Есептеу жүйелері мен желілерін ұйымдастыру



бет5/9
Дата02.03.2022
өлшемі190,5 Kb.
#134010
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Силабус

Пәнді оқудың мақсаты:
Есептеу жүйесі – енгізілген ақпаратты тапсырманы шешу барысында берілген алгоритм бойынша өңдеуге арналған техникалық жабдықтар кешені. Ал компьютерлік желі — барлық құрылғылардың бір бірімен өзара әрекеттесуіне мүмкіндік беретін байланыс желілері арқылы қосылған компьютерлердің және басып шығарғыштар мен мәтіналғылар сияқты басқа құрылғылардың тобы.
Пәнді оқудағы міндеттер:
Осы пәнді оқу нәтижесінде студенттер: Түсінік алуы керек: - қазіргі кездегі дискретті құрылғылар мен жүйелерді құрудың негізгі принциптері туралы; - дискретті құрылғылардың элементтері мен түйіндерін логикалық жобалау негіздері туралы; Білуі керек: - есептеу машиналарының, жүйелерінің, ЭЕМ кешендері мен желілерінің функционалды және құрылымды ұйымдастыру принциптерін, ЭЕМ-ң арифметикалық, логикалық және схематехникалық негіздерін; - ішкі және сыртқы есте сақтау құрылғыларын ұйымдастырудың принциптерін; - ақпаратты енгізу және шығару құрылғыларының жұмыс істеу және олардың орталық құрылғылармен өзара қарым-қатынас жасауын ұйымдастыру принциптерін; - есептеу жүйелері мен желілерінің жобалау негіздерін. Істей алуы керек: - компьютерлерде және жүйелерде ақпаратты енгізу-шығаруды ұйымдастыруды; - компьютердердің, есептеу жүйелері мен кешендерінің жады жүйесін ұйымдастыруды; - басқару жүйесін ақпараттық қамтамасыз ету үшін оңтайлы желілік технологияны таңдауды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет