Есеп 15 Кәсіпорында өнімді сатудан түскен түсім 110 мың тг құрды, жалпы табыс 40 мың тг, еңбекақы төлеу 20 млн тг Анықтау керек: Өнімнің толық өзіндік құнын, млн тг Баланстық пайданы, млн тг Өнім рентабельділігін? Есеп 16



Дата07.02.2022
өлшемі13,8 Kb.
#96979
түріПрактикум
Байланысты:
26, 26, 26

Практикум 26


Есеп 13
Бірінші тоқсанда 10 мың бұйым өндіріп, оның бір данасының бағасы 70 тг болды. Тұрақты шығын бағасы 160 мың тг құрады, айнымалы шығын үлесі 50 тг болды. Екінші тоқсанда 8 %-ға пайданы көбейту жоспарланды. Пайданы 8%-ға көбейткенде қанша қосымша өнім өндіру қажет?


Есеп 14
Тауардың нарықтағы бағасы 495 тг., бағаға қосымша бөлшек баға 25 %, мекеменің өткізуге арналған үстемесі 10%, қосылған бағаға салынатын салық 20%, кәсіпорын өнімінің толық өзіндік құны 250 тг.
Анықтау керек:
Кәсіпорын пайдасын, тг?
Өнім рентабельділігін, %.


Есеп 15
Кәсіпорында өнімді сатудан түскен түсім 110 мың тг құрды, жалпы табыс 40 мың тг, еңбекақы төлеу 20 млн.тг
Анықтау керек:
Өнімнің толық өзіндік құнын, млн.тг
Баланстық пайданы, млн тг
Өнім рентабельділігін, %?


Есеп 16
Өнім саудан түскен түсім 500000 тг., өнім өндірісі шығындары 390000 тг., материалдық құндылықтарды сатудан пайда 14000 тг., сатудан тыс әрекеттерден пайда 12000 тг. Баланстық пайданы, сатылған өнім рентабельділігі деңгейін анықтаңыздар


Есеп 17
Өнімді сатудан түскен табыс 1500 мың тг., сатылған өнімнің өзіндік құны 993 мың тг; сату операцияларынан басқа да табыстар 50 мың тг., сату емес операциялардың шығындары 74 мың тг., материалдық құндылықтарды сатудан түскен пайда 10 мың тг.
Анықтау керек:
Баланстық пайданы?
Сатылған өнімнің рентабельділік деңгейін?


Есеп 18
Өзіндік құнның өзгерісі нәтижесінде төменде берілген деректер бойынша, базистік жылмен салыстырғандағы есепті жылдың пайда сомасының өзгерісін анықтаңыздар?
Өнімнің өзіндік құны; тг 35000 48000
Сатылған өнімнің көлемі, тг 50000 54000


Есеп 19
Қоймадағы дайын өнім қалдығы және жөнелтілен тауарлар, бірақ жыл басына әлі төленбегені:
- көтерме баға бойынша – 32060 мың тг;
- Өндірістік өзіндік құн бойынша – 22000 мың тг;
- көтерме бағадағы тауарлық өнім – 964540 мың тг.
- Тауарлы өнімнің өзіндік құны 752480 мың тг. Қоймадағы дайын өнім және жөнелтілген тауарлар қалдығы , бірақ әлі жыл басына төленбегені:
- көтерме баға бойынша 31060 мың тг;
- өндірістік өзіндік құн бойынша 21050 мың тг;
- тауарлы – материалдық құндылықтарды сатудан түскен табыс - 4200 мың тг.
Сатудан тыс әрекеттер пайдасы 48040 мың тг.
Анықтау қажет:
1) сатудан түскен пайданы;
2) баланстық пайданы;
3) кәсіпорын қарамағында қалатын пайданы анықтау қажет.


Есеп 20
Өзіндік құнның өзгерісі нәтижесінде төменде берілген деректер бойынша, базистік жылмен салыстырғандағы есепті жылдың пайда сомасының өзгерісін анықтаңыздар:

Көрсеткіштер

Базистік мерзім

Есепті мерзім

Өнімнің өзіндік құны, тг

35000

48000

Сатылған өнімнің көлемі, тг

50000

54000



Есеп 21
Келесі кестедегі мәлімет бойынша үш тоқсандағы өнім рентабельділігін салыстыру қажет:

Көрсеткіштер

Өлш.бірлік

Жылдық тоқсан

І

ІІ

ІІІ

Шығарылған бұйым саны

Дана

1500

2000

1800

Бір бұйымның бағасы

тг

60

60

60

Бір бұйымның өзіндік құны

тг

50

52

48


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет