Есентай Ерботин, Мүбәрак Жаманбалинов



бет1/4
Дата04.11.2016
өлшемі3,5 Mb.
#289
  1   2   3   4
«Павлодар қаласы №39 инновациялық үлгідегі гимназия

сыныптары бар жалпы орта білім беру мектебі » ММ





/Есентай Ерботин , Мүбәрак Жаманбалинов,

Мұзафар Әлімбаев/

Оқыту орыс тілінде жүргізілетін мектептердің

4- сыныбына арналған.

Құрастырғандар :

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері

Жанна Мәжитқызы Кашенова

Павлодар, 2014жыл

Алғы сөз
Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында деңгейлеп оқыту технологиясын қолдану өте тиімді. Деңгейлік тапсырмалар дегеніміз – балаға шамадан тыс жүктеме беру емес, керісінше оқушының біліміне, мүмкіндігіне, сұранысы мен қабілетіне сәйкес дайындалған сатылы жұмыстар тізбесі.

Маңыздылығы - оқушының шығармашылықпен белсенді жұмыс істеуін дамытыды, әр оқушыны өздігінен үйренуге баулиды, өткен грамматикалық, лексикалық тақырыптарды жүйелі игеруге дағдыландырады, ой еңбегімен айналысуға жетелейді, яғни оқу-танымдық құзіреттілігі қалыптасады. Ал деңгейлеп оқытудың ерекшелігі - оқушылардың сабақ үрдісінде бірнеше деңгейде жұмыс жүргізе алатындығында. Осы оқыту әдісі арқылы мұғалім шәкірттерінің нені білетінін, нені меңгергенін, нені меңгермегенін байқай алады. Соның нәтижесінде балаларда намыс оты оянып, басқалардан қалып қоймауды ойлап, өз мүмкіндігіне қарай дайындық жасайды әрі тырысады, пәнге деген қызығушылығы артады.

Біз әр сабақты мазмұнды құруға, жаңа технологиямен сабақ беруге тырысамыз, оқушылардың терең әрі тиянақты білім алуына жол ашамыз. Сондықтан да қазіргі ұрпақты білім нәрімен сусындатуда жаңа технологияның алатын орны ерекше. Себебі мұғалімнің интеллектуалдық, рухани азаматтық, т.б. адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін өзі дамытуға көмектеседі. Ал, оқушылар үшін баланың қабілеті ашылады, шығармашылығы шыңдалады ізденеді. Деңгейлік тапсырмаларды жүргізудегі негізгі мақсат – баланың қабілетін ашу, шығармашылығын шыңдау, іздендіру.
Жас балғын !
Берілген тапсырмаларды орындау арқылы сенің әдеби талғамың жетіліп, әдебиет әлеміне терең бойлай түсесің. Адамгершілік тұрғыдан есеюіңе тілектеспіз.

Оқуда сәттілік тілейміз !

Кіріспе
Бұл оқу-әдістемелік құралға Павлодар өңірінен шыққан балалар әдебиетінің үш бәйтерегі Есентай Ерботин, Мүбәрак Жаманбалинов және Мұзафар Әлімбаевтің өлеңдері, әңгімелері мен шығармалары топтастырылды.

Бүгінгі заман әрбір оқушыға саналы да терең білімнің берілуін талап ететіні бесенеден белгілі. Сондықтан оқу үрдісінің негізгі мақсаты - түрлі әдіс-тәсілдермен балалардың тіл байлығын арттыру, белсенділігін қалыптастыру, шығармашылық ойлау қібілеттерін дамыту, өз ойларын еркін жеткізуге, шығармашылықпен жұмыс жасауға машықтандыру.

Бұл жинақты құрастырудағы мақсатымыз:

Біріншіден, оқушыларды 4 сыныптан бастап қазақ әдебиеті әлемімен жақын таныстыру;

Екіншіден, тіл дамыту мәселесіне бет бұру. Тіл дамыту дегеніміз - балалардың сөздік қорын дамыту, қысқаша айтқанда оларды еркін сөйлей білуге дағдыландыру. Осыдан келіп тіл дамыту жұмысының кең ауқымды екенін көреміз;

Үшіншіден, Ертістің Павлодар өңірінен шыққан балалар ақындарының өлеңдерін жаттаған оқушыларды облыстық, республикалық, халықараралық көркемсөз оқу шеберлері сайыстарына, байқауларға, пікірталас, модель, түрлі жобаларға қатыстыру. Балалар әдебиетінің атасы саналатын Есентай, Мүбәрәк, Мұзафар аталарының өлеңдерін, жалпы шығармаларын насихаттау. Олардың туындыларын бір жинаққа енгізу.

Осы мақсаттарға жету үшін төмендегідей міндеттерді жүзеге асырамыз:

1. Оқушылардың өздігінен білімін толықтыра, жетілдіре отырып, қосымша білім алуын қолға алу;

2. Оқушылардың бір-бірімен пікір алмасуын қалыптастыру;

3. Берілген білімнің нәтижелі болуын қадағалу (түрлі байқау, сайыстарға қатыстыру);

4. Оқушылардың білімін оқыту үшін және оқу үшін бағалау;

5. Шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Оқу құралындағы тапсырмалар оқушының өз бетінше білім алуына, шығармашылық қабілетін дамытуға, өзіне ұнаған өлеңдерді мәнерлеп оқуға, есте сақтауына көмектеседі.

Жыл сайын қазан айында Бұқар жырау атындағы облыстық әдебиет және өнер мұражайында Есентай Ерботнді еске алу әрі олардың әдеби мұрасын насихаттау мақсатында мәнерлеп оқудан бастауыш сынып оқушылары арасында байқау өткізіледі. Бұл байқауда жетістігіміз бен жемісіміз қатар көрінеді. Жинақты мұғалімдерге де қажет болар, септігі тиер деген оймен құрастырдық.

Оқу – әдістемелік дидактикалық құралдың мазмұны мен құрылымы
Тақырыптық жоспарлау

I Жарты жылдыққа құрастырылды.



Грамматика .Фонетика . Лескика.Морфология

Тарау


Сабақтың тақырыбы


Тілдік бөлім



Сағат саны

9 сағат


Ерботин


Есентай

Балалар үнін ұққан-

жүрегіне жол тапқан

Сан есім

1


«Менің досым»

өлеңдер жинағы



1



«Ақша қар» өлеңімен жұмыс



Сын есім.Етістік


1

Мүбәрак

Жаманбалинов



Қазақ балалар поэзиясының өкілі


Етістік.


Отыр.Тұр.Жатыр.Жүр

1




«Жауқазын» атты таңдамалылар жинағы



Жіктік жалғауы .

Жекеше,көпше түрі

1




«Көрші атам» өлеңі


Зат есім.Етістік



1

Мұзафар

Әлімбаев


Есімі елге елеулі



Сан есім

1




Бүлдіршін,бүлдіршін күнмен бір күлсін!



Буын. Буын түрлері


1




«Мендәрігер боламын» өлеңін талдау



Көптік жалғауы.

Синоним

1


Ерботин Есентай

(1940 - 1992)

Баянауыл ауданы


 

Есентай Ерботин 1940 жылы 13 қазанда Павлодар облысы Баянауыл ауданы, Мәшһүр Жүсіп ауылында колхозшы шаруаның отбасында дүниеге келген. 1959 жылы онжылдық мектепті бітірді. Сол жылы әскери қатарына шақырылған. Германияда Кеңес әскерінің қатарында азаматтық борышын өтеп жүрген Есентай Ерботин аудандық, облыстық газеттеріне балауса өлең жолдарын жолдап тұрған. Үш жыл әскери қатарында болған Есентай Ерботин Қарағандыдағы педагогикалық институттың филология факультетіне оқуға түсіп, оны 1967 жылы бітіріп шығады. Біраз уақыт ауылда мұғалім болады.

Әдебиет мұғалімі Е. Ерботин енді өзін журналистика саласында байқап көргісі келеді. Ақын облыстық «Қызыл ту» газетінде жұмыс істейді. Содан кейін облыстық телерадио комитетіне ауысады. 1981 жылдан бастап өмірінің соңғы сәтіне дейін Павлодар облысындағы Қазақ радиосының тілшісі болып істейді. Өлеңдері облыстық газетте, республикалық «Балдырған» журналында жиі жарияланып тұрды. 1975 жылы «Жазушы» баспасынан «Өркен» атты тұңғыш жинағы жарық көрді. Арада екі жыл өтпей «Жалын» баспасынан «Өнеге» деген екінші жинағы шықты. 1981 жылы осы баспадан «Серік пен Берік», 1984 жылы «Менің досым», 1991 жылы «Далаға саяхат» жинақтарын шығарды. Бұдан басқа ұжымдық жинақтарда «Кім боламын?», «Жаңылтпаштар», «Балдырған базарлығы», «Айналайын анашым» атты өлеңдері мен топтамалары жарияланды.

Белгілі жазушы, журналист, ақын Мұзафар Әлімбаев Есентай Ерботиннің ақындығын таныған шығармашылығына қол ұшын берген, келешегіне жол ашқан ұстазы. Балалар ақыны болу оңай емес, Қазақстанның балалар ақыны атануы Есентай Ерботинға да оңай келген жоқ. Қазақстанның халық жазушысы Дихан баба Әбілев атанған ақын - жазушының 1981 жылы Есентайға берген кепілдемесінде ақынның жинақтарына тоқталып келіп, оны балалар ақыны деп атаған. Қазақстан жазушылар одағының мүшелігіне қабылдануға ұсыныс жасаған.

Есентай Ерботин көптеген кітаптардың авторы. Міне осы кітаптарды асықпай оқып отырғанда ақынның алдымен өзінің кішкентай оқырмандармен ұғынысуға тырысатынын аңғару қиын емес. Ойын түсініктерін жеткізу үшін әр-түрлі өлең формаларын пайдаланады. Жұмбақтар, өтірік өлеңдері ойнақы ұйқастарға құрылған. Е. Ерботиннің өлең өлкесіңдегі еңбектерінің тоқтар тұсының бірі - «Балалар бала болғанда» атты жинағы. Бұл жинаққа өлеңдер, бірнеше аңыздар мен толғаулар енген.

Е. Ерботиннің алғашқы өлеңі 1959 жылы облыстық «Қызыл ту» газетінде жарияланған екен. Автор өлеңдерінің бір тақырыбы - туған өлкенің тарихы, бүгінгі тынысы. Өмірінің соңғы сәтіне дейін қолынан қаламын тастамады.. Шығармашылығын балаларға арнады. Өзінің балалар ақыны екендігін іштей мақтан тұтатын.

 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет