4тапсырма: Теледидарлық бағдарламалардың бірінің жүргізушісі журналистік тергеу жүргізу барысында қару-жарақтармен заңсыз сауда жасайтын ұйым басшыларының ізіне түскен. Бұл факт теледидардан жарияланғаннан кейін үш күн өткенде журналист С. өз үстелінде өзіне және жақындарына қарсы қорқыту жазылған қағаз көреді. Біраздан соң бейтаныс адамдар оны өз машинасына қамап, металл трубалармен машинаны ұрғылап, оны жарамсыз күйге келтірген.
Қол сұғу объектісі мен затын анықтаңыз.
Қылмыстың объектісі мен затының өзара қандай айырмашылықтары бар?
Қол сұғу объектісі болып журналист С-тың заңды кәсіби қызметiне кедергi жасау
және машинасы (мүлкі) болып табылады. Ал қылмыстың заты болып журналист С-қа және жақындарына қарсы қорқыту мақсатында жазылған қағаз және машинаны ұрған металл трубалары болып табылады.
Қылмыстың объектісі болып қылмыстық құқық нормаларымен қол сұғылған үшін жауапкершілік көрсетілген қоғамдық қатынастар. Ал қылмыстың заты - қолсұғушылық объектісінің элементі, яғни соған әсер ету арқылы қылмыскер қоғамдық қатынастарды бұзады немесе бұзуға тырысады.
Достарыңызбен бөлісу: |