Есептеу желілері


Есептеуіш техниканың қысқаша тарихы



бет2/3
Дата06.06.2024
өлшемі20,44 Kb.
#203201
түріПрограмма
1   2   3
Байланысты:
3реферат

Есептеуіш техниканың қысқаша тарихы
Ерте кезден бастап-ақ адам баласы есептеулерді оңайлату үшін өзіне көмекші әр түрлі құрылғылар құрастырған. Біздің арамызға дейінгі V ғасырдың өзінде-ақ гректер мен мысырлықтар абақты –орыс есеп шотына құралған пайдаланған. XVII ғ. 40-жылдарында адамзат тарихында ең ірі құралдардың бірі – мамематик, физик, философ және дін зерттеушісі Блез Паскаль сандарды қосатын механикалық құрылғыны ойлап тауып, жасап шығарды.
Сандарды қосып қана қоймай, оларды көбейте алатын механикалық құрылғыны XVII ғ. Аяғында екінші бір ұлы математик және филосрф Готфрид Вильгельм Лейбниц ойлап шығарды. Лейбництің еңбектерінде сөздермен және басқа ұғымдармен амалдар орындай алатын механикалық құрылғы туралы да сөз болған.
Есептеулерге арналған құрылғылармен қатар берілген программа
бойынша автоматты түрде жұмыс істейтін механиздермен де (музыкалық автоматтар, шарманкалар, дабыл қағатын сағаттар және т.с.с) дамыды. Мысалы шарманкаға әрқалай орналасқан ьаяқшалары бар дискілер орнатылған – таяқшалардың орналасуына байланысты қандай да бір әуен орындалатын Жаккардтың тоқу станогында матаға түсетін өрнек жіңішке картон карталардағы (перфокарталардағы) тесіктердің басқаша. Өрнекті ауыстыру үшін перфокартадағы тесіктерді басқаша тесіп шығу жеткілікті болатын.
Есептеуіш техника саласындағы маңызды прогресс Чарльз Беббидждің (XIX ғ. ортасы ) есімімен байланысты. Лейбництің механикалық арифметикалық машинасы идеясын программамен басқару идеясымен біріктіре отырып, Беббидждің өзі «аналитикалық» деп атаған машинаның жобасын жасап шығарды. Бұл жоба іске асырылған жоқ, алйда өзінің мүмкіндіктері бойынша Беббидждің алғашқы ЭЕМ-нен кем түспейтін: онда 50 ондық таңбадан тұратын 1000 санды сақтайтын зерде жасалған арифметикалық амалдар Жаккардтық перфокарталарға жазылған программаға сәйкес орындалатын. Программада арифметикалық амалдарды бір тобын автоматты түрде қайталу, сонымен қатар амалдар тобын қайсы бір шарт сақталғанда ғана орындалуы мүмкін болатын. Беббидж машинасы байланысты программа ашу мамандығы пайда болды. Дүние жүзінің алғашқы программалаушысы ақын Дж. Байронның қызы Ада Лавлейс болды. Ада Лавлейс жазған программалар қайсы бір сандық фукциялардың мәндерін есептеуге арналды.
ХХ ғ. 30-жылдары аяғында американдықтар Дж. Атанасов (шыққан тегі болгар) пен К. Берри ЭЕМ жасап шығарды, онда электронды зерде және қосу мен азайтуға арналған электронды құрылғы, оларға қоса біраз механикалық бөліктер болды. Бұл машина әлде де болса әмбепап емес еді, алайда оның пайдалану салалары механикалық арифмометрмен салыстырғанда әлдеқайда кең болды. 1942 ж Атаносов – Берри ЭЕМ-інің жетілдірілген моделі жасалды, ол ең алдымен сызықтық теңдеулер жүйесін (30-ға дейін белгісізі бар 30 теңдеуден тұратын) шешуге арналды.
40 – жылдардың аяғына дейін бұлардың қуаттырақ және жетілдірілген біраз басқаша машиналар жасалды. 1946 ж. 3 американдық ғалымның Дж. Фон Нейман, г. Голдстайн, А Бернстың – ғалымы мақаласында әмбепап ЭЕМ құрастырудың негізгі принциптері баяндалған, онда өңделетін мәліметтерді сақтауға және есептеу программасын сақтауға ортақ бір ғана зерде пайдаланылатын. Осы принциптер іске асырылған алғашқы машина – EDSAC ЭЕМ – 1946 ж. Англияда Кембридж (онда бір кездері Беббидж оқыған) университетінде М. В. Уилкстің басқаруымен жасалды.
Біздің еліміздегі есептеуіш техниканың негізін қалаушы Сергей Алексеевич болды. Оның басқаруымен алғашқы отандық ЭЕМ-дер жасалды: 1951 ж. Киевте – МЭСМ (Малая Электронная счетная Машина) және 1952 ж. Москвада – БЭСМ (Быстродействующая Электронная Счетная Машина). БЭСМ-мен бір уақытта дерлік М – 2 және «Стреле» ЭЕМ-дері жасалды.
50-жылдардың ортасынан бастап есептеуіш техниканың күрт дамуы басталды. Қазір дүние жүзінде 50 миллионнан астам дербес компьютерлер, ондаған миллион басқа құралдарға іштей орналастырылған, ойынға арналған, үй тұрмысындағы компьютерлер жұмыс істейді. Қоғамның даму деңгейі энергияны меңгеру шамасымен анықтала бастады: жұмыс істейтін бір адамға келетін ЭЕМ саны мен оның жұмыс өнімділігі, дүние жүзілік байланыс желілеріне қосылу мүмкіндігі және т.б.
Компьютер тек сан түрінде ғана берілетін информацияны ғана өңдей алады. Басқа да барлық информациялар – дыбыс, кескін, аспаптардың көрсетулері және т.б компьютерлік өңдеуден өтуі үшін алдымен сан түріне енуі керек.
Компьютерде аналогты түрде мәтіндік информация да өңдеуден өтеді. Компьютерге енгізілетін әрбір әріп белгілі бір санмен қолданылатын болса адамның қажетіне қарай сыртқы құрылғыға (экран немесе басу) шығаруда осы сандар бойынша тиісті әріп кескіндері түзіледі. Әріптер мен сандар жиындарының арасындағы сәйкестікті символдардың кодтау (кодировка) деп атайды.
Компьютердегі барлық сан нөл және бірліктің көмегімен көрсетіледі (адамдардың әдетіне айналып кеткен ондық цифрлар емес). Басқаша айтқанда, компьютер әдетте санаудың екі жақты жүйесінде жұмыс істейді, өйткені бұл арада оның құрылғысы әлдеқайда қарапайым болады. Санды комьпютерге енгізу, оны адамның оқуы үшін шығару бастапқы ондық формада жүзеге асады – барлық қажетті түрлендірулер (преобразования) компьютерде жұмыс істейтін программаларды орындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет