Есеп және аудит мамандығы бойынша сырттай білім алатын студенттерге арналған



бет5/8
Дата19.02.2017
өлшемі1,18 Mb.
#10644
1   2   3   4   5   6   7   8

Дәріс тезистері


1 ТАҚЫРЫП

АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ӨНДІРІСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Мақсаты: ауылшаруашылық өндірісіндегі ерекшеліктерімен танысу, білу.

Жоспар:

  1. Ауылшаруашылық кәсіпорындардың тағайындалуы

  2. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру

1. Ауылшаруашылық кәсіпорындардың тағайындалуы

Ауылшаруашылық кәсіпорындары халық үшін азық-түлік өнімдерін, өнеркәсіптің бір қатар салалары үшін шикізат өндіреді, өнім малының және күш көлік малдардың негізгі табынын ұдайы толықтырып отырады. Ауыл шаруашылығының өнеркәсіптен, құрлыстан және халық шаруашылығының басқа салдарынан оны ажырататын өзіне тән ерекшеліктері бар. Осыған орай мұнда бухгалтерлік есептің де ерекшеліктері бар. Олар өндірістің және меншіктің әр түрінің: мемлекеттік, ұжымдық (колхоздар), жеке (шаруашылық қожалықтар), акционерлік және басқаларының ерекшеліктерінен туындайды.

1. Ауыл шаруашылығындағы ең басты және ешнәрсемен ауыстыруға болмайтын, табиғаттың өзі берген өндіріс құралы жер болып табылады. Оны пайдаланудың ерекшеліктері ауыл шаруашылық өндірісін шоғырландыру мен мамандырудың өзгеше түрлерін туады. “Егін шаруашылығында...... жердің өзі өндіріс құралы ретінде қызмет атқарады. Ал фабрикада бұл жоқ немесе тар шеңберде ғана болады, өйткені жер мұнда фабриканың негізгі оның орналасқан орны, жергілікті операциялық базасы ғана болып табылады”

2. Ауылшаруашылық өндірісі аумақты кеңестікте шашыранды орналасқан және үлкен көлемде жүргізіледі. Мүнда қуатты ауыл шаруашылық машиналары қолданылыды. Бұл ерекшелік өндірістік бөлімшелерді ұйымдастыруға ықпал жасайды және шығындар мен табыстарды дақылдар бойынша және түліктердің түрлері бойынша ғана емес, сонымен бірге шаруашылық есептегі бөлімшелер бойынша есептеуді талап етеді.

3. Ауылшаруашылық өндірісінде өндіріс уақыты мен жұмыскезендердің, арасындағы үзіліс айқын байқалады. Мысалы: күздік астық дақылдарын өсіру 300 тәулікке дейін созылыда .Бұл ауыл шаруашылық кәсіпоындарын өнімдерінің бірі түрін ғана емес, жұмыс кезеңі бір уақытқа тура келмейтін бірнеше өнімдер өндіруге, әртүрлі қосалқы шаруашылықтар мен кәсіптерді құруға итермелейтін себептердң бірі болып табылады. Ауыл шаруашылығын интенсивтендіру өндіріс уақыты мен жұмыс кезеңінің арасындағы үзілісті қысқартуға мүмкіндік береді. Осы ерекшелікке байланысты кәсіпорын өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы, өнеркәсіп және көмекші өндірістері өнімдерінің өзіндік құны ай сайын есептей алмайды, өйткені, бұл салалар тікелей өзара байланысты. Жыл бойы өнімдерді есетеу бағасы бойынша кіріске алады, ал жылдың аяғында оның нақтылы өзіндік құнын анықтайды және кәсіпорынның жұмыс қортындысын шығарып, пайдамен немесе зиянмен жұмыс істегеннін көрсетеді.

4. Ауылшаруашылық кәсіпорындары өндіріс құралдарының бір бөлігін өздері заттай ұдайы өндіріп отырады. Шаруашылықта өсірілген малдары өнім беретін және көлік малдары ретінде пайдаланады. Негізгі құралдар есебіндегі сақа өнім беретін және көлік малдарын негізгі табынның есебінен шығарып, семіртуге айналым құралдарына аудару. Өндіріс өнімпдердің бір бөлігін одан әрі өнім өндіруге пайдаланады. Осының нәтижесінде ауыл шаруашылығындағы жалпы өнімнің 20% дейінгі келесі өндіріс цикілінде еңбек құралдары ретінде пайдаланады.

5. Дақылдар мен малдардың көпшілігінен биологиялық ерекшеліктері мен өндірістік жағдайларға байланысты өнімнің бірнеше түрлері және екінші дәрежелері маңызы бар өнімдер алынады. Маңызы төмен қосымша өнімдер әдетте, өзіндік құнды есептеудің өзіндік обьектісі болып есептелмейді. Мысалы сүт бағытындағы ірі қара табынынан сүт, төл және көң алынады. Жұмсалған шығындарды есептеу негізіндегі салдарда есептеу обьектілері бойынша емес, есепке алу обьектілері бойынша жүргізіледі. Өнімдердің әртүрлерінің арасындағы шығындар, белгіленген коэффициенттер немесе оның сату бағасы бойынша бағалануына пропорционалды не басқаша түрде бөлінеді.

6. Ауылшаруашылық кәсіпорындарында, әдетте құрамы өндіріс басымы болады. Олдардың жанында басты және екінші дәрежелі товарлы салалар, сондай-ақ басқа салалар мен халыққа қызмет көрсететін салалар болады. Өндірістік бөлімдер, өндірістің салалары, ал олардың ішінде-жалгерлік ұжымдар, дақылдардың тобы, жұмыстар малдардың түрлері мен топтары бойынша негізгі және қосымша шығындарды есептеуді ұйымдастыру қажеттілігі туындацды.

7. Ауылшаруашылық өндіріс мерзімдік, малдардың басым түрлерінен өнімдер алудың, сондай ақ техникаларды пайдалану мен жөндеуге жұмсалатын шығындардың біркелкі болмауы тән. Комбайындар мен басқа машиналарға амортизация олар жылына бір екі ай жұмыс істеседе жыл бойына біркелкі есептеледі.

8.Өндіріс процесінде бастапқы материал не дайын өнім не жанды өсімдік немесе мал болып табылады. Олар болашақ түпкі нәтижедегі өнімнің барлық салмағын көрсетпейді. Бұл өнімнің салмағы өндіріс процесінің барысында өндірістік мен малдардың, еңбектің, сыртқы ортаның және өндіріс құралдарының уақыт барысындағы ықпалымен табиғи өсу және дамуы арқылы жасалады. Ол өндірістер мен малдардың өсу және дамуының табиғи жағдайлармен анықталады.


2. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру

Есепті ұтымды ұйымдастырудың негізгі алғышарты бухгалтерлік есеті мемлекеттік басқару болып табылады. Есепті компютерлендіру оны жүргізудің прогресшіл түрлері мен әдісткрін қолдану алғашқы есеп пен құжаттар айналымының дұрыс қойылған жүйесі, қызметкерлердің іскерлік қабілетін арттырумен қатар есеті мемлекеттік басқару есептің тиімді жүйесін құрудың қамтамасыз етеді. Есепті жалпы мемлекеттік басқаруды Қаражат Министірлігі, статистика жәге талдау жөніндегі Мемлекеттік Комитет, салық министірлік мен ведомстволар атқарады.

Статистика және талдау жөніндегі Мемлекеттік комитет министірліктер мен ведомстволардың қатысуымен өзара байланысты статистикалық көрсеткіштердің жүйесі және статистика мен есептің біріңғай ғылыми методологиясын жасайды; есеп пен статистиканы жетілдіру, есеп берудің түрлерін қысқарту және бір ізге салу жөнінде жүйелі түрде жұмыс жұргізіледі, қаражат Министірлігімен бірлесіп бухгалтерлік есеп пен статистиканың көрсеткіштері мен түрлерін жетілдіру жұмысын жүргізеді; есеп пен есеп беруді компютерлендіру жөнінде шараларды іске асырады; өзінің есептеу қондырғыларында құжаттарды, жоспарлы және басқа экономикалық есептеулерді өңдеуді ұйымдастыруды; есеп қызметерлерінің білімін көтеруді ұйымдастыруды; халық шаруашылығындағы есеп беру мәліметтерінің дұрыстығын тексереді.

Бухгалтерлік есеп беруде кәсіпорын қызметінің негізгі қаражат көрсеткіштері бойынша жоспарының орындалуы сипатталады.

Статистикалық және бухгалтерік есеп берулер мерзімді және жылдық болады. Соңғысына мәліметтердің барынша кең шеңбері енгізіледі және онда кәсіпорынның өндірістік және қаражат қызметі сипатталады.

Есеп беруді жасаудың тәртібі, адрестері, беру мерзімі және қаралуы бухгалтерлік есетер мен баланстар жөніндегі Ережеде көрсетіледі.

Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және жүргізу үшін кәсіпорындарда бухгалтериялар құрылады. Оларға есеп жүргізу, есеп берудің құрастыру және қаражат тәртібінің сақталуын бақылау міндеттеледі. Бухгалтериялардың жүмысы министірліктерде, ведомстволарда, бірлістіктерде, министірліктердің бас басқармаларында және басқа басқару органдарында бухгалтерлік жұмысты ұйымдастыру жөніндегі Жалпы ережеге сәйкес ұйымдастырылады.
Әдебиет: 5 бет 8-11.
Бақылау сұрақтары:


  1. Ауылшаруашылық кәсіпорындардың міндеті қандай?

  2. Ауылшаруашылық кәсіпорындардың тағайындалуы неде?

  3. Ауылшаруашылықта бухгалтерлік есеп қалай ұйымдастырылады?

  4. Бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы қандай жолмен жүзеге асырылады?


2 ТАҚЫРЫП

НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫ ЕСЕПТЕУ

Мақсаты: негізгі құралдарды есептеу жолдарымен танысу.

Жоспар:

  1. Негізгі құралдар, оларды жіктеу, бағалау және есептеудің міндеттері

  2. Жерді жалға беру шарттары

  3. Бұйымдық-заттық белгілер

  4. Өндірістік инвентарь және басқа керек жарақтар

1. Негізгі құралдар, оларды жіктеу, бағалау және есептеудің міндеттері

Ауыл шаруашылық өндірісі процесіне еңбек құралы және еңбек заттары қатысады. Еңбек құралы — бұл «... бұйым немесе бұйьш-дардың жиынтығы, адам оларды өзімен еңбек затының арасына орналастырады және олар осы затқа оның ықпалын жургізуші ретінде қызмет етеді»1. Басқаша айтқанда, бұл ендіріс құралы, олардың кәмегімен өндіріс процесі іске асырылады (тракторлар, комбайндар, автомашиналар, аспаптар). «Солар арқылы еңбек за-тына ықпал жасайтын және сондықтан да олар қалайда оның әре-кеттерін іске асыруға қызмет ететін бұйымдардан басқа, кең ма-ғынасында алранда, еңбек процесінің құралдарына жалпы алғанда процестің іске асуы мумкін болуы үшін қажетті барлық материал-дық жағдайлар жатқызылады»2.

Ауылшаруашылық кәсіпорындарында табиғаттың езі берген өбндірістің басты қүралы жер болып табылады. Жер өндіріс құра-лы ретінде — еңбек процесінің негізгі және қажетті алғы шарты, маңызды факторларының бірі.
2. Жерді жалға беру шарттары

Жерді жалға беру шартпен хатталады, онда пайдаланылатын жердің тур-лері (егістік, шабындық және басқалары) бонитет көлемі керсетіледі

1. Шартты бонитет балының азаюы арқылы көрінетін топы-рақ құнарлылығы темендесе, жалгер топырақтың (жер қыртысы-ның) алрашқы жағдайына қайта келуіне қажетті шығындарының көлемінде айып санкциясын төлейді немесе жердің құнарлылығын өзі калпына келтіреді деп көрсетілуі тиіс.

Негізгі қүралдар халық шаруашылығының салалары бойынша топтастырылады;

Ауыл шаруашылығы (егін шаруашылығының, мал шаруашы-лығының және жалпы пайдалануға арналған негізгі құралдарын бөледі — комбайндар, тракторлар, шөп оратын машиналар, жем азық дайындайтын кухнялар);

енеркәсіп (өнеркәсіптік ендірісте пайдаланылатын үйлер, жұ-мысшы машиналар, май зауыттарының, мал соятын пункттердің, қыш зауыттарының жабдықтары мен инвентары);

құрылыс (құрылыс алаңдарында пайдаланылатын — мұнаралы крандар, бетон араластырғыштар, бульдозерлер);

сауда және қоғамдық тамақтану (технологиялық жабдықтар, автолавкілер);

тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және халыққа түрмыс-тық қызмет керсету. Мына төменгі салалар бөлек көрсетіледі: «Тұр-ғын үй шаруашылығы», «Коммуналдық шаруашылық», «Халыққа тұрмыстық қызмет көрсету» (өндірістік емес сипаттағы)—монша-ның, кір жуатын орынның, тігін шеберханаларының, шаштараз-дардың үйлері, ғимараттары және жабдықтары;

денсаулық сақтау, дене тәрбиесі және әлеуметтік қауіпсізденді-ру (денсаулық пункттерінің, демалыс үйлерінің, санаторийлердің, спорт базаларының үйлері мен жабдықтары);

халыққа білім беру (мектептердің, балалар ясли-бақшалары-ньщ, балалар үйлерінің ғимараттары мен жабдықтары);

мәдениет (мәдениет сарайлары мен үйлерінің, клубтардың, оқу үйлершің, көрмелердің ғимараттары мен жабдықтары);

өнер (мәдениет үйлерінің ғимараттары мен инвентарьлары, сах-наньщ жабдықтары).
3. Бұйымдық-заттық белгілер

Арналған мақсатына қарай бұйымдық-заттық белгілерін ескере отырып, негізгі қүралдарды мына топтарға бөледі:

ғимараттар — еңбек етуге, тұруға, халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсетуге және материалдық құндылықтарды сақтауға жағдай жасау үшін арналған архитектура-құрылыс объектілері. Әрбір бөлек түрған ғимарат инвентарлық объекті болып саналады;

қүрылыстар — еңбек затын өзгертуге байланысты емес сол не-месе басқа функцияларды орындау жолымен өндіріс процесін іске асыруға арналған инженерлік-құрылыс объектілері (тепли-цалар) көкөніс өсіретін жылы жайлар), парниктер, көң сақтайтын орындар, сүрлем және пішендеме орлары мен шүңқырлары). Бар-лық құрылымдарымен бір тұтастық кұрайтын әрбір бөлек құры-лыстар инвентарлық объекті болып табылады;

өткізгіш жабдықтар — электр, жылу немесе механикалық қу-аттарды өткізуге арналған жабдықтар (электр қуатын еткізетін желілер, трансмиссиялар, еткізетін құбырлар). Электр жүйесі бо-йынша мысалы, электр станциясының бөлетін жабдықтарынан шы-ғатын немесе генераторлардың клеммінен бөлетін жабдықтарға,

қабылдайтын подстанцияларға дейінгі және подстанциялардан фидерлік және трансформаторлық үйғе дейінгі желі инвентарлық объекті болып табылады;

Машиналар мен жабдықтар. Егер қүрамына енетін бейімдеу-лерді, керек-жарақтарды, аспаптарды, қоршауларды, іргетасты қосқанда, ол басқа инвентарлық объектінің бөлігі болмаса, онда орбір машина инвентарлық объекті болып табылады. Негізгі құралдардың бұл тобы бес төменгі топтан (подгруппадан) тұрады.

1. Қүш беретін машиналар мен жабдықтар—жылу және электр қуатын өндіретін машиналар-генераторлар; әртүрлі қуат-тарды механикалық демек, қозғалысқа келтіретін машиналар-дви-гательдер (тракторлар, өздігінен жүретін шассилер, бу двигатель-дері, турбиналар, іштен жанатын двигательдер, электр двигатель-дері).

2. Жүмыс машиналары және жабдықтары — еңбек өнімдерін жасау процесінде еңбек заттарына механикалық, термикалық және химиялық ықпал жасауға арналған машиналар, аппараттар және жабдықтар (токарлық-винт кесетін станоктар, ағаш тілетін рама-лар, астық жинайтын комбайндар, соқалар).

3. Өлшейтін және реттейтін аспаптар, керек-жарақтар және ла-бораториялық жабдықтар — өндіріс процестерін өлшейтін, реттей-тін аспаптар және керек-жарақтар, сондай-ақ лабораторияларда пайдаланылатын аспаптар мен аппараттар (дозаторлар, ампер-метрлер, микроскоптар).

4. Есептейтін техника-процестерді тездететін және автоматтан-дыратын машиналар, керек-жарақтар, аспаптар (электр есептегіш, басқаратын және басқа есептегіш машиналар).

5. Басқа да машиналар мен жабдықтар — машиналар, аппа-раттар және басқа жабдықтар (телефон станцияларының, радио-тораптарының жабдықтары, өрт сөндіргіш машиналар);

Көлік құралдары — адамдар мен жүктерді кешіруге арналған жүргізу кұралдары (автомобиль көлігінің жылжымалы кұрамы, көлік арба). Өзіне қарасты барлық бейімдеулері және бұйымдары-мен қоса жеке объекті инвентарлық объекті болып табылады;

Аспап — қол еңбегінің механикаландырылған және механика-ландырылмаған қүралдары немесе металдарды, ағашты және бас-қаларын өңдеу үшін машиналарға тіркелген заттар (кесетін, соға-тын, нығыздайтын және таптайтын еңбек кұралдары). Басқа ин-пентарлық объектінің қүрамына енбейтіндер ғана инвентарлық объекті болып табылады;


4. Өндірістік инвентарь және басқа керек-жарақтар

Өндірістік инвентарь және керек-жарақтар — өндірістік опера-цияларды орындауға немесе жеңілдетуге қызмет ететін өндіріске арналған заттар — еңбекті қорғауға кемектесетін жабдык, сүйық, шашылатын және басқа материалдарды сақтау үшін салатын орын; өндірістік мақсаттарға арналған заттар. Инвентарлық объект — қандай да болмасын басқа бір инвентарлық объектінің бөл-шегі болып табылмайтын және дербес маңызьі бар зат;

Шаруашылық инвентары — кеңсеге және шаруашылыққа қа-жетті заттар (киім ілгіштер, шкафтар, кілемдер). Дербес маңызы бар әрбір зат инвентарлық объекті болып табылады;

Жұмыс малы — аттар, егіздер, түйелер және басқа жүмыс мал-дары. Әрбір мал — инвентарлық объекті;

Өнім беретін мал — ірі қара мал; айғырлар және асыл тұқым-ды биелер; бура және інген түйелер; бұғылар, маралдар — үрға-шысы және еркегі (мүйізділер); қабан шошқа және ұрғашы шош-қа; ешкілер, қойлар — қошқары және саулығы, піштірілгеи ісекте-рі. Әрбір мал инвентарлық объекті болып табылады;

Қөпжылдық отырғызылатын көшеттер — барлық жасанды көп-жылдық кешеттер, олардың қайтарылатынына қарамастан (жеміс және жидектер, жүзімдіктер, шөп плантациялары, түт ағаштары, кепжылдық гүлдер, райхан плантациясы, бұта қорамдары, егістік-ті қорғайтын көшеттер);

Негізгі қүралдарды есептеуді дұрыс үйымдастырудың маңызды және міндетті шарты — бүкіл халық шаруашылығында қабылдан-ган оларды бағалаудың бірыңғай принципі. Бүл олардың көлемін, құрылымын анықтауға, әртүрлі кәсіпорындар мен салалардьвд не-гізгі қорларын салыстыруға, оларды үдайы өндіруді жоспарлауға және басқаларға мүмкіндік береді.
Әдебиет: 5. бет 253-287, 8. бет 34.
Бақылау сұрақтары:


  1. Негізгі құралдар, оларды жіктеу, бағалау және есептеудің міндеттері не болып табылады?

  2. Женрді жалға беру шарттары қалай рәсімделеді?

  3. Бұйымдық-заттық белгілерге не жатады?

  4. Өндірістік инвентарь және басқа керек-жарақтар қалай анықталады?


3 ТАҚЫРЫП

ЖАЛҒА АЛЫНҒАН НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ЖӘНЕ ЖАЛҒА БЕРІЛГЕН НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ЕСЕБІ

Мақсаты: жалға алынған негізгі құралдардың және жалға берілген негізгі құралдардың есебін жаттау.

Жоспар:

  1. Жалға алынған негізгі құралдардың есебі

  2. Материалдық емес активтерді және олардың тозуын есептеу

  3. Негізгі құралдарды түгендеу


1. Жалға алынған негізгі құралдардың есебі

Жалға алынған негізгі құралдардың есебі «Жалға алынған негізгі құралдар» атты ООІ баланс сыртындағы счетта жалға беру-шілер материалдық жауапты адамдар және жалға берілген не-гізгі құралдардың объектілері бойынша жүргізіледі. Талдамалы есепті ұйымдастыру жалға алынған негізгі қүралдардың сақта-луын және оларды пайдаланьш, уақытылы жалға берушіге қай-таруды бақылауды қамтамасыз ету тиіс. Талдамалық есеп, есептің талаптарына сәйкес қажетті көрсеткіштері бар журналда жүргізіледі.

Жалға алынған негізгі құралдардың аяқталған күрделі жөнде-уіне жұмсалған нақтылы шығындарды жалгер жалға берушіге хабарлайды. Жалға беруші оларды негізгі қүралдардьщ талда-малық есептеу карточкаларында бейнелейді.

«Ұзақ мерзімге жалға берілген негізгі құралдардың тозуы» бо-йынша есепке алынады.

Түсуге байланысты міндеттемелер «Пайда келтірудегі жалгер-лік міндеттеме» атты 09 счетта есепке алынады. Ол ұзақ мерзімдік жалдың шарттарымен берген негізгі қүралдар үшін жалға беру-шілермен есептесулердің жағдайы жөніндегі ақпараттарды жинақтайды (жалға беруші-кәсіпорындар пайдаланады).
2. Материалдың емес активтерді және олардың тозуын есептеу

Кәсіпорындары материалдық емес активтерге қаражат салура құқылы. Материалдық емес актив деп өнеркәсіптік және ақыл-ой объектілерінің кұнын, сондай-ақ басқа да ұқсас мүліктік қүқықты айтады. Жекелеп алранда, бұл енертапқыштық, өнеркәсіптік үлгі, тауарлық белгілер құқығы «Ноу-хау»1 құқығы, ав-торлық құқық, жер учаскелерін, суды және басқа табиғи ресурс-тарды, негізгі қорларды пайдалану, есептеу техникаларын бағдар-ламалық қамтамасыз ету құқығы және басқалары.

Материалдық емес активтерді есептеу үшін «Материалдық емес активтер» атты 04 счет пайдаланылады.

Материалдық емес актив объектілерінің түрлері бойынша ал-рашқы құн мына төмендегі бағалауда қалыптасады: құрылтайшы-лардың кәсіпорынның жарғылық қорына ез үлестерінің есебіне төленген екі жақтың келісімі бойынша; басқа кәсіпорындары мен адамдардан төленіп алынған — бұл объектілерді алура және да-йын жардайра келтіруге нақтылы жұмсалран шырындарға қарай; басқа кәсіпорындары мен адамдардан тегін пайдаланура алын-ған — сараптық жолмен.

Материалдық емес активтер түскенде 04 счет дебеттейді және мына счеттар кредиттейді: 75 — жаррылық қорра үлестерді төле-генде; 88—тегін пайдаланура бергенде (сыйларанда); 3540 немесе 3310— келесі төлем тәртібімен алранда: 1010, 1030, 1060 ақша қаражат-тары счеттарынан төлегенде. Материалдық емес активтерді оларды теңестіруші тиісінше хатталран құжаттардың негізінде кіріске алады.

Материалдық емес активтердің тозуын талдамалық есептеу ма-териалдық емес активтердің түрлері және жеке объектілері бойын-ша жүргізіледі.


3. Негізгі құрлдарды түгендеу

Негізгі қүралдарды түгендеу ауыл шаруашылық кәсіпорында-рында құралдарды түгендеу бойынша нұсқауда белгіленген тәртіп-пен ең кемі жылына бір рет (малдарды шығарып тастағанда) жылдьщ бухгалтерлік есеп берулері мен баланстарын жасаудың алдында, бірақ қарашадан ерте емес уақытта жүргізіледі; өнім беретін малдар мен жұмысшы малдарды — тоқсан сайын және жылдық есеп берудің алдында —есеп беретін жылдың 31 желтоқ-санына; үйлерді, ғимараттарды және басқа қозғалмайтын негізгі құралдарды екі-үш жылда бір рет.

Қомиссия инвентарлық карточкалардың, сондай-ақ техникалық кұжаттардың (паспорттардың, жобалардьщ және басқаларының) қолда барын және олардьщ дүрыс жүргізілуін тексеруге міндетті.

Түгендеу кезінде табылған негізгі кұралдардың жетіспеуін 6210 счеттың дебеті және 2410 счеттьщ кредиті бойынша бейнелейді; же-тіспейтін объектілер бойынша есептелген тозу 6210 счеттьщ кредиті-нен 2420 счеттың дебетіне, шаруашылыққа келтірілген зиян — 6210счет-тың кредитінен 2940 счеттың дебетіне есептен шығарылады. Осы счеттан кінәлі адамдарға жатқызылған жетіспеулердің сомасын 1210 счеттың дебетіне субсчет 3 есептен шығарады. Егер жетіспеу-дің немесе бүлінудің кінәлілері анықталмаса, немесе оларды өнді-ріп алудан сот бас тартса және нақтылы кінәлілер болмаса шыгындардын сомасын 2940 счеттың кредитінен 80 счеттың дебетіне жа-зады.

Түгендеудің қорытындылары түгендеу аяқталран айдары есеп-тер мен есеп берулерде бейнеленуі тиіс. Есепке алынбаран негізгі құралдарра жаңа инвентарлық карточкалар есептелінеді; баланс-тан есептен шырарылран жетіспейтін негізгі құралдар бойынша карточкалар картотеканың «Архив» бөліміне орналастырылады. Түгендеу тізімдерінін мәліметтері негізгі құралдарды түгендеу қорытындыларьшың салыстырмалы ведомостіне түсіріледі (Ф. № Инв. 8). Және де тек есеп мәліметтері мен айырмашылығы позицияларына жазылады.

Түгендеу комиссиясының протоколы (хаттама)—маңызды құ-жат. Онда артықтар мен жетіспеулердің себептері мен кінәлілері туралы; сондай-ақ кінәлілерге және алдары уақытта қолайсыз ІІәтижелерді болдырмау үшін қолданылура тиісті шаралар жөнін-де түгел мәліметтер келтіріледі. Шаруашылықтьщ жылдық есеп беруіне осы есеп берілетін ЖЫЛРЗ түгендеу қорытындыларының ведомості қоса тіркеледі.

Негізгі құралдарды түгендеуден басқа, суармалы жерлерді тү-гсндеудің де маңызы бар. Онда барлық жерлер суландыру жүйе-./Ісрімен қоса, сондай-ақ жайылып суарылган жерлер де тексері-леді. Суармалы жерлерді түгендеу және суландыру жүйелерін паспорттау біржолгы шаралар болып табылады. Бұл шараларда суармалы жерлер мен жайылып суарылатын жерлердщ нақтылы қолда бары жөніндегі сенімді мәліметтер және бұл мәліметтердің жер-есептеу құжаттарына енгізілуі келтіріледі; су жүйелерінің сипаттамасын анықтау; коллекторлық-дренаждық жүйелерін (су жолдарын) құруды немесе қайта құруды, суарылатын жерлерді қайта құру, күрделі тегістеуді жүргізуді және сумен қамтамасыз етудің дәрежесін көтеруді талап ететін жер көлемін дәлдеп анык-тау және басқалары көрсетіледі.
Әдебиет: 4 270-277 бет.
Бақылау сұрақтары:


  1. Жалға алынған негізгі құралдардың есебін қалай жүргізеді?

  2. Материалдық емес активтерді және олардың тозуын есептеу қандай жолмен жасайды?

  3. Негізгі құралдарды түгендеу неге байланысты болады?

  4. Түгендеу комиссиясының протоколы дегеніміз не?


4. ТАҚЫРЫП

КАПИТАЛ САЛЫМДАРЫ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛАР

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ КӘСІПОРЫННЫҢ МҮЛІГІН

МІНДЕТТІ САҚТАНДЫРУ ЕСЕБІ

Мақсаты: капитал салымдары мен инвестициялар жөнінде оқу.

Жоспар:

  1. Инвестиция термині

  2. Инвестиция терминімен байланысты көрсеткіштер

3. Әлеуметтік сақтандыру

4. Ауыл шаруашылық кәсіпорындарындағы сақтандыр уесебі



1. Инвестиция термині

Ивестиция – барлық мүлік түрлері (жеке қолдануға арналған тауардан басқа), және келісім жасалған лизингке алынған зат, белгіленген капиталға заңғы тұлғаның инвестициялық салымы немесе көрсетілген активтердің ұлғаюы.

Капиталдық салымдары – негізгі капиталды іске қосу үшін бағытталған инвестиция (жаңа рекунструкциялар жасау, ұлғаю және негізгі фондтардың техникалық жабдықталуы).

Пайданың келешекте бағасы – салынған капиталдан келешектен алынатын пайда.

Дисконтирліктің коэфициенті – берілген инвестициялауды қолданбастан табуға болатын сатылы пайда.

Капиталды салымдардың қайтарылуы – соманың пайда мен алғашқы салым арасында тепе-теңдік пайда болғанға дейінгі жылдар саны.

Ауытқу коэффициенті – дисконтирлік коэфициенті, ол өнеркәсіпте жасалаиын операцияның қауіптілігіне тең болуы мүмкін.

Бұл қауіптілік акционерлік капиталдың пайда сатысын анықтау коэффициентін анықтағандай анықтауға болады.


Каталог: files -> book
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
book -> Макс Лукадо сенің Қолыңнан келеді
book -> Игілігіміз үшін болатын азаптар Құдай неге қиындыққа жол береді?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет