Сабақ тақырыбы:
Есентай Ерботин «Даңғой»
Жалпы мақсат:
Оқушылар «Даңғой» мысалын оқу арқылы шығармадағы негізгі ойды ұғындыру, жаңа сөздерді пайдалана отырып сөздік қорларын толықтырып, байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Адами қасиеттерді талдай отырып, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге баулу.
Оқу нәтижесі:
Мысалдағы қалтарыс, кәде, даңғой, желөкпе сөздерінің мазмұнын түсінеді, сөйлемдер арасында қолдана алады. Жақсы-жаман қасиеттерді ажырата алады. Жаман әдеттен бойын аулақ ұстауға тырысады.
Ұйымдастыру кезеңі
1.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
«Оқытылатын пәндердің бәрін қаусырып, орап алатын пән-ана тілі. Ана тілін жақсы меңгеріп алмай, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес.Ана тілі халық болып жасағаннан бергі жан дүниесінің айнасы: өсіп, өніп түрлене беретін мәңгі құламайтын бәйтерегі...» (Ж.Аймауытов).
Топқа бөлу
Стикерлер арқылы топқа бөлу
.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын білдіреді.
Үй тапсырмасын сұрау
5мин
«Жеңіс, сәттілік, қуаныш, достық, ауызбыршілік, сыйластық» тілектерді оқушыларға тарату. Тілектердің артындағы тапсырмаларды орындау арқылы үйге берілген тапсырманы сұрау.
«Сәлем» сөзінің мәні қандай?
Сәлемдесу не үшін қажет?
Амандасу түрлері
Мақал-мәтел
«Ассалаумағалейкум» сөзінің мағынасы
Қонақтармен қалай амандасар едің? Өзге ұлт өкілдері қала амандасады екен?
Балалар топ бойынша алған тапсырмаларына жауап береді.
Жаңа сабақ
Балалар тізбектелген көптеген әріптердің арасынан тұтас сөздерді табу керек.
Өсек талап
Өтірік еңбек
Мақтаншақ терең ой
Еріншек қанағат
Бекер мал шашпақ рақым
Балалар, енді біздің бүгінгі тақырыбымызда осы адам бойында кездесетін жақсы-жаман қасиеттердің бірі айтылады. Сіздер мән беріп тыңдасаңыздар, ол қандай қасиет екенін анықтай аласыздар.
Есентай Ерботин (1940 - 1992) Павлодар облысы, Баянауыл ауданында туған. 1950 жылы республикалық «Балдырған» журналында балаларға арналған алғашқы сықақ өлеңі жарияланады. Содан бері «Өрнек», «Өнеге», «Серік пен Берік», «Менің досым», «Балалар бал болғанда», «Далаға саяхат» атты кітаптары жарық көрген. Бүгін біз «Даңғой» деген мысалымен танысамыз.
Сөздікпен танысу
Даңғой - мақтаншақ
Даңғойланды - мақтанды
Алып - үлкен
Қалтарыста - таса жерде
Кәдеге - пайдаға, керекке, қажетке
Балаларға алдымен сөздіктегі сөздер көрсетіледі, балалар өз ойларын айтқаннан кейін сөздікпен таныстырылады.
Шығармамен таныстыру5мин
1.Мысалды оқып беремін.
Мысал дегеніміз не?
Мысал дегеніміз - шығарманың ішіндегі ең қысқа түрі. Көбіне, аң, хайуанат, жәндік туралы жазылады. Сол арқылы адам бойындағы мін, кемшілік мазаққа айналдырылып, сықақпен сыналады.
Мысалда түйінді ой болады. Түйінді ой дегеніміз - автордың айтар өсиеті.
2.Оқушыларға тізбектей оқыту.
Топтық жұмыс
1-топ. Сөзден сөз теру «Мақтаншақтық»
2-топ. Бес жолды өлең құрау «Қияр»
3-топ. Даңғой қиярдың суретін салып, қияр ролінде мақтану.
Балалар сөздерді табады, сол сөздерді топ бойынша екі бағанға тізеді.
Балалар бұл сөздердің нені білдіретінін және ол сөздерді қайда кездестіргенін айтып, Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін жатқа оқиды.
Балалардың қолдарына автор туралы дерек таратылады. Балалар соны оқи отырып, Есентай Ерботиннің кім екенін айтады. Содан кейін экраннан мәліметті қарайды.
Балалар сөздікте берілген сөздерді қалай түсінетіндіктері туралы айтады.
Оқушылар мысалдың оқылуын тыңдайды. Мысал деген не екені туралы ойларын ортаға салады.
Оқушылар топ бойынша жұмыс жасайды.
Сергіту сәті
Дәптермен жұмыс
Балалар шеңберлерде көрсетілген сөздерден бүгінгі тақырыпқа қатыстыларын екінші шеңберге ауыстырады.
1.Шығарма неліктен мысалға жатады? 2.Қияр нені қиялдады? 3. Неліктен өз арманына жете алмай ұятқа қалды? 4.Мақтанған қияр қандай күйге ұшырады?
5.Мысалда ақын қандай тұжырым жасайды?
6.Мысалдан қиярдың сөзін тауып оқыБалалар тапсырмаларды орындап болған сон, сандарды құрастырады
Сабақты қорытындылау
Балалар Мақтаншақ, еріншек, еңбекқор, білім, халық сөздерін қатыстырып тілек ойларын айту
Рефлексия
Бүгінгі сабақ несімен ұнады?
Ойыңды толық жеткізіп, сабаққа қатыса алдың ба?
Кімнің сабаққа қатысуы қатты ұнады?
Бағалау
Оқушыларды қолдарындағы смайликтері бойынша бағалау. Әр топтың жұмысын бармақ арқылы немесе қол шапалақтау арқылы немесе мадақтау сөздер арқылы бағалау.
Үй тапсырмасы:
Достарыңызбен бөлісу: |