Пәннің пререквизиттері: Бұл пәнді оқу үшін келесі пәндерді игеру қажет: «Алгебра және геометрия», «Информатика», «Математикалық талдау»
Постреквизиттер: «Есептеу жүйелерін және желілерін ұйымдастыру» пәнін оқу кезінде алынған білім «Компьютерлік желілер», «Интернет-технологиялар», «Ақпараттық қауіпсіздік негіздері» пәндерін игеру кезінде қолданылады.
6. Курстың қысқаша сипаттамасы«Есептеу жүйелерін және желілерін ұйымдастыру» пәні базалық пәндердің циклына жатады. «Есептеу жүйелерін және желілерін ұйымдастыру» пәні компьютерлердің, мәліметтерді өңдеуге арналған компьютерлік жүйелерін, есептеу кешендері мен желілерін құрудың негізгі принциптерін, логикалық жобалануын, құрамын, кешенденуін және жұмыс жасауын оқытады. Қазіргі заманғы ЭЕМ-дердің тарихы өткен ғасырдың 40-жылдары электрондық лампалар мен релелерден құралған ең алғашқы автоматтық есептеу машинасы жасалған кезден басталды. Сол кезден бері ЭЕМ-дердің төрт буыны дүниеге келді. Олар бірі-бірінен элементтік базасы, программалық құралдарының бірыңғайлылығы дәрежесімен, пайдаланушылардың ЭЕМ-мен қатынас жасауының ыңғайлылығымен т. б. ерекшеленеді. Мұның ішінде әсіресе ЭЕМ-нің элементтік базасы, олардың әр түрлі буындарын дәл сипаттайды.