ел,туған жерім-Қызыл таңым,

Сапырған күн астында қызыл дәнен.

Өссем де құшағың ажырамай,

Көркіңе көрмегендей қызығамын.

Туған жер,өскен елім – Қызыл таңым ,

Сенікі ішкен суым,тұзым,дәмім.

Даңқыңды дәулетіңді шалқытады,

Бақытын сенен тапқан қыз-ұлдарың.

О ,Маралдым ,Маралдым !

Сенің үшін жаралдым ,

Топырағыңнан нәр алдым.

Көзіңдейсің сен маған ,

Атам менен анамның.


Әдебиеттер тізімі:

Ерботин Е. Далаға саяхат: өлеңдер, ертегілер, жұмбақтар, жаңылтпаштар. - Алматы: Жалын, 1991. - 80 б.

Ерботин Е. Менің досым: өлеңдер. - Алматы: Жалын, 1984. - 35 б.

Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтама. Алматы: «Аруна Ltd». ЖШС, 2005. - 576 б.

Қазақ әдебиеті: энциклопедия. Алматы: ҚР Білім және ғылым мин-гі, Қазақстан даму ин-ты. - Алматы - 1999. - 750 б.

Қазақстан жазушылары: анықтамалық / құраст.: С. Қамынгер, Қ. Жұмашева. - Алматы: «Ан Арыс» баспасы, 2009. - 480 б.

Шынашақ: қазіргі қазақ балалар поэзиясының антологиясы / құраст.: М.Әлімбаев, Қ.Баянбаев. - Алматы: Балауса, 1992. - 544 б.

Әлімбаев М. Атадан қалған асыл сөз. - Алматы: Балауса, 2003. - 22 б.


Әлімбаев М. Аулақ бол жаман әдеттен / суретші Б. Ералиева. - Алматы: Балауса, 2002. - 32 б.
Әлімбаев М. Көңіл күнделігі: эсселер. - Алматы: Жалын, 1996. - 288 б.
Әлімбаев М. Көргендерім көңілде: деректі эссе-очерктер. - Алматы, 1992. - 33 б.
Әлімбаев М. Өмір. Өнер. Өнерпаз: эссе, естеліктер, ой-толғамдар. -Алматы, 1990. - 459 б.
Әлімбаев М. Толқыннан толқын туады. - Алматы, 1992. - 248 б.
Әлімбаев М. Халық-ғажап тәлімгер. - Алматы, 1994. - 144 б.
Әлімбаев М. Шығармалар жинағы. 2 т. - Алматы, 1997.1т. - 1997. - 622 б.2т. - 1997. - 709 б.
Әлімбаев М. Халық-ғажап тәлімгер: қазақ халқының мақал- телдеріндегі, қара өлеңдеріндегі халықтық педагогика және Абай поэзиясындағы азаматтық тағылым хақында. - Алматы: Рауан, 1994. - 144 б.
Әлімбаев М. Хат: өлеңдер. - Алматы: Санат, 2005. - 232 б.

Әлімбаев Мұзафар // Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы, 2005. - 89 б.Жаманбалинов М. Ақшам. – Павлодар: ЭКО, 2000. - 204 б.


Жаманбалинов М. Ауысқан сөздердің орнын тап!: өлең // Жарты ғасырдың алтын қоры. - Алматы, 2007. - 135 б.
Жаманбалинов М. Аштық азабы. – Павлодар НПФ «ЭКО», 2004. - 204 б. 
Жаманбалинов М. Ашық күн: өлеңдер, ертегілер, жұмбақтар. - Алматы: Жалын, 1984. - 239 б.
Жаманбалинов М. Әйгілі аудан - Ертісім / ред. Ғ. Жұматов. - Павлодар: ЭКО, 1998. - 396 б. 
Жаманбалинов М. Әйгілі аудан - Ертісім. 2 т; / ред. А. Бәделхан. - Павлодар: ЭКО, 2003. - 256 б. 
Жаманбалинов М. Балғын гүлдей балақан: өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ертегілер, мысалдар, дастандар. - Алматы: Жазушы, 1974. - 181 б.
Жаманбалинов М. Ертіс лебі: өлеңдер жинағы. - Алматы: Қазмемкөркемәдеббас, 1963. - 88 б.
Жаманбалинов М. Жайнаған өңір, қайнаған өмір (Железинка ауд.). - Павлодар: ЭКО. - 2004. - 226 б. 
Жаманбалинов М. Жауқазын: таңдамалы өлеңдер. - Павлодар, 2001. - 208 б.
Жаманбалинов М. Көсем мүсіні; Қоян да көріп сүйінді; Жомарттығы-ай даламның; Батыр; Жоқ, жоқ, апа...; Мықтылардың мықтысы: өлеңдер; Жаңылтпаштар // Қазақ балалар поэмасының антологиясы. - Алматы, 1997. - 173-179 б.
Жаманбалинов М. Мықтылардың мықтысы. - Алматы: Жазушы, 2003. - 159 б.
Жаманбалинов М. Толқын: өлеңдер. - Алматы, Жалын. - 1979. - 95 б.
Жаманбалинов М. Торғайлар қуанышы; Шофер; Тырна; Сурет; Шопан; Итмұрын тергенде; Аңғырт аю; Терек; Борсық; Дәрігер аю мен қорқау қасқыр. // Қазіргі қазақ балалар поэзиясының антологиясы. - Алматы, 1992. - 98-116 б.
Жаманбалинов М. Түгел батыр және оның ұрпақтары(тарихи аңыздар, шешендік толғаулар, шежіре - деректер / А. Бәделхан. - толықт., 2-ші бас. - Павлодар: ЭКО, 2006. - 130 б.

Жұматов Ғ. Мәшһүр тағлымы: елге танылған есімдер. - Павлодар: ЭКО, 2008. - 293 б.


Советтік Қазақстан жазушылары: био-библиографиялық анықтамалық. құраст.: С. Ахметов, Д. Еркішев. - Алматы: Жазушы, 1987. - 736 б.
Шынашақ: Қазіргі қазақ балалар поэзиясының антологиясы / құраст.: М. Әлімбаев, Қ. Баянбаев. - Алматы: Балауса, 1992. - 544 б.
Қазақ балалар поэмасының антологиясы // құраст. Г. К. Қажыбаева - Алматы: Арда, 2005. - 456 б.
«Балалар бағының бағбандары»: анықтамалық. - Алматы: / құраст. Ш. Күмісбайұлы «Балалар әдебиеті» баспасы, 2008. - 300 б.
Қазақ балалар әдебиетінің кітапханасы. - Алматы: Балауса, 1986

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет