Дизентерия сияқты эшерихиоз (ЭИКП)дың жасырын кезеңі 1-3 күн. Ауру жедел басталады , улану симптомдары шамалы. Дене ыстығы тез 37,5 – 38 градус кейде 39 градусқа көтеріледі, қалтыраумен жүреді. Науқастарда бас ауру, әлсіздік ,бас айналумен байқалады. Іші толғақ тәрізді ауырып, бірнеше сағат өткен соң іші жиі өтіп, сұйықтанып жалқық жоғалтып, тек жалқаяқпен қан араласып кетеді, тенезмдер болуы мүмкін. Құсу өте сирек, тілі ақ немесе сұр өңезбен жабылған. Іші сипағанда жұмсақ, кепкен, тоқ ішекті басқанда жиырылған, ауырады. Кіндік айналасындағы ащы ішектің ауру және шұрылы байқалады. Ректороманоскопияда катаральді проктосигмоидит көрінеді, ауру қалыпты жағдайда жеңіл өтіп, 5-7 күн ішінде науқастар сауығады. Орта ағымы түрі сирек, ал ауыр түрі ауырғандардың 5 - 7 % кездеседі.