Патогенездің негізі – бактериялардың ішектің эпителий клеткаларына кіруі және токсиндердің шығарылуы, энтеротоксикалық холера сияқты ауру беретін эшерихиоздың қоздырғышы. Ішек эпителиіне кірмейді. Бактериялар ащы ішектің ішінде түскеннен кейін эпителий клеткаларына жабысады, одан кейін паталогиялық процесстің дамуы экзотоксиндердің әсеріне байланысты. Термолабильді токсиннің диарея шақыруы холерадағы цАМФ тің белсенуімен бірдей.Термостобильді токсиннің диареясы цГМФ тің белсенуіне байланысты. Энтеротоксиннің екі түрін бірдей шығаратын штаммалар цАМФ ты және цГМФ ты ны да белсендіреді.