Есеп жанры және түрлері Баспасөздегі есеп – қандай да бір өткен оқиғаны, іс-шараны шағырландырып ұсынады. Есеп басқа жанрлардан құрғақтығымен және баяндаудың сатылануымен ерекшелінеді. Есептің түрлері: тікелей есеп – оқиға болған жерден артық түсініктемелерсіз тікелей беру; есеп-коммюнике – өткен саяси кздесу туралы әңгіме;түсініктеме беру элементтері бар есеп-толғау; Кеңейтілген есеп – кеңейтілген түсініктемелермен ілеспе жүретін оқиғаны беру. Есептің тілі мен стилі – ресми-іскерлік мәнерде жазылады. «Теория и практика советкой периодической печати» атты ұжымдық монографияда есеп түрлерін былай бөледі: «Тікелей ақпараттық есеп, талдамалы есеп, тақырыптық есеп, бір адамның сөзіне құрылған есеп, бірнеше сұрақтарға құрылатын есеп, проблемалық есеп». Ал қазақ журналистикасын зерттеген ғалым Т.Қожекеев: «Қысқа есеп, кеңейтілген есеп, төте есеп, тақырыптық есеп, проблемалық есеп», - деп бөлуі көңілге қонымды. Қазіргі таңда есеп жанры жанр ретінде мерзімді баспасөз беттерінде сирек кездеседі. Кейбір зерттеулер есептің тіпті жағалып кеткені туралы айтады. Бірақ олай емес. Есеп әлі ле өз мүмкіндіктерін сарқа пайдаланған жоқ. Бұл жанр әлі де газеттік публицистикада өмір сүре алады деуге негіз бар. Есеп – белгілі бір аудитория (конференция, жиналыс, спорттық жарыстар және түрлі көрмелер, т.б) қатысқан іс-шаралар жөніндегі ақпараттық хабарлама. Айтылған мағұлматтардың сипатына қарай есеп жалпы немесе тақырыптық, ал мақсаты мен айтылу ерекшеліктеріне қарай – ақпараттық (айтылған пікірлер, оқиғалар, деректер жүйелі түрде) немесе сараптамалық (назар белгілі бір оқиғаға аударылып, оған баға беру, түсіндіру) болып бөлінеді. Есепті іс-әрекетті сөзбен жеткізу арқылы, қоғамдық-саяси мәні бар мәселе жөнінде оқырманға хабарлау мақсатында жазады. Есеп – баспасөз тәжірибесінде бұрыннан қолданып келе жатқан жанр. Шамамен XVII ғасырда пайда болған. Алғашқы есеп жанрының белгілері орыстың «Ведомость» газетіндегі Петр патшаның іс-сапарлары мен өзге ел өкілдерін қабылдауы жөніндегі мақалалардан байқалады. Есеп –іс-әрекетті сөзбен жеткізу арқылы, қоғамдық-саяси мәні бар мәселе жөнінде оқырманға хабарлау. Олардың қатарына: конфиренция, съезд, жиналыс және тағы басқа жатқыза аламыз. Есеп авторы жиналыс барысындағы мән-жайды толығымен жазады. Есеп жанрының баспасөз тәжірибесінде бірнеше түрі қолданылады. Олар: тіке және тақырыптық болып бөлінеді. Тіке есепжанрын газет бетінен гөрі радиода жиі кездестіреміз. Мұндағы ұшыртпай қаз-қалпында оқырманға я тыңдарманға жеткізу. Ал ақырыптық есеп барысында автор талқыға алынған мәселенің мәнін ашып, ол жайында түсініктеме береді. Орыс ғалымы А.Тертычныйесеп жарнының сараптамалық түрін қарастырғанда: «Сараптамалық есеп сөйлеген сөздер мен баяндамалардың өзара байланысы», - деп анықтама береді.