Есеп және аудит кафедрасы



бет1/4
Дата07.02.2022
өлшемі43,53 Kb.
#96856
  1   2   3   4
Байланысты:
1АПТА. ДӘРІС. СТАТИСТИКА (7)




«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехнакалық университеті» КеАҚ


Есеп және аудит кафедрасы


ПӘН: СТАТИСТИКА


1ТАҚЫРЫП: СТАТИСТИКАНЫҢ ПӘНІ МЕН ӘДІСТЕРІ
2ТАҚЫРЫП СТАТИСТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ

Оқытушы: доктор PhD Шайкенова Н.Т

Нұр-Сұлтан, 2020




1–тақырып. СТАТИСТИКАНЫҢ ПӘНІ МЕН ӘДІСТЕРІ


Дәріс сұрақтары:
1.1 Статистика түсінігі мен пәні
1.2 Статистиканың негізгі категориялары
1.3 Статистикалық әдістер

Дәріс мақсаты: Экономикалық пәндер жүйесіндегі статистика ғылымының орны мен мәнін ұғындыру. Статистикалық қызмет аясындағы нормативтік-құқықтық базамен таныстыру.

Статистиканың пайда болуы тәжірибелік сұраныстарға тікелей байланысты. Ерте замандарда-ақ қарулы күштер қатарына лайықты адамдардың санын білу, салық салынатын нысандарды белгілеу қажеттігі туындады, соның нәтижесінде халықтың саны, жынысы, құрылымы жөніндегі мәліметтерге қажеттілік пайда болды. Азаматтық қарым-қатынастар дамыған сайын оларға тікелей байланысты құбылыстарды тіркеп отыру қажеттілігі де күшейе түскен. Ауыл шаруашылығы, сауда, өнеркәсіп сынды салалардың және экономикалық байланыстардың дамуы шаруашылыққа қатысты оқиғалар мен іс-әрекеттерді тұрақты бақылап отыруды талап еткен. Соның нәтижесінде сауда статистикасы, өнімдерді өндіру және бөлу статистикасы, экономикалық статистиканың басқа да тармақтары туындап, дамыған.


Этимологиясы, яғни келiп шығуы тұрғысынан «Статистика» терминінің қандай да бір классикалық грекше немесе латынша негiзi жоқ. Ол латынның “status” — қалып, жағдай, итальяндардың “state” — мемлекет деген сөздерiнiң бiр мағынаға тоғысуынан туындайды. Статистика сөзi күнделiктi өмiр мен ғылымға XVIII ғасырда кiрiп келдi.
Статистика сөзi пайда болған кезiнен бастап күнi бүгiнге дейiн әрi көпше, әрi жекеше мағынамен қолданылып келедi. Бүгiнгi таңда төмендегiдей мазмұнда қолданылады:
– статистика дегенде күнделiктi өмiрдiң сан қырлы жақтары — экономикалық, мәдени, саяси, рухани, әлеуметтiк-психологиялық, әлеуметтiк-демографиялық және басқа да оқиға-құбылыстар мен қоршаған ортаның жағдайы туралы мәлiметтер кешенiн түсiнемiз. Бұндай мазмұнда бұл сөз көбiнесе мерзiмдiк баспасөз беттерiнде және ақпарат құралдарында қолданылады;
– мәлiметтердi жинау және қайта өңдеу үдерісi де статистика атымен жүргiзiледi;
– статистикалық көрсеткiштердi есептеп, сақтайтын, ақпарат қызметiн көрсететiн арнайы ұйымдарға қатысты сөздер айтылғанда да статистика сөзi қолданылады. Мәселен, газет беттерiнде “статистикалық мәлiметтерге қарағанда” деген сiлтеме жиi кездеседi;
– iрi кәсiпорындар мен кеңселерде шаруашылықты жүргiзу жөнiндегi көрсеткiштердi есептеу және есептер дайындаумен айналысатын бөлiмнiң аты да статистика бөлiмi деп аталады;
– ғылымның арнайы бағыты да статистика деген атпен жүргiзiледi.
Статистиканың зерттеу объектісі – жаппай (бұқаралық) құбылыстар мен үрдістер.
Статистика бұқаралық сипаттағы құбылыстар мен үрдістерді зерттейді. Бұл ретте құбылыс сөзі қоғам өміріне, тұрмыста, табиғатта, қысқаша айтқанда, материалдық әлемде шын мәнінде болған нақты оқиғаны білдіреді. Мәселен, жанұяда бала туылуы, мақта немесе бидай өнімі, жұмысшылар саны, жауын-шашын, қоршаған ортаның ластануы, т.б.. Үрдіс сөзі оқиғалар ағынын, олардың белгілі бір мекен-жайда, уақытта қандай жылдамдықпен жүретінін, жүзеге асатынын не аспайтындығын, құбылыстардың даму барысын білдіреді.
Бұқаралық құбылыстар мен үрдістердің белгілері:
1) бұқаралық құбылыс пен үрдістің бірінші маңызды белгісі – оған бірқатар объектілер қатысады да, олардың өзара ұқсастық белгілері болады;
2) бұқаралық құбылыс пен үрдістің екінші қасиеті – жиынтықтағы кейбір объектілер мен элементтердің өзіндік ерекшеліктері бар, олар дербес, ерікті түрде әрекет жасай алады;
3) бұқаралық құбылыс пен үрдістің үшінші қасиеті – жиынтықтың бірер белгісі жөніндегі сипаттаулар арқылы оның басқа объектілерінің сипатын анықтауға болмайды.
4) бұқаралық құбылыс пен үрдістің соңғы, төртінші әрі ең маңызды белгісі - онда белгілі бір заңдылық қалыптасады, бірақ ол жеке құбылыс арқылы көрінбейді. Бұндай заңдылық статистикалық заңдылық деп аталады.
Бұқаралық құбылыстар мен үрдістерде байқалатын заңдылықтарды анықтау және оларды зерттеу – статистиканың негізгі міндеті, ол статистикалық зерттеудің алдына қойылған түпкілікті мақсат болып саналады.
Қайсы салаға тиісті екеніне қарамастан, статистика пәні барлық бұқаралық құбылыстар мен үрдістерді зерттей алады. Бұл оның әмбебаптығын, баршаға ортақтығын айқындайды.
Осылайша статистика пәні – бұқаралық құбылыстар мен үрдістердің сандық және сапалық қасиетін зерттеу, олардың бойында нақты орын мен уақытта анықталатын заңдылықтарды сандық өлшемдер арқылы бейнелеуден тұрады.
Бұқаралық құбылыстар мен үрдістер барлық салаларда жүріп жатады, олардың жүру жағдайлары да, құбылыстары да сан қилы. Демек, бұндай құбылыстар мен үрдістердің көптеген формалары мен түрлері бар. Сондықтан да олардың бойындағы статистикалық заңдылықтардың көріністері де алуан түрлі болады. Оларды кез –келген бірыңғай әдістің көмегімен үйрену мүмкін емес. Бұл үшін арнайы әдістер, амалдар кешені, білім құралдары қажет.
Статистика әдістемесі дегеніміз – бұқаралық құбылыстар мен үрдістерді зерттеуде, оның бойындағы заңдылықтарды айқындауда қолданылатын өзіндік әдіс, яғни статистика теориясы мен тәжірибесінде қолданылатын әдіс-амалдар мен құралдар кешені.
Статистикалық зерттеу екі сатыдан және бірнеше фазалардан құралады да, өзіндік әдістер негізінде жүзеге асырылады.
Кең ауқымды және толық мағынамен алғанда статистикалық зерттеу екі сатыдан құралады:
1) бейнелеу статистикасы сатысы;
2) талдау статистикасы сатысы.
Алғашқы сатыда төмендегідей негізгі мақсаттар мен міндеттер көзделеді: қарастырылып отырған объектілерді спецификациялау, олар туралы мәліметтер жинау және қайта өңдеу, қоғамдық құбылыстар мен үрдістердің мөлшерлік өлшемдерін сипаттайтын көрсеткіштерді есептеу, оларды көркем де ықшам түрде, қажет кездерде сөзбен сипаттап беру. Ал екінші сатыда көрсеткіштерді статистикалық талдау, олардың арасындағы себеп-салдар байланыстарды анықтап, бағалау, қарастырылып отырған объектілердің заңдылықтарын айқындау, ғылыми болжамдарын сенімділік тұрғысынан бағалау, статистикалық қорытындылар жасау сияқтылар негізгі мақсаттар мен міндеттер қатарына жатады.
Белгілі бір сатының әрбір фазасында бұқаралық құбылыстар мен үрдістерді зерттеудің алуан түрлі әдістері, жолдары мен құралдары қолданылады. Мәселен, объектілерді спецификациялау фазасында оларды қарапайым немесе күрделі сипаттау, элементарлық немесе иерархиялық бірлестіктер жасап топтастыру, қайта топтастырудың түрлі жолдары, кластерлік талдау әдістері және басқалар қолданылады. Статистикалық бақылау процесінде өндірістік немесе зертханалық жағдайда тәжірибе-сынақтар өткізу, есептік немесе арнайы зерттеулер мен тіркеулерді жүзеге асыру, анкеталық немесе іріктеу әдістері бойынша бақылау және басқалар пайдаланылады. Құбылыстар ортасындағы өзара байланыстарды зерттеу кезінде талдау тұрғысынан топтастыру, параллель қатарлар жасау, орташа көрсеткіштер, динамика қатарының көрсеткіштерін есептеу мен аналитикалық теңестіру, корреляциялық және регрессиялық талдау әдістері, дисперсиялық талдау, индекстік және факторлық талдау сияқты әдістер және басқаларды пайдалануға болады.

2–ТАҚЫРЫП. СТАТИСТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет