Есептеуіш техника кабинетінде техника қауіпсіздік және тәртіп ережелері. Алгоритм және оның қасиеттарі



бет1/6
Дата28.01.2018
өлшемі1,18 Mb.
#34222
  1   2   3   4   5   6
Сабақтың тақырыбы: Есептеуіш техника кабинетінде техника                                        қауіпсіздік және тәртіп ережелері. Алгоритм және оның қасиеттарі.
Сабақтың мақсаты:

Білімділік Алгоритм ұғымымен таныстыру, оның қасиеттерін пайдалану жолдарын және атқарушы командалар жүйелерін пайдаланып жұмыс істеуге баулу.

Дамытушылық – Оқушылардың іскерлігін, ойлау қабілетін, ізденімпаздық дағдысын қалыптастыра отырып дамыту

Тәрбиелік – Оқушыларды шапшаң ойлауға, өздігінен талпынып жауапкершілікті сезінетін өнегелі тұлғаны тәрбиелеу.

  1. оқушыларды кабинетте сақталатын қауіпсіздік техникасының ережелерін қайталау


Сабақтың түрі: Білімді меңгерту

Сабақтың әдісі: Баяндау , сұрақ жауап

Сабақтың барысы

Ұйымдастырылу кезеңі

  1. оқушылармен сәлемдесу




  1. келмеген оқушыларды белгілеу




  1. сабаққа дайындығын, құралдарын тексеру

Техника қауіпсіздік ережесін қайталау
Есептеуіш техника кабинетінде өте күрделі, аса қымбат аппараттар компьбтерлер және басқа құрылғылар орналасқан.

Сондықтан тиым салынатын әрекеттер:



  • Рұқсатсыз кабинетке кіруге;

  • Аппаратураны рұқсатсыз қосып өшіруге

  • Жалғаушы кабельдерді ұстауға

  • Экранға тиісуге

  • Қол сулы кезде ұстауға

  • Аппаратураны орнынан қозғалтуға болмайды


Жұмыс басталардағы талаптар:


  1. жұмыс орныңда зақымданған нәрсе жоқ па соны тексер

  2. экранға нақ орта тұсына келетіндей болып отыр

  3. мұғалім айтқанын мұқият тыңда

  4. жұмысты мұғалім рұқсатымен баста


Жұмысты аяқтауға талаптар:


  1. жұмыс аяқталған соң компьютерді өшіріп, жұмыс орнын реттеп қою

  2. мұғалімнің рұқсатымен кабинеттен шығу


Электр тогымен зақымданғандарға алғашқы медициналық көмек көрсету

Электр тогымен зақымдану шамалы ғана ауырғаннан бастап ІІІ, ІV дәрежелі күйік жағдайына дейін жетуі мүмкін.

Электр тогымен зақымданғанда ең бірінші қосқышты өшіру керек. Содан кейін зақымданған адамды өте үлкен ұқыптылықпен сымнан ажыратып алу керек, көмектесушіге зақым келтірмей ( көмекші қолына резеңке қолғап киіп немесе құрғақ шүберекпен, құрғақ тақтай үстінде тұрып көмектесуіне болады..

Тоқ ұрған кезде ең бірінші адамның тыныс алуына, жүрек қан тамырының қызметіне көңіл бөлу керек. Дем алу, жүрек соғу тоқтаған кезде, тез арада жүрекке массаж жасау, аузына дем беру керек.

Жүрек қызметі әлсіреген кезде таза ауа мен нашатыр спиртін иіскету . Жедел жәрдем шақыру.

Жаңа сабақты түсіндіру
Егер сіз берілген есепті шешу үшін қандай да бір программалау тілінде программа жазғыңыз келсе, онда алдымен есепті шешудің алгоритмін құруыңыз керек.

Алгоритм деп берілген есепті шешудегі жасалатын әрекеттерді дәл және қарапайым етіп жазуды айтамыз.

Алгоритм ұғымының мәнін аша түсетін оның мынадай қасиеттері бар:


    1. Алгоритм дискретті информацияларменжасалатын әрекеттерді тағайындайды және өрнектейді

    2. Алгоритм біздің қалауымызға қарай өзгертуге болмайтын нақты нұсқау. Алгоритмде не істеу керектігі алдын ала айқын беріледі. Алгортмнің осы қасиетін анықталғандық қасиеті дейміз.

    3. Бір алгоритмнің өзін бірнеше есептің шешімін табу үшін пайдалану мүмкіндігі Алгоритмнің мұндай қасиетін көпшілікке бірдейлік, басқаша айтқанда жалпылық қасиеті дейміз.

    4. Әрбір алгоритм белгілі бір бастапқы деректердің болуын талап етеді және іздеген нәтижені алуға жеткізеді. Осылайша, алгоритмнің әрекеттердің белгілі бір санының орындалуынан кейін қажетті нәтиже алу мүмкіндігі алгоритмнің нәтижелілігі деп аталады.

Алгоритм белгілі бір реттілікпен бірінен соң бірі орындалатын бірнеше қадамдардан тұрады. Алгоритмнің әрбір қадамы бір немесе бірнеше қарапайым операцияларды қамтиды.

Мысалы: Компьютерді өшіру алгоритмін құрайық



    1. Барлық ашық тұрған қосымша терезелерін жабу

    2. «Бастау» (пуск) батырмасын шерту.

    3. Басты менюден «Выключить компьютер» пунктін таңдау.

    4. Диалог терезесінде «Выключить компьютер» пунктін таңдау.

    5. «Да» батырмасын шерту.

Мектептік алгоритмдік тілде алгоритмді құру және оларды жазып көрсетуде атқарушыларды басқаратын командалардан тұратын алгоритмдерді оқып үйренуден бастайды.

Атқарушы – бұл нақты әрекеттерді орындай алатын құрылғы немесе адамның өзі. Атқарушының орындай алатын командалар тізбегін оның командалар жүйесі деп атайды. Әрбір атқарушының өзінің жұмыс істейтін арнайы ортасы және командалар жүйесі болады.

Атқарушылардың командаларды орындаудағы жұмысын адам немесе компьютер басқарады.

Тапсырмалар.



Сүт қайнату алгоритмін құрыңыз.

  1. Ыдысқа сүт құю

  2. Ыдысты плитаға қою

  3. Сіріңкені жағу

  4. Сіріңкені от жанатын жерге тосу

  5. Газ кранын ашу

  6. Сүт қайнағанша күту

  7. Газды өшіру


Сабақты қорытындылау:

  1. Алгоритм дегеніміз не?

  2. Алгоритмнің қандай қасиеттері бар?

  3. Атқарушы командалар жүйелерін кімдер атқарады?


Үйге тапсырма: Алгоритм Атқарушы командалар жүйелері   
                   

2 – сабақ сыныбы____ күні _______ Пән мұғалімі ________________
Сабақтың тақырыбы: Алгоритм жазу жолдары                                  

Блок-схема

Сабақтың мақсаты:

Білімділік – Алгоритмдерді негізгі блоктар түрінде көрсету және оның түрлерімен таныстыру Блоктарды пайдалану жолдарын көрсету

Дамытушылық – Оқушылардың ой - өрісін, өздігінен білім алып, ізденімпаздық жүйелілеу қасиеттерін, алгоритм түрлерін пайдаланып жұмыс істей алу дағдыларын дамыту

ТәрбиелікОқушыларды тез ойлауға, ойын жүйелей білуге, ізденуге, нақтылыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Білімді меңгерту

Сабақтың әдісі: Баяндау , сұрақ жауап

Сабақтың барысы

Ұйымдастырылу кезеңі

  1. оқушылармен сәлемдесу




  1. келмеген оқушыларды белгілеу




  1. сабаққа дайындығын, құралдарын тексеру


Үйге берілген тапсырманы сұрау


    1. Алгоритм дегеніміз не?




    1. Алгоритм ұғымы қайдан пайда болған?




    1. Алгоритмнің қандай қасиеттері бар?




    1. Атқарушыларды басқару командасы дегеніміз не?


Жаңа сабақты түсіндіру
Алгоритм көрсетімінің ең көрнекі әдісі болып блок схемалар түріндегі графикалық көрсетім саналады. Алгоритм бұл жерде блоктар бірізділігі түрінде бейнеленеді.

Негізгі блоктар мен олардың кескіндерін қарастырайық:

Алгоритмнің үш түрі бар:

1 Сызықтық

2 Тармақталушы

3 Қайталанушы (циклдік)




Сызықтық алгоритм
Егер алгоритмнің N қадамы болса және олардың

барлығы басынан аяғына дейін бірінен соң бірі

тізбектеле орындалатын болса, онда алгоритмді

сызықтық алгортим дейміз.

Т

армақталушы алгоритм.

Егер алгортим қадамдарының тізбектеле

орындалуы қандайда бір шартқа тәуелді

өзгеретін болса, онда алгоритмді тармақ

талушы алгоритм дейміз.Алгоритм орын

далғанда «ия» немесе « жоқ» мәндердің

бірін қабылдай алатын логикалық өрнекті

шарт деп атаймыз
Қайталанушы алгоритм (циклдік).
Егер берілген шамаға тәуелді алгоритмнің

белгілі бір тізбектелген қадамдары бірнеше

рет орындалатын болса, онда алгоритмді

қайталанушы ( циклдік) алгоритм дейміз



Сабақты қорытындылау:

  1. Блок – схемалар не үшін қолданылады?

  2. Алгоритмнің неше түрі бар?

  3. Сызықтық алгоритм дегеніміз не?

  4. Тармақталушы алгоритм дегеніміз не?

  5. Қайталанушы алгоритм дегеніміз не?



Үйге тапсырма: Алгоритм түрлері                                      

Графикалық бейнелеулер



3сабақ сыныбы____ күні _______ Пән мұғалімі ________________

Сабақтың тақырыбы: Алгоритм                                     

Атқарушы командалар жүйелері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік – Алгоритмдерді алгоритм тілінде көрсету және оның түрлерімен таныстыру , пайдалану жолдарын көрсету

Дамытушылық – Оқушылардың ой - өрісін, өздігінен білім алып, ізденімпаздық жүйелілеу қасиеттерін, алгоритм түрлерін пайдаланып жұмыс істей алу дағдыларын дамыту

Тәрбиелік – Оқушыларды тез ойлауға, ойын жүйелей білуге, ізденуге, нақтылыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Білімді меңгерту

Сабақтың әдісі: Баяндау , сұрақ жауап

Сабақтың барысы

Ұйымдастырылу кезеңі

  1. оқушылармен сәлемдесу




  1. келмеген оқушыларды белгілеу




  1. сабаққа дайындығын, құралдарын тексеру


Үйге берілген тапсырманы сұрау


    1. Алгоритм дегеніміз не?




    1. Алгоритм ұғымы қайдан пайда болған?




    1. Алгоритмнің қандай қасиеттері бар?




    1. Атқарушыларды басқару командасы дегеніміз не?

    2. Алгоритмнің графикалық көрсетімі?


Жаңа сабақты түсіндіру
Алгоритмдік тілде өрнектелген әрбір алгоритмнің мазмұндық сипатын ашатын атауы, яғни тақырыбы болады. Тақырыпты арнайы бөліп көрсету үшін оның алдына алг (алгоритм) түйінді сөзі жазылады. Алгоритмнің тақырыбынан кейін, жаңа жолдан оның командалары жазылады. Ал, алгоритм командаларының басталуы мен аяқталуын көрсету үшін басы және соңы түйінді сөздері пайдаланылады.Командалар осы екі түйінді сөздің арасына жазылады.

Алгоритмнің бірінен кейін бірі орындалатын, белгілі бір нәтежие беретін бірнеше командасының тізбегін серия деп атайды.Серия кейде тек бір командадан, ал көбінесе бірнеше командадан құрылуы мүмкін. Бір команда бір жолға сыймаса, онда оны екінші жолға жалғастырып жазуға болады. Керісінше бір жолға бірнеше командаларды жазуға да болады.Бірнеше команда бір жолға жазылса, әрбір командадан кейін нүктелі үтір (;) қойылады.

Алгоритмнің тақырыбынан кейінгі бөлігі алгоритм тұлғасы деп аталады, ол басы және соңы түйінді сөздерімен шектеліп тұрады.

Сонымен алгоритмнің алгоритмдік тілде көрсетілімі:



алг алгоритмнің атауы (типтері көрсетілген шамалардың атаулары)

арг аргументтер тізімі

нәт нәтежиелер тізімі

басы

алгоритм командалары (серия)



соңы

2.Тармақталған алгоритм. Күнделікті өмірде жиі кездесетін алгоритмдердің бір түріне есептегі белгілі бір шарттың орындалуына не орындалмауына байланысты командалар тізбегінің бірнеше тармақтарға бөлінетін тобы жатады.Алгоритмдерді атқару үшін алдымен тармақталу командасының шарты тексеріледі. Шарт орындалған жағдайда онда және әйтпесе түйінді сөздерінің арасындағы 1-серия командалары орындалады. Ал шарт орындалмаған жағдайда әйтпесе және бітті түйінді сөздерінің арасындағы 2-серия командалары орындалады.

Тармақталған алгоритмнің алгоритмдік тілде көрсетілімі:

Толық түрі



егер шарт

онда 1- серия



әйтпесе 2- серия

бітті

Толымсыз түрі



егер шарт

онда серия



бітті

3.Циклдік алгоритм. Көптеген алгоритмдерде белгілі бір әрекеттер тізбегі бірнеше рет қайталанып орындалып отырады. Математикада есеп шығару кезінде бір теңдеуді пайдаланып, ондағы айнымалы мәнінің өзгеруіне байланысты оны бірнеше рет қайталап есептеуге тура келеді. Осындай есептеу процесі бөліктерінің қайталап орындалуын цикл деп атайды, ал қайталанатын бөлігі бар алгоритмдер тобы циклдік алгоритмдерге жатады.

Қайталану командасын алгоритмдік тілде жазу үшін әзірше (әзір), цикл басы (цб) және цикл соңы (цс) түйінді сөздері қолданылады: әзірше сөзінен кейін қойылатын шарт, ал цикл басы (цб) және цикл соңы (цс) түйінді сөздерінің арасына қайталанатын командалар жазылады.

Циклдік алгоритмнің алгоритмдік тілде көрсетілімі:



әзір шарт
цб

серия


цс


Сабақты бекіту:1.Табаны В, биіктігі Н үшбұрыштың ауданын есептейтін алгоритм және блок – схема құрыңдар.



алг үшбұрыштың ауданы

бер В,Н


нәт S

басы


соңы
2. ах2+вх+с =0 квадрат теңдеуін шешу алгоритмін және блок схемасын құрыңдар.




алг квадрат теңдеу

бер а,в,х

нәт х1,х2

басы


егер D >= 0

онда

х1 = (-b+D)/(2a)



x2 = (-b- D)/(2a)

әйтпесе « шешімі жоқ»

бітті

соңы


3. Екі оң бүтін сан а және в (а ≥в) берілсін. Бөлу амалын қолданбай

         а  – ны в – ға бөлгендегі қалатын қалдықты табу.


алг цикл

бер а,в


нәт а

басы


егер а ≥в

онда


а = а – в

бітті


шығару а

соңы




  1. Трапецияның ауданын табатын

алгоритм және блок схема

құрыңдар
Сабақты қорытындылау:



  1. Алгоритмдердің сипатталу үлгісі?

  2. Алгоритмнің неше түрі бар?

  3. Сызықтық алгоритм дегеніміз не?

  4. Тармақталушы алгоритм дегеніміз не, алгоритмдік тілде жазылуы?

  5. Қайталанушы алгоритм дегеніміз не, алгоритмдік тілде жазылуы?



Үйге тапсырма: Алгоритм командалары                                      

Алгоритм құрылымы                                     


4сабақ сыныбы____ күні _______ Пән мұғалімі ________________

Сабақтың тақырыбы: Программалау тілдері.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет