Есеп және аудит кафедрасы



бет3/4
Дата07.02.2022
өлшемі43,53 Kb.
#96856
1   2   3   4
Байланысты:
1АПТА. ДӘРІС. СТАТИСТИКА (7)

Статистикалық бақылау дегенiмiз — бұқаралық құбылыстарды, үдерістердi жан-жақты тексеру үшiн олар жөнiндегi бастауыш материалдарды жинау.
Статистикалық бақылау нәтижесiнде жинақталатын мәлiметтер үш талапқа жауап беруi керек: 1) анықтық пен шынайылық; 2) толыққандылық пен жан-жақтылық; 3) салыстырмалылық, сәйкестiлiк.
Құбылыстарды тiркеу уақыты, бастауыш мәлiметтердi жинау әдiсi, бақылау бiрлiктерiн қамтуы және ұйымдастыру тұрғысынан статистикалық бақылау бiрнеше түрлерге бөлiнедi.
Ұйымдастыру және қаржыландыру тұрғысынан статистикалық бақылауларды төрт түрге бөлуге болады: 1) статистикалық есеп; 2) арнайы тұрақты зерттеулер; 3) тiркеулер; 4) бизнес тексерулер.
Есеп – кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметі туралы мәліметтерді тұрақты түрде белгіленген тәртіп және уақыт бойынша алуды қамтамасыз ететін бақылау түрі.
Ағымдық арнайы тексерулер – арнайы респонденттерді жалдап, құбылыстар туралы бастапқы мәліметтерді тұрақты немесе оқтын-оқтын тіркеп отыру жолымен жинау үрдісі болып табылады.
Бизнес зерттеулер – сауалнамалар (анкеталар) көмегімен экономикалық жағдайды талдау және қысқа мерзімді экономикалық болашақты белгілеу мақсатымен сұрақ-жауап жолымен кәсіпкерлерден мәлімет жинау.
Оқиғалардың жүзеге асуын тiркеу уақытына қарай статистикалық бақылау үш түрге бөлiнедi: 1) үздiксiз (ағымдық) бақылау; 2) мерзiмдiк бақылау; 3) бiржолата бақылау.
Үздiксiз бақылауда оқиға немесе құбылыс болған уақытта, яғни сол мезеттiң өзiнде-ақ тiркеледi. Мәселен, туылу, өлу, некеге тұру және ажырасу сияқтыларды азаматтардың хал актiлерiн тiркеу органдарында тiркеу, жиналған өнiмдердi бастапқы құжаттар бойынша тiркеу, жұмысшылар мен қызметкерлердiң жұмысқа шығуын табель парағына тiркеу және т. с. с.
Мерзiмдiк бақылау дегенде оқиға болғаннан кейiн белгiлi бiр уақыт өткенде оны тiркеудi және бақылауларды тең уақыт аралығында қайталап тұруды түсiнемiз. Мәселен, әрбiр он жылда халық санағын өткiзу, студенттердiң сабақ үлгiрiмiн әрбiр жарты жылда рейтинг балы арқылы бағалау және т. б.
Бiржолата бақылау белгiлi бiр мәселенi шешу мақсатымен қажет жағдайларда ғана жүзеге асырылады. Бұндай бақылау қатарына тұрғын үй қорын тiркеу, көп жылдық жемiс ағаштарын тiркеу, табиғи апат салдарынан туған залалды бағалау жұмыстары жатады.
Қарастырылып отырған жинақ бiрлiктерiн қамтуына байланысты статистикалық бақылау жаппай бақылау және iшiнара бақылау болып бөлiнедi.
Қаншалықты жақсы ұйымдастырылып, жүзеге асырылғанымен, кез -келген бақылаудың өзiндiк қателiктерi болады. Мәлiметтердi жинау үдерісiнде жол берiлген қателiктер бақылау қателiктерi деп аталады. Дәлдiгi үлкен өлшеу құралдары көмегiмен жүзеге асырылатын бiр құбылысты бақылауда да қателiктер кездеседi. Бақылау қателiктерi екiге бөлiнедi: а) тұрақты қателiктер; б) кездейсоқ қателiктер.
Тұрақты қателiктердiң өзi екi түрге бөлiнедi: а) өлшеу қателiктерi; б) жеке қателiктер, яғни бақылаушы тұлғаның қателiктерi.
Ішiнара бақылауларда оқиғаларды тiркеу үдерісiнде тiркеу қателiктерi мен арифметикалық қателiктермен қатар тұрақты қателiктер де кездесiп тұрады. Олар мүдделi және мүддесiз қателiктер болып табылады. Мүдделi қателiктер белгiлi бiр мақсатты көздейдi. Ал мүддесiз қателiктер бақылау әдiсiн, әсiресе бағдарлама мен нұсқауларды жалпылама түрде баяндаудан және бақылаушылардың жұмысын оңайлату үшiн белгiленген тәртiптен iшiнара шегiнуден туындайды. Сонымен қатар iшiнара бақылауларда жеке қателiктер де болады, олар репрезентативтiк қателiктер деп аталады.
Репрезентативтiк қателiк дегенде iрiктелген бақылау нәтижесiнде жиналған мәлiметтерге негiзделiп анықталған жалпылама көрсеткiштердiң қарастырып отырған басты жинақтың нақ осындай шынайы көрсеткiштерiнен айырмасын түсiнемiз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет