Деңгейлерді орнату: Құралды деңгей бойынша орнатқан кезде құралдың вертикаль осьтері толығымен тік болады. Құралды деңгей бойынша орнату үшін цилиндрлік деңгейді қолдану керек.
1. Төменгі негіздегі клеммаларды босату.
2. Алидаданы цилиндрлік деңгей деңгей бұрандаларының кез келген жұбына (В және С) параллель болғанша бұрау.
3. Көпіршікті деңгейдің центріне жылжыту үшін В және С деңгейлі бұрандаларды қолдану.
4. Алидаданы шамамен 90°бұрау.
5. Деңгей бұрандасын пайдалану. А көпіршікті деңгейдің центрге жылжыту үшін керек.
6. Көпіршікті екі позицияға центрлеу үшін 1-ден 5- ке дейінгі қадамдарды қайталау қажет.
7. Алидаданы 180°бұрау.
8. Егер цилиндрлік деңгейдегі көпіршік центрде қалса, онда құрал деңгейге қойылады. Егер көпіршік центрден кетіп қалса, цилиндрлік деңгейді реттеу керек.
Цилиндрлік деңгейді тексеру және реттеу: Көпіршікті цилиндрлік деңгейдегі осьтер құрал осьтеріне вертикаль бұрышта болуы керек.
1. Құралды штативке орнату.
2. Деңгейлерді орнату.
3. Алидаданы 180°бұрау.
4. Көпіршіктің колбаның центрде екенін тексеру.
5. Егер көпіршік колбаның ортасында болмаса, цилиндрлік деңгейді ретту керек:
a. реттеу үшін алтыбұрышты пайдаланып, көпіршік ортасынан артқа қарай жарты қашықтыққа ауысқанша цилиндрлік деңгейдегі реттеу бұрандасын бұрау.
b. A бұрандасын қолданыңыз, көпіршікті колбаның ортасына жылжыту қажет.
6. Процедураны 4 - қадамнан қайталау керек.
9-сурет. Цилиндрлік деңгейді түзету Дөңгелек деңгейді тексеру және түзету Цилиндрлік деңгейді тексеріп, реттеген кезде дөңгелек деңгейді реттеу қажет.
Егер көпіршік деңгейдің центрінде болмаса, алтыбұрышты пайдаланып, көпіршік центрінде болғанша үш реттеу бұрандасын бұрау керек.
10-сурет. Дөңгелек деңгейді түзету Көпіршік деңгейін көрсету (электрондық деңгей) 1. Экрандағы көпіршік деңгейін көрсету үшін БЫСТР мәзірінде [3] деңгейін басу.
2.Көлбеу компенсатордың параметрлерін өзгерту үшін [<] немесе [>] түймесін басу.
3. БЫСТР мәзіріне оралу үшін экранда [ESC] басу.